Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлық Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі
Қазақстан Республикасының өкілі
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетов Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев