Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын мынадай: дипломаттық, қызметтік, Іскерлік, оқу, жеке сапар және туристік санаттардағы көпмәртелі визаларды өзара беру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлы Қазыхановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын мынадай: дипломаттық, қызметтік, іскерлік, оқу, жеке сапар және туристік санаттардағы көпмәртелі визаларды өзара беру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге кол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 150 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының Елшілігіне өзінің ілтипатын білдіреді және 2009 жылғы 24 тамыздағы № 0676/09 нотаға жауап ретінде төмендегіні хабарлауды өзіне мәртебе санайды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан өзара сыйластық қағидатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар) арасындағы жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын мынадай: дипломаттық, қызметтік, іскерлік, оқу, жеке сапар және туристік санаттардағы көпмәртелі визаларды өзара беру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім жасауды ұсынады.
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болу мерзімі болу мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсынысына келісім берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы нотаны және Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік Департаментінің жауап нотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын мынадай: дипломаттық, қызметтік, іскерлік, оқу, жеке сапар және туристік санаттардағы көпмәртелі визаларды өзара беру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім (бұдан әрі - Келісім) деп есептеуді ұсынады.
Америка Құрама
Штаттарының Елшілігі
Астана қаласы
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану жөніндегі кез келген келіспеушіліктер немесе даулар Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар бойынша алынған күнінен бастап 30 (отыз) күн өткеннен кейін күшіне енеді және Тараптардың бірінің оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарламасын екінші Тарап алған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін өзінің қолданысын тоқтатады деген түсінікті негізге алады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Америка Құрама Штаттарының Елшілігіне өзінің зор ілтипатын тағы да растайды.
Астана қаласы, 2012 жылғы «____» _______________________.