"Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 265 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 213 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:

      мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің; арнайы және мамандандырылған білім берудің; балаларға арналған қосымша білім берудің; спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім берудің; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда) оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) білім беру саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде) уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті органдар), өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кестелерін күнтізбелік жылға бекіту;";

      5-тармақ алынып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Білім беру ұйымдарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау тұтастай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде де жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірмей;

      2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;".

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады