"Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 122 Қаулысы

      "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 19, 250-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереже "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік құпиялар) бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес (коммерциялық) ұйымдарына (бұдан әрі - орындаушы ұйым) немесе азаматтарына беру тәртібін белгілейді.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тапсырыс беруші ұйым - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарға тапсырыс берушілер болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым;
      2) орындаушы ұйым - орындау үшін өте құпия және құпия материалдар (бұйымдар), мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер тасушылар (қағаз және электрондық) талап етілетін, тапсырыс беруші ұйымның белгілі бір тапсырысын орындайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес (коммерциялық) ұйымдар.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бірлескен құпия жұмыстар деп мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, тапсырыс беруші ұйым мен орындаушы ұйымның арасында жүргізілетін жұмыс түсініледі.
      Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымдарына немесе азаматтарына беруді осы жұмыстарға тапсырыс беруші ұйым иелігінде "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес тиісті мәліметтер бар мемлекеттік органның рұқсатымен және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана жүзеге асырады.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу шартында жұмыстарды жүргізу үдерісінде де және олар аяқталғаннан кейін де мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тараптардың құқықтары мен міндеттемелері, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру мерзімі, сондай-ақ өзіне берілген құпия құжаттарды уақытша пайдаланғаны үшін орындаушы ұйымның ақысының мөлшері, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды (қызмет көрсетуді) қаржыландыру шарттары көзделуі тиіс";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Орындаушы ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі функциялар:
      1) шетелдің қатысуынсыз жұмыс істейтін орындаушы ұйымның, сондай-ақ жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесіне;
      2) орындаушы ұйымда құрылатын тапсырыс беруші ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесінің филиалына немесе тапсырыс беруші ұйымда олардың негізгі жұмыс орны бойынша және орындаушы ұйымда жұмыс орны бойынша тапсырыс беруші ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті бөлімшесіне;
      3) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын шетелдің қатысуынсыз жұмыс істейтін және қызметі мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесі жоқ ұйымдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты (лицензиясы) бар орындаушы ұйыммен бір қала (елді мекен) шегінде нақты орналасқан басқа ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесіне жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда орындаушы ұйым орындаушы ұйыммен бір қала (елді мекен) шегінде нақты орналасқан осы ұйыммен оның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшесінің қызметтерін пайдалану туралы шарт жасасады, бұл туралы екі уағдаласушы тараптың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге берілген рұқсатта тиісті белгі жасалады. Шарт жасасқандығы туралы ұйым жазбаша нысанда фельдъегерлік және арнайы байланыстың жергілікті органдарын хабардар етеді.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Орындаушы ұйымда мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және бақылау жөніндегі функцияларды тапсырыс беруші ұйым өзіне алады, оны мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қажетті нормативтік құқықтық актілермен жабдықтайды.
      Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу шартын жасасу кезінде тапсырыс беруші ұйым аса маңызды, өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсат беруге ресімдеуге жататын қызметкерлер лауазымдарының номенклатурасына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16 қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың 1-нысаны) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі басшы, жауапты қызметкер, сондай-ақ қажет болғанда орындаушы ұйымның өзге де қызметкерлер лауазымдарын қамтитын "Бірлескен құпия жұмыстарға тартылатын ұйымдар" бөлімін (немесе 1-нысанға тиісті қосымша) енгізеді.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Бірлескен құпия жұмыстарды орындау барысында орындаушы ұйым немесе азамат мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде өзіне алған міндеттемелерді бұзған кезде тапсырыс беруші ұйым тапсырысты орындауды бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтата тұрады, ал бұзушылықтар қайталанған кезде - тапсырыстың және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жүргізуге арналған рұқсаттың (азаматтың рұқсаты) күші жойылады және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады. Бұл ретте мемлекеттің атынан тапсырыс беруші ұйымға орындаушы ұйым келтірген материалдық залал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріліп алынуға тиіс".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады