"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 404 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары";

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және адамдарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. ЖОО магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

      Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.

      Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

      Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Докторантурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 10 – 30 шілде аралығында жүргізіледі.

      Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.";

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының магистратурасына, резидентурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.

      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.";

      10-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО мен ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды тапсырады:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген адамдар қабылданады.";

      12-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).";

      13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:

      1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);

      2) мамандық бойынша тапсырады.

      14. Мынадай емтихандар бойынша:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

      неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

      15. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да және ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.";

      21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.

      22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

      Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

      Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.";

      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау";

      28, 29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

      29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша мынадай ең жоғары балл жинаған адамдар қабылданады:

      1) ғылыми-педагогикалық магистратураға, докторантураға – кемінде 150 балл;

      2) бейінді магистратураға және резидентураға – кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілінен – кемінде 30 балл.

      Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.

      30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.";

      32, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.

      Бұл ретте, ең алдымен тиісті мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу мамандықтар тобының ішінде жүзеге асырылады. Уәкілетті органның бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.

      33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.".

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 14 шілдедегі
№ 404 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 109 қаулысымен бекітілген
  Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
қосымша

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шәкілі бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанғысыз (2)*

0-29


      *бейінді магистратурада және резидентурада "қанағаттанғысыз" бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады