"Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 278 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Қазақстан Республикасының Румыниядағы
Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Румыниямен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады