Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы консулдық алымдардың ставкаларын бір ізге түсіру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 151 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы консулдық алымдардың ставкаларын бір ізге түсіру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлы Қазыханов қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы консулдық алымдардың ставкаларын бір ізге түсіру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 151 қаулысымен   
мақұлданған      

       Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне өзінің ілтипатын білдіреді және 2011 жылғы 3 ақпандағы № 0121/11 нотаға жауап ретінде төмендегіні хабарлауды өзіне мәртебе санайды.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан өзара сыйластық қағидатын назарға ала отырып, осы нотаның 3-абзацында аталып өткендерден басқа, барлық санаттар мен мәртеліктердегі визалар үшін 140 АҚШ доллары мөлшеріндегі консулдық алымдардың бірыңғай ставкасын белгілеуді ұсынады.
      «Миссионерлік» және «жұмысқа арналған» санаттарындағы визалар үшін консулдық алым 150 АҚШ долларын құрайды. Тараптардың мемлекеттері өз заңнамаларына сәйкес белгіленген санаттардағы визаларды консулдық алымсыз бере алады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсынысына Америка Құрама Штаттарының Үкіметі келісім берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы нотаны және Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік Департаментінің жауап нотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бірлесіп Тараптар деп аталатындар) арасындағы консулдық алымдардың ставкаларын бір ізге түсіру туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім (бұдан әрі - Келісім) деп есептеуді ұсынады.
      Осы Келісімге өзара келісім бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

         Америка Құрама
      Штаттарының Елшілігі
         Астана қаласы

       Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану жөніндегі кез келген келіспеушіліктер немесе даулар Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен 30 (отыз) күн өткеннен кейін күшіне енеді және Тараптардың бірінің оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламасын екінші Тарап алған күнінен бастап 6 (алты) ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады деген түсінікті негізге алады.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Америка Құрама Штаттарының Елшілігіне өзінің зор ілтипатын тағы да растайды.

      Астана қаласы, 2012 жылғы «___».______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады