Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 124 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнінде делдалдық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 280-құжат).
2. «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу үшін шетел азаматтарын әкелуді реттеудің жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қарашадағы № 1709 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 563-құжат).
3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат).
4. «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 сәуірдегі № 318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 15, 152-құжат).
5. «Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 20, 242-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 612 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 315-құжат).
7. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 613 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 316-құжат).
8. «Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 316 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 137-құжат).
9. «Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 179-құжат).
10. «Қазақстан Республикасының шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 209-құжат).
11. «Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 615 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 291-құжат).
12. «Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 626 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 295-құжат).
13. «Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 502-құжат).
14. «Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1217 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 557-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 84-құжат).
16. «Арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 336 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 127-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 308-құжат).