Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1217 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
      2) Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. "Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің шынайылығын растау жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 202 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 9, 112-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1217 қаулысымен     
бекітілген        

Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің
электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін
куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын
растау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметтің лицензиясы бас лицензия болып табылады.

      3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 Қаулысымен.

2. Лицензияны беру және оны беруден бас тарту тәртібі

      4. Лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) белгіленген нысандағы өтініш;
      2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      5) өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар;
      ақпараттық жүйелермен және автоматтандыру құралдарының кешендерімен жұмыс тәжірибесі бар, білікті инженер-техникалық персоналдың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, сертификаттар және куәландырушы орталықтың қызметіне сәйкес келетін бейіннің біліктілігін беру туралы өзге де түрдегі куәліктер);
      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының сәйкестік сертификаттарының көшірмесі;
      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын сатуға (оның ішінде өзге де беруге) арналған лицензиялардың көшірмесі;
      куәландырушы орталықтың бағдарламалық-аппараттық құралдарын орналастыруға және пайдалануға арналған техникалық үй-жайлардың болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсаттың көшірмесі немесе құпия жұмыстарды орындауға жасасқан шарттардың көшірмесі.

      5. Лицензиар лицензия беру туралы өтініш тиісті құжаттарымен ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны береді.
      Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензияны беруге не лицензияны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.

      6. Лицензияға ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол болмағанда, оны алмастыратын адам қол қояды.

      7. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке төленетін лицензиялық алымның ставкалары, есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      8. Өтініш берушіге, егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынса;
      2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе, лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса, лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

      9. Егер лицензия Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтату тұру, тоқтату, одан айыру

      10. Лицензияның қолданылуын тоқтату тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      11. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия ерікті түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тізбесінен қызмет алып тасталса тоқтатылады.
      Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      12. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1217 қаулысымен
бекітілген   

Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық
цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру
жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау
жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      тиісті кәсіби деңгейге жауап беретін және біліктілікке сәйкес кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар білікті инженер-техникалық персоналдың;
      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (оның ішінде өзге де беруді) сатуға арналған лицензиясының;
      куәландырушы орталықтың бағдарламалық-аппараттық құралдарын орналастыру және пайдалану үшін техникалық үй-жайлардың;
      куәландырушы орталықтың аппараттық-бағдарламалық кешені үшін ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарының;
      қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асыру үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық кешенінің;
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қамтитын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсаттың немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бірлескен құпия жұмыстарды орындауға жасасқан шарттың болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады