Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 214 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 214 қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

      2012 жылғы 10 ақпанда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар санаты үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінің тізбесін, сонымен қатар осы адамдар санатына көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына, шарттарына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 214 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.

      Осы Қаулының шеңберінде Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған стандарт (бұдан әрі – Стандарт) 2012 жылдан бастап төрт пилоттық өңірде: Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында енгізіледі. Стандартқа сәйкес түнгі бөлімшелер, "Әлеуметтік патруль" мобильдік қызметі сияқты жаңа қызметтердің түрлерін енгізу қарастырылып отыр.

      Елдің қалған өңірлерінде Стандартты іске асыру 2013 жылы басталады.

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз