Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 185 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 185 қаулысымен 
бекітілген   

Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану, оның ішінде, электрондық астық қолхаттары жүйесінде астықты тіркеу, есепке алу, электрондық астық қолхаттарының айналымы және өтелуі тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) электрондық астық қолхатын ұстаушы – астық қабылдау кәсіпорнына астықты сақтауға орналастырған астық иесi;
      2) астық қабылдау кәсiпорны – меншiк құқығында астық сақтау жүзеге асырылатын астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға;
      3) индоссамент – астық қолхаты бойынша құқықтар мен міндеттемелердің басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын табыстама жазба;
      4) индоссант – астық қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беретін тұлға;
      5) индоссат – астық қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтар мен міндеттемелерді қабылдайтын тұлға;
      6) кредитор – қағаз және электрондық астық қолхаттарын кепiл етiп кредит беретiн екiншi деңгейдегi банк, микроқаржы ұйымы, заңды тұлға;
      7) астықтың сандық-сапалық есебі кітабы – әрбір меншік иесінің есепшотын жүргізетін, ал меншік иелері бойынша әрбір дақылдың класын, өнім жиналған жылын, тұқымдар бойынша – дақыл түрін, сортын, реподукциясын, санаты мен класын есепке алатын журнал;
      8) тіркеуші – электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімінің әкімшісімен жасалған шартқа сәйкес электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімінде жазбаларды тіркеуді жүргізетін, электрондық астық қолхаттарын ұстаушылардан (олар уәкілеттік берген тұлғалардан) сұранымдарды қабылдайтын және оларға электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімінен үзінділер беретін астық қабылдау кәсіпорыны;
      9) уәкілетті орган – өз құзыретi шегiнде астық нарығы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізуді, оған қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      10) электрондық астық қолхаты – астық иесінен астықтың сақтауға қабылданған құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрінде) растау үшін астық қабылдау кәсіпорыны тіркейтін құжатсыз эмиссиялы емес бағалы қағаз;
      11) электрондық астық қолхаттары жүйесі – астық қабылдау кәсіпорындарында жүргізілетін электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімдері негізінде қалыптастырылатын ақпараттық жүйе;
      12) электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – белгілі бір уақытта электрондық астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, электрондық астық қолхаттарымен жасалған мәмілелерді тіркеуді, олар бойынша құқықтардың айналымына немесе жүзеге асырылуына шектеулердің сипатын тіркеуді қамтамасыз ететін электрондық астық қолхаттары мен олардың иелері туралы мәліметтердің жиынтығы;
      13) электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімінің әкімшісі – электрондық астық қолхаттары жүйесінің жұмыс істеуін, оған техникалық, технологиялық қызмет көрсетуді, ресми жазбалардың сақталуы мен құпиялылығын, электрондық астық қолхаттары жүйесіне рұқсатсыз қол жеткізуден және оны бұзудан қорғауды, тіркеушілерді техникалық оқытуды қамтамасыз ететін, электрондық астық қолхаттары жүйесінде жұмыс істеу бойынша тиісті консультациялық қызметтер көрсететін және электрондық астық қолхаттары жүйесінің бірыңғай компьютерлік базасының құрылымына толық тікелей қолжетімділігі бар заңды тұлға;
      14) электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімінен үзінді – бағалы қағазға жатпайтын, қатаң есептіліктегі арнайы бланкілерде астық қабылдау кәсіпорындары беретін және электрондық астық қолхаттары бойынша тіркелген тұлғаның өтініш беру сәтіндегі құқығын растайтын құжат;
      15) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдармен жасалған және электрондық құжаттың сенімділігін, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық бейнелердің жиынтығы;
      16) электрондық таразы – жүктің қолданыстағы массасын анықтауға арналған, өлшенетін өнім туралы алынған ақпаратты бағдарламалық өңдеу механизмдері арқылы өз дисплейінде, сондай-ақ электрондық астық қолхаттары жүйесінде көрсететін құрылғы;
      17) тензометриялық датчик (бұдан әрі – тензодатчик) – бұл электрондық таразылар мен салмақ өлшеу жүйелерінде пайдаланылатын негізгі өлшеуші элемент.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
      3. Астық өндіруге, сақтауға, қайта өңдеуге, өткізуге және тасымалдауға қатысатын барлық заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ шағын кредит беру ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер және сақтандыру ұйымдары электрондық астық қолхаттары жүйесінің қатысушылары болып табылады.

2. Қатысушыны электрондық астық қолхаттары
жүйесінде тіркеу тәртібі

      4. Электрондық астық қолхаттары жүйесінде (бұдан әрі – ЭАҚЖ) жұмыс істеу үшін www.e-grain.kz. интернет-ресурсына кіру арқылы тіркелу және Ұлттық куәландыру орталығынан алынған электронды сандық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭСҚ) қол қойылған тіркеу нысанын толтыру қажет.
      5. Жүйеде тіркеу келесі кезеңдерді қамтиды:
      1) www.pki.gоv.kz интернет-ресурсына кіру арқылы Ұлттық куәландыру орталығына ЭСҚ алуға өтінім беру үшін қажетті бағдарламлық қамтамсыз етуді орнату;
      2) ЭСҚ алу және ЭАҚЖ-нің интернет ресурсына тіркелу.
      6. Электрондық астық қолхатын ұстаушы осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген тәртіппен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Тізілімнен үзінді ала алады.

3. Астық қабылдау кәсіпорнына қабылданған астықты тіркеу
және есепке алу тәртібі

      7. Электрондық астық қолхаттарын жасауды нақты құжаттаманың негізінде электрондық астық қолхатының деректерін уақтылы және дұрыс енгізу жауапкершілігі жүктелген, астық қабылдау кәсіпорнының басшысы айқындаған астық қабылдау кәсіпорнының лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
      8. Астық қабылдау кәсіпорнына астық партиясы келіп түскен кезде өндірістік-технологиялық зертхананың (бұдан әрі – ӨТЗ) маманы астықты талдау нәтижелерін кейінен осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зертханалық талдаулар нәтижелерін тіркейтін электрондық журналға енгізе отырып, астықтың сынамасын алуды және сапалық сипаттамасын айқындауды жүзеге асырады.
      9. Астық қабылдау кәсіпорнына астық түскенге дейін астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен астықты сақтау жөніндегі қызмет көрсету нысаны бойынша шарт жасалады.
      10. Таразы алаңында барлық тауарлы-көліктік жүкқұжаттар таразышыға беріледі, ол тауарлы-көліктік жүкқұжаттардағы деректерді осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автомобильді және вагонды таразыларда жүктерді өлшеуді тіркейтін электрондық журналға енгізеді.
      11. Электрондық астық қолхатын жасау сапасы бойынша біркелкі барлық астық партиясына жүргізіледі. Тапсырылған астықтың барлық көлеміне жасалатын электрондық астық қолхаттарының санын өтінімі бойынша астық иесі айқындайды, бұл ретте астық партияларының мөлшері мен оларды қалыптастыру мерзімін астық иесі белгілейді, бірақ 5 күнтізбелік күннен аспайды.
      12. Электрондық астық қолхаттарын жасау астықтың сандық-сапалық есебі кітабындағы астық иесінің дербес шотында бар мөлшерден асып кетпейтін астық мөлшеріне жүргізіледі.
      13. Астықтың салмағын тіркеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
      1) механикалық таразылар бар болған кезде – таразышының өлшеу нәтижелерін ЭАҚЖ-ге енгізуі арқылы;
      2) салмақты анықтау үшін тензодатчикпен жабдықталған электронды тарзылар бар болған кезде – автоматты түрде таразышының «өлшеу» деген тетікті басуы арқылы. Бұл ретте таразышының салмақты түзету мүмкіндігіне жол берілмейді.
      Өлшеу жүйесі істен шыққан жағдайда көлік құралынан электронды таразы ажыратылуы тиіс, ал салмақ туралы деректер жойылуы тиіс.
      Бұл ретте өзгерістерді тек электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тізілімінің әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) енгізе алады. Өлшеу жүйесінің істен шығуы ретке келтірілгеннен кейін қайтадан өлшеу жүргізіледі.

4. ЭАҚЖ-да электрондық астық қолхатын жасау тәртібі

      14. Астық қабылдау кәсіпорнының лауазымды тұлғасы ЭАҚЖ-да электрондық астық қолхатын толтырады.
      Астық қабылдау кәсіпорнының лауазымды тұлғасы астықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін көрсете отырып электрондық астық қолхатын толтырғаннан кейін астық қабылдау кәсіпорнының басшысы электрондық астық қолхатына жеке ЭЦҚ-мен қол қояды. Электрондық астық қолхаты тіркеу үшін Тізілімге жіберіледі, ол жерде оған автоматты түрде бірегей нөмір беріледі.
      15. ЭАҚЖ-да электрондық астық қолхатын жасағаннан кейін астық иесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелген мәліметтерді көрсете отырып Тізілімнен үзінді алуға құқылы.
      Бұл ретте астық иесінің тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық астық қолхатының тіркелгені туралы хабарлама жіберіледі.

5. Электрондық астық қолхатына меншік
құқығын беру тәртібі

      16. Электрондық астық қолхатын ұстаушы индоссаментті жүргізу үшін интернет-желісіне қосылған компьютерде өзінің ЭЦҚ, логині және құпия сөзінің көмегімен ЭАҚЖ-ға индоссат туралы мәліметтерді енгізеді. Индоссат www.e-grain.kz интернет-ресурсында тіркеу нысанын толтыру арқылы ЭАҚЖ-да тіркелуі тиіс.
      17. Индоссант және индоссат тіркеу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайына индоссамент туралы хабарлама алады.
      18. Индоссамент рәсімін жүргізуді аяқтау үшін тараптар жүйеге құпия кодты енгізуі қажет, ол одан әрі индоссаментті жүргізу үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЭАҚЖ-да автоматты түрде қалыптастырылады және ұялы телефоға жіберіледі. ЭАҚЖ-ға енгізілген жеке деректерінің сенімділігіне индоссант жауапты болады.
      19. «Индоссамент» операциясын ЭАҚЖ-да индоссант және индоссат толтырады.
      20. Индоссант электрондық астық қолхатын сатуға арналған өтінішін оның тіркеу нөмірін көрсете отырып жеке ЭЦҚ-мен растайды. Аталған өтінішті индоссант растағаннан кейін тіркеу үшін Тізілімге жіберіледі.
      21. Индоссат электрондық астық қолхатын сатып алуға арналған өтінішті оның тіркеу нөмірін көрсете отырып жеке ЭЦҚ-мен растайды. Аталған өтінішті индоссат растағаннан кейін тіркеу үшін Тізілімге жіберіледі.
      22. ЭАҚЖ-ға екі өтініш келіп түскеннен кейін (индоссанттан және индоссаттан) электрондық астық қолхатының нөмірлері сәйкес келген жағдайда автоматты түрде «индоссамент» операциясы қалыптастырылады.
      Көрсетілген электрондық астық қолхаттарының нөмірлері сәйкес келмеген жағдайда «индоссамент» операциясы жүргізілмейді. Бұл ретте ЭАҚЖ мәмілеге қатысушыларды аталған операцияны жүргізуден бас тартудың себебі туралы олардың электронды мекенжайларына электронды хабарламаны автоматты түрде жіберу арқылы хабардар етеді.
      23. Индоссамент жасалғаннан кейін индоссат электрондық және қағаз астық қолхаты бойынша меншік құқығын және міндеттемені сатып алады.

6. Электрондық астық қолхатын кепілдікке ұсыну тәртібі

      24. Электрондық және қағаз жүзіндегі астық қолхатын ұстаушы өзіне тиесілі астықты кепілге қою арқылы кредит алу үшін кредиторға жүгінеді.
      ЭАҚЖ-да тіркелген кредитор мынадай ақпараттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық астық қолхатына қол жеткізуге рұқсат беру өтінішімен Әкімшіге жүгінеді:
      1) электрондық астық қолхатының нөмірлері;
      2) астық қолхаты бланкісінің сериялары;
      3) астық қолхаты бланкісінің нөмірлері;
      4) электрондық астық қолхатына қол жетімділік ашық болатын күндер.
      25. Әкімші электрондық астық қолхатына қол жеткізуге рұқсат беру туралы кредитордан келіп түскен өтінішті қарайды және аталған рұқсатты кредиторды ЭАҚЖ-да тіркеу шартымен ғана береді.
      26. Кредитор кредит шартын жасасқан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Әкімшіні мынадай деректерді көрсете отырып, осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы электрондық астық қолхатын өз пайдасына кепілдікке қою қажеттігі туралы хабардар етеді:
      1) электрондық астық қолхатының нөмірлері;
      2) астық қолхаты бланкісінің сериялары;
      3) астық қолхаты бланкісінің нөмірлері;
      4) кредитордың атауы.
      27. Әкімші кредитордан электрондық астық қолхатын кредитордың пайдасына кепілдікке қоюдың қажеттігі туралы тиісті өтінішті алғанннан кейін үш жұмыс күні ішінде кепілге қояды және электрондық астық қолхатының ауыртпалығының бар болуы туралы ЭАҚЖ арқылы кредиторды, астық қолхаттарын ұстаушыны және осы электрондық астық қолхаты тіркелген астық қабылдау кәсіпорнын хабардар етеді және кредиторға тиісті қарау құқықтарымен кепілге қойылған электрондық астық қолхатына қол жеткізуге рұқсат береді.
      28. Электрондық астық қолхатын ұстаушы кредитордың алдындағы міндеттемелерін өтеген жағдайда кредитор үш жұмыс күні ішінде Әкімшіні электрондық астық қолхатынан ауыртпалықты алып тастаудың қажеттілігі туралы мынадай деректемелерді көрсете отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық астық қолхатын кепілдіктен алу туралы өтініш беру арқылы хабардар етеді:
      1) электрондық астық қолхатының нөмірлері;
      2) астық қолхаты бланкісінің сериялары;
      3) астық қолхаты бланкісінің нөмірлері;
      4) негіздеме.
      29. Әкімші кредитордан ауырпалықты алып тастау қажеттілігі туралы тиісті өтінішті алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде электрондық астық қолхатын кепілден алады және ЭАҚЖ арқылы электрондық астық қолхатында ауыртпалықтың жоқтығы туралы кредиторға, электрондық астық қолхатын ұстаушыны және астық қабылдау кәсіпорнын хабардар етеді және кепілге қойылған электрондық астық қолхатына қол жеткізуге рұқсатты алып қояды.
      30. Кредитордың кепіл шартында келсілген талаптары мерзімінде қанағаттандырылмаған жағдайда кредитор Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасында көзделген негіздерде электрондық астық қолхатына меншік құқығын ауыстыру туралы өтінішпен Әкімшіге жүгінуге құқылы.
      31. Әкімші сот шешімі бойынша кредиторға электрондық астық қолхаты бойынша құқықты беру рәсімін жүзеге асырады.
      Бұл ретте ЭАҚЖ-да автоматты түрде электрондық астық қолхатын ұстаушыға ауыстыру жүргізілгені туралы астық қабылдау кәсіпорнына арналған хабарлама қалыптастырылады.

7. Электрондық астық қолхатын өтеу тәртібі

      32. Электрондық астық қолхатын өтеу электрондық астық қолхатын ұстаушының электрондық астық қолхатын өтеу ниетімен өтініш беруі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте астық қабылдау кәсіпорны Тізілімдегі мәліметтерге сәйкес электрондық астық қолхатын ұстаушыны сәйкестендіреді.
      33. Астық қабылдау кәсіпорнының лауазымды тұлғасы астықты тиеп жөнелтуге берілген шешімді ЭАҚЖ-ға енгізеді. Көрсетілген электрондық астық қолхаты астықты тиеп жөнелтуге шешім қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде таразышының жұмыс орнында қол жетімді болады.
      34. Таразышы астықты тиеп жөнелту туралы қабылданған шешімнің негізінде ЭАҚЖ-да тіркелген ыдыстың салмағын анықтау мақсатында механикалық немесе электрондық таразының көмегімен көлік құралын өлшеуді жүргізеді.
      35. Егер көлік құралының салмағын анықтау үшін механикалы вагондық немесе автомобильдік таразы пайдаланылса, онда көлік құралының массасы туралы мәліметтерді таразышы «Көліктің салмағы» деген жолға қолмен енгізеді. Өлшеу аяқталғаннан кейін «Көліктің салмағы» деген жол автоматты түрде блокталады. Бұдан әрі көлік құралы жүк тиеуге барады және «Брутто» салмағын анықтау үшін таразыға қайтып келеді. Бұл жолды да таразышы қолмен толтырады. Жүйеде «Нетто» салмағын есептеу. «Брутто» және «Көліктің салмағы» жолдарының арасындағы айырмашылық ретінде автоматты түрде жүргізіледі.
      36. Электронды вагондық немесе автомобильдік таразылар пайдаланылған кезде «Көліктің салмағы» деген жол автоматты түрде толтырылады. Салмақ өлшеніп болғаннан кейін «Көліктің салмағы» деген жол автоматты түрде блокталады. Бұдан әрі көлік құралы жүк тиеуге барады және «Брутто» салмағын анықтау үшін таразыға қайтып келеді. Бұл жолды да таразышы қолмен толтырады. Жүйеде «Нетто» салмағын есептеу. «Брутто» және «Көліктің салмағы» жолдарының арасындағы айырмашылық ретінде автоматты түрде жүргізіледі.
      37. Электрондық астық қолхаттарында көрсетілген астық толығымен тиеп жөнелтілгеннен кейін, таразышы оны «Өтелді» деген мәртебе беру арқылы өтейді және оған жеке ЭЦҚ-мен қол қояды.
      38. Егер астықтың бір бөлігі тиеп жөнелтілген жағдайда электрондық астық қолхатында көрсетілген астық көлемінен жіберілген астық көлемі автоматты түрде алынып тасталады. Таразышы астықтың бір бөлігі тиеп жөнелтілгенін растайды, бұл ретте барлық жүргізілген өзгерістер автоматты түрде ЭАҚЖ-да тіркеледі және ЭЦҚ-мен расталады. Астықтың бір бөлігі тиеп жөнелтілген кезде электрондық астық қолхатының мәртебесі өзгермейді.

8. Астық қабылдау кәсіпорнынан дәнді дақылдар мен жарамсыз
қалдықтарды шығаруды тіркеу тәртібі

      39. Астық қабылдау кәсіпорнынан дәнді және жарамсыз қалдықтарды шығаруды ұйымдастыру кезінде ӨТЗ маманы мынадай ақпаратты қамтитын астықты зертханалық талдау нәтижелерін ЭАҚЖ-ға енгізеді:
      1) жанама өнімдер:
      құрамында 70%-дан 85%-ға дейін дән бар астық қоспасы;
      құрамында 50%-дан 70%-ға дейін дән бар астық қоспасы;
      2) дәнді қалдықтар:
      құрамында 30%-дан 50%-ға дейін дән бар бірінші санатты қалдықтар;
      құрамында 10%-дан 30%-ға дейін дән бар бірінші санатты қалдықтар;
      құрамында 2%-дан 10%-ға дейін дән бар екінші санатты қалдықтар;
      3) жарамсыз қалдықтар:
      құрамында 2%-ға дейін астық бар үшінші санатты қалдықтар.
      ЭАҚЖ-да астық қабылдау кәсіпорындарының қызметкерлері осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты тазалау және кептіру актісін және осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жарамсыз қалдықтарды жою актісін толтырады, оған ЭЦҚ-мен материалдық жауапты тұлға, ӨТЗ меңгерушісі қол қояды және астық қабылдау кәсіпорнының басшысы бекітеді. Астықты тазалау және кептіру актісі ЭАҚЖ-да таразышының жұмыс орнынан қолжетімді болады.
      40. Таразышы қол қойылған астықты кептіру және тазалау актісінің негізінде ЭАҚЖ-да тіркейтін ыдыс салмағын анықтау мақсатында мехникалық немесе электрондық таразылар көмегімен көлік құралын өлшеуді жүргізеді.
      41. Егер көлік құралының салмағын анықтау үшін механикалы вагондық немесе автомобильдік таразы пайдаланылса, онда көлік құралының салмағы туралы мәліметтерді таразышы «Көліктің салмағы» деген жолға қолмен енгізіледі. Өлшеу аяқталғаннан кейін «Көліктің салмағы» деген жол автоматты түрде блокталады. Бұдан әрі көлік құралы жүк тиеуге барады және «Брутто» салмағын анықтау үшін таразыға қайтып келеді. Бұл жолды да таразшы қолмен толтырады. Жүйеде «Нетто» салмағын есептеу. «Брутто» және «Көліктің салмағы» жолдарының арасындағы айырмашылық ретінде автоматты түрде жүргізіледі.
      42. Электронды вагондық немесе автомобильдік таразылар пайдаланылған кезде «Көліктің салмағы» деген жол автоматты түрде толтырылады. Салмақ өлшеніп болғаннан кейін «Көліктің салмағы» деген жол автоматты түрде блокталады. Бұдан әрі көлік құралы жүк тиеуге барады және «Брутто» салмағын анықтау үшін таразыға қайтып келеді. Бұл жолды да таразшы қолмен толтырады. Жүйеде «Нетто» салмағын есептеу. «Брутто» және «Көліктің салмағы» жолдарының арасындағы айырмашылық ретінде автоматты түрде жүргізіледі.
      43. Таза салмағы ЭАҚЖ-да тіркелгеннен кейін дәнді және жарамсыз қалдықтарды астық қабылдау кәсіпорнынан шығаруға болады.

9. Тізілімге өзгерістер енгізу

      44. ЭАҚЖ-ға өзгерістер енгізуді жаңа астық қолхатын берген жағдайда Әкімші жүзеге асырады;
      45. ЭАҚЖ-ға өзгерістер енгізу үшін электрондық астық қолхатын ұстаушы мынадай мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен тіркеушіге жүгінеді:
      1) заңды тұлғанның немесе жеке тұлғаның атауы;
      2) электрондық астық қолхатының нөмірі;
      3) астық қолхаты бланкісінің нөмірі;
      4) астық қолхат бланкісінің сериясы;
      5) өзгерістер енгізудің негіздемесі;
      6) өтініш берген күн.
      46. Тіркеуші өтініштегі деректердің дұрыс толтырылғанын тексереді және үш жұмыс күні ішінде Әкімшіге ЭАҚЖ-ға өзгерістер енгізу үшін өтінішті жібереді. Әкімші осы сұранымның негізінде ЭАҚЖ-ға қажетті өзгерістер енгізеді. Бұл ретте ЭАҚЖ-да автоматты түрде тіркеуші мен электрондық астық қолхатын ұстаушыға енгізілген өзгерістер туралы хабарлама қалыптастырылады, ол тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайларға түседі.
      47. Тіркеушінің кінәсінен берілген қағаз түріндегі астық қолхаттарында қателер табылған жағдайда тіркеуші қате табылған сәттен бастап Әкімшіге астық қабылдау кәсіпорынның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен қолы қойылған сұраным жібереді. Әкімші осы сұранымның негізінде үш жұмыс күн ішінде ЭАҚЖ-ға қажетті өзгерістерді енгізеді. Бұл ретте, ЭАҚЖ-мен автоматты түрде тіркеуші мен электрондық астық қолхатын ұстаушыға енгізілген өзгерістер туралы хабарлама қалыптастырылады, ол тіркелу кезінде көрсетілген электронды мекенжайларға түседі.

10. ЭАҚЖ қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      48. Қауіпсіздікті көп деңгейде қамтамасыз ету аппараттық-техникалық деңгейде де, пайдаланылатын қосымша деңгейінде де қабылданатын мынадай шаралардан тұрады:
      1) ЭАҚЖ пайдаланушыларын сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі негізінде және ЭЦҚ көмегімен жүзеге асырылады;
      2) ЭАҚЖ-дағы операцияларға қолжетімділік ЭАҚЖ-да жазбаларды құру, көру, түзету, жою операцияларына рұқсат берудің конфигурациаланған жүйелері негізінде жүргізіледі. ЭАҚЖ-ны пайдаланушылар тобы үшін де, жеке пайдалану үшінде баптауға болады. Бұл ретте ЭАҚЖ-ның барлық пайдаланушылары жеке ЭЦҚ-ны пайдаланғаны және сақтағаны үшін жауапкершілікте болады;
      3) жіберілетін деректерді қорғау оларды шифрлеу және қауіпсіз байланыс желілерімен жіберу арқылы ұйымдастырылады;
      4) деректерді қорғау көп деңгейлі қауіпсіздік жүйелерін құру арқылы қамтамасыз етіледі, ол мыналарды:
      деректерді ұдайы сақтаудың архитектурасын іске асыруды;
      негізгі және резервте серверлік алаңдарды ұйымдастыру арқылы серверлердің жұмыс істемей қалуын болдырмауды;
      қажетті техникалық инфрақұрылымның болуын (ауа жылытқыш, желдеткіш, ауаны баптау, үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету) қамтиды.

Электрондық астық қолхаттары 
жүйесін пайдалану қағидаларына
1-қосымша        

Электрондық астық қолхаттарының
мемлекеттік тізілімінен үзінді
№___ "___" ________ 20__ жыл

Астық қабылдау кәсіпорындары туралы ақпарат

1.

Астық қабылдау кәсіпорнының атауы


2.

Астық қабылдау кәсіпорнының мекен-жайы

Мемлекет


3.

Облыс


4.

Аудан


5.

Қала


6.

Көше


7.

Үй нөмері


8.

Кеңсе/пәтер


9.

Код


10.

Элеватор сыйымдылығы (тонна)


Ұстаушы:

11.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі


12.

Атауы/Т.А.Ә.


13.


14.

Мекенжайы

Мемлекет


15.

Облыс


16.

Аудан


17.

Қала


18.

Көше


19.

Үй нөмері


20

Кеңсе/пәтер


Астықтың сапа көрсеткіштері:

21.

Дақыл түрі


22.

Сыныбы


23.

Өнім жылы


24.

Сорт


25.

Репродукция


26.

Себу стандартының сыныбы


27.

Ылғалдығы


28.

Қоспалар (%)

Арамшөпті


29.

Дәнді


30.

Ақуыз

(%)


31.

(шартты бірлік)


32.

Залалданғаны


33.

Иісі


34.

Түсі


35.

Түрі


36.

Шынылығы


37.

Табиғаты (грамм.)


38.

Қауыздығы


39.

Ақуыздың салмақтық үлесі (%)


40.

Басқада көрсеткіштер


Сандық көрсеткіштер

41.

Есептелген (табиғи) салмақ, сандармен


42.

Есептелген (табиғи) салмақ, жазбаша


Қазіргі жағдайы

43.

Күйі


44.

Астық қалдығы


45.

Кепілдендірілген/сақтандырылған


46.

Кепілдендіру қоры/сақтандыру компаниясының атауы


47.

Астық қолхаты бланкісінің сериясы


48.

Астық қолхаты бланкісінің нөмірі


Тіркеуші ___________________________________________________________
                              Т.А.Ә., қолы

ӨТЛ маманы __________________________________________________________
                              Т.А.Ә., қолы

Таразышы ____________________________________________________________
                              Т.А.Ә., қолы

Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
2-қосымша      

Зертхана талдауларының нәтижелерiн
тiркеу журналы

___________________________________
Астық қабылдау кәсiпорны

Күнi

Талдау карточкасының № (орташа тәулiктiк сынама)

Астық иесi

Дақыл

Партия массасы, кг

Сорты

Түрi, түр-түрi

Сыныбы

Ылғалдығы, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенің жалғасы

Заттай күйі, г/л

Арамшөпті қоспасы, %

Барлығы

оның iшiнде

минералды





залалды

барлығы

оның iшiнде

10

11

12

13

14

15

16

кестенің жалғасы

Дәнді (майлы) қоспасы, %

Ақуыз

Жылтырлығы,%

Барлығы

оның iшiнде

Саны,%

Сапасы

өнгендерi





Ақуыз кемістігі индексінің шартты бiрлiгi

топ

17

18

19

20

21

22

23

24

кестенің жалғасы

Түсi

Иiсi






Орналастыру орны (қойма, сүрлем №)

Ерекше белгiлер

Маманның қолы

25

26

27

28

29

30

31

32

Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
3-қосымша      

20__ жылғы _____________
автокөлiк таразыларында жүктiң өлшенуiн
тiркеу журналы

___________________________
Астық қабылдау кәсіпорны

Рет№

Күнi

Жүк құжаты №

Астық иесi

Автомашинаның мемлекеттiк тiркеу нөмерлiк белгiсi

Дақыл

Массасы, кг

Түсіру нүктесі

брутто

ыдыс

нетто

1

2

3

4

5


6


7


8


9


10





















Бiр күндегi жиынтық


Өспелi жиынтық


      * - электрондық журнал қабылданатын астыққа бөлек, тиеп жөнелтiлетiн астыққа бөлек жүргiзiледi

20__ жылғы _______________ вагон таразыларында
жүктiң өлшенуiн тiркеу журналы

Рет

Күні

Жөнелту (жеткізу) бекеті

Жөнелтушінің (қабылдаушының) коды

Дақыл

Жүк құжаты

Вагон

Темір жол жүкқұжаты бойынша массасы, кг

брутто

ыдыс

нетто

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















жиынтық:

Өспелi жиынтық

кестенің жалғасы

Орын саны

Өлшеу нәтижесі, кг

Таразышы қолы

жүк құжаты бойынша

нақты

брутто

ыдыс

нетто

11

12

13

14

15

16



















жиынтық:

Өспелi жиынтық

Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
4-қосымша      

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

Электрондық астық қолхаттары                  
мемлекеттiк тiзiлiмінiң әкiмшiсiне            
_______________________________________________
_______________________________________________
Т.А.Ә./Ұйымның атауы             
_______________________________________________
Тiркелу орны:                 
_______________________________________________
Облыс                      
_______________________________________________
Аудан                      
_______________________________________________
Қала/елдi мекен                
_______________________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлiк* немесе анықтама        
_______________________________________________
БСН/ЖСН                     

Электрондық астық қолхатына қол жетiмдiлiкке рұқсат беруге
өтiнiш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ байланысты
20__ жылғы «___» ______________ дейiн электрондық астық қолхатына қол
жетiмдiлiкке рұқсат берудi сұраймын.
Электрондық астық қолхатының № ______________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы ___________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң нөмiрi ____________________________________

Өтiнiш беру күнi: 20__ жылғы «___» __________________________________

      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.

Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
5-қосымша      

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

________________________________________________
Т.А.Ә./Ұйымның атауы             
________________________________________________
Тiркелу орны:                 
________________________________________________
Облыс                     
________________________________________________
Аудан                     
________________________________________________
Қала/елдi мекен                
________________________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлiк* немесе анықтама       
________________________________________________
БСН/ЖСН                     

Электрондық астық қолхатын кепiлге қоюға
өтiнiш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________ байланысты _____________________________________
_____________________________________________________________________
электрондық астық қолхатын кепiлге қоюды сұраймын.
Электрондық астық қолхатының № ______________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы ___________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң нөмiрi ____________________________________

Өтiнiш беру күнi: 20__ жылғы «___» __________________________________

      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.

Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
6-қосымша      

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

________________________________________________
Т.А.Ә./Ұйымның атауы             
________________________________________________
Тiркеу орны:                 
________________________________________________
Облыс                     
________________________________________________
Аудан                     
________________________________________________
Қала/елдi мекен                
________________________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлiк* немесе анықтама        
________________________________________________
БСН/ЖСН                     

Электрондық астық қолхатын кепiлдiктен алу туралы
өтiнiш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ байланысты
_____________________________________________________________________
                          кредитордың атауы
пайдасына кепiлге қойылған электрондық астық қолхатын кепiлден алуды
сұраймын.
Электронды астық қолхатының № _______________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы ___________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң нөмiрi ____________________________________

Өтiнiш беру күнi: 20__ жылғы «___» ________________

      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.

Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
7-қосымша      

"___"______________ 20___ жылғы
астықты тазалау, кептіру актісі

      1. Тазалауға. Тазалау жүргізілді ________________ тазалау түрі,
_____________________________________________________________________
астық тазалау машинасының атауы
Жұмыс "___" _____ 20____ жылы басталды, "____"____ 20___жылы аяқталды

Негізгі өнім

Массасы, кг

Заттай күйі, г/л

Ылғалдылығы, %

Қоспасы, %

Залалданғаны, атауы, дана/кг

талдау №

арамшөпті

дәнді

барлығы

соның ішінде бүлінгені

барлығы

соның ішінде бүлінгені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Тазалауға дейін










Тазалаудан кейін










Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
8-қосымша      

20__ ж. «___» _________ № ________
жарамсыз қалдықтарды жою актiсi

___________________________________
      астық қабылдау кәсiпорны

Бекiтемiн:
Басшы ________________
20__ ж. "___" ______________

Құрамында: ӨТЗ меңгерушiсi ____, материалдық жауапты тұлға ____ және/
                          Т.А.Ә.                           Т.А.Ә.
күзет бастығы ______ бар комиссия осы актіні жасадық, себебі 20__ ж.
              Т.А.Ә.
"___"______ басшының өкiмi негiзiнде 20__ ж. "___"______ № _______ акт бойынша _________ нәтижесiнде алынған №__ қоймадағы __________ санатты қалдықтарды қарадық. 20____ ж. "___"____________ № _______ зертханалық талдауға сәйкес көрсетiлген қалдықтарда ___ % дән және астық қоспасы бар.____ кг көлемiндегі қалдықтар жарамсыз деп танылды және _______ жолымен жойылды.
20__ ж. "___"________ № ___ рұқсатнамаларға сәйкес көрсетiлген қалдықтардың көлемі кәсiпорын аумағынан шығарылды.

      ӨТЗ меңгерушiсi _____________________
      Материалдық жауапты тұлға ____________
      Күзет бастығы _______________________

Электрондық астық қолхаттары  
жүйесін пайдалану қағидаларына
9-қосымша      

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

Электрондық астық қолхаттарының мемлекеттiк    
тiзiлiмінiң әкiмшiсiне                         
________________________________________________
________________________________________________
Т.А.Ә./Ұйымның атауы             
________________________________________________
Тiркелу орны:                
________________________________________________
Облыс                    
________________________________________________
Аудан                    
________________________________________________
Қала/елдi мекен              
________________________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлiк* немесе анықтама        
________________________________________________
БСН/ЖСН                    

Электрондық астық қолхаттарының мемлекеттік тiзiлiміне
өзгерiстер енгiзуге өтiнiш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________ байланысты өзгерiстер енгiзудi сұраймын.
Электрондық астық қолхатының № ______________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы ___________________________________
Астық қолхаты бланкiсiнiң нөмiрi ____________________________________

Өтiнiш беру күнi: 20__ жылғы «___» _________

      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады