Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылғы 15
қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу
туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (2011 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 18 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
2012 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
2013 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
2014 жыл – 1 200 000 000 мың теңге.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті