"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 239 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
      бүкіл мәтін бойынша «I», «II», «III», «IV», «V», «VI», «VII» деген бөлімдердің нөмірленуі тиісінше «1», «2», «3», «4», «5», «6», «7» деген араб цифрларымен белгіленсін;
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі» деген IV бөлімде:
      2-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаражатты пайдаланудың келесі онжылдыққа арналған жаңа тәсіліне сәйкес абсолютті мәні 8 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке бөлу оның жаңалығы болып табылады. Бұл ретте, республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері экономикадағы жағдайға байланысты (контрциклдық қағидат) 15 %-ға дейін (6,8-ден 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін) азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін. Заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде активтерді пайдалануға тыйым салынған.»;
      үшінші бөліктегі «тіркелген» деген сөз алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару» деген V бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қордың активтерін орналастыру қаржы нарықтарында айналымдағы және Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен материалдық емес активтерді қоспағанда, Рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне қосылған қаржы құралдарында жүзеге асырылуы тиіс.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады