Спорттық-сауықтыру кешенін іргелес жер учаскесімен бірге сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен мемлекеттік меншікке қабылдауға келісу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 259 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабына және "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төлеубай Нәдірбекұлы Биғаринның ұсынысына келісім беріліп, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Тәттімбет көшесі, 19/6-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан бағалау құны 96534969 (тоқсан алты миллион бес жүз отыз төрт мың тоғыз жүз алпыс тоғыз) теңге, жалпы алаңы 1068,3 шаршы метр спорттық-сауықтыру кешені алаңы 0,3537 гектар іргелес жер учаскесімен бірге сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады