"Ғибадат үйлерін, ғимараттарды және өзге де мүлікті діни бірлестіктерге беру тәртібі туралы ережені бекіту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 210 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ғибадат үйлерін, ғимараттарды және өзге де мүлікті діни бірлестіктерге беру тәртібі туралы ережені бекіту жайында» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 49, 588-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады