"Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 281 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және
гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту
және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев орталығы» көпфункционалды
ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) «Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж, № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж. № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiнде:
      «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi Мұражайының директоры, оның орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Назарбаев орталығы» директоры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары»;
      2) «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тiзбесiнде:
      мына:

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайының директоры

Президент

Президент Кеңсесiнiң бастығы

Әкiмшiлiк Басшысы»

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Назарбаев орталығы» директоры

Президент

Президент Кеңсесiнiң бастығы

Әкiмшiлiк Басшысы»;

      3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы  № 1284  Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2006 ж., № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж. № 37, 438-құжат):
      аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      мына:

«Қазақстан Республикасының Президенті мұражайының директоры


6,70 7,04 7,37 7,71 8,04 8,24 8,44 8,64 8,84 8,91 9,05»

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Назарбаев орталығы» директоры


6,70 7,04 7,37 7,71 8,04 8,24 8,44 8,64 8,84 8,91 9,05»;

      мына:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы директорының орынбасарлары


4,05 4,25 4,46 4,66 4,86 4,98 5,10 5,22 5,35 5,39 5,47»

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Назарбаев орталығы» директорының бірінші орынбасары, орынбасарлары


4,05 4,25 4,46 4,66 4,86 4,98 5,10 5,22 5,35 5,39 5,47».

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы         
№   Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН     

«Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау
және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ 1. Жалпы ережелер

      1. «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң түрi: республикалық.
      3. Мемлекеттік мекеме «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 248 Жарлығымен құрылды.
      4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
      5. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі болып табылады.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік меншік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттік мекеменің атауы:
      1) мемлекеттік тілде:
      толық атауы – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі;
      қысқаша атауы – «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі;
      2) орыс тілінде:
      толық атауы – Многофункциональное научно-аналитическое и гуманитарно-просветительское государственное учреждение «Назарбаев центр»;
      қысқаша атауы – Государственное учреждение «Назарбаев центр».
      7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Республика даңғылы, 2-үй.

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

      8. Мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк тiркелген сәтінен бастап ол құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
      9. Мемлекеттiк мекеменiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерiмi, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрі, бланкiлерi мен мемлекеттiк және орыс тілдерінде атауы жазылған белгіленген үлгідегі мөртабандары болады.
      10. Мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
      11. Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттiк мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы субсидиарлық жауапты болады.
      12. Мемлекеттiк мекеме жасайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде міндетті тiркелгенінен кейiн олар күшiне енедi.
      13. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

3. Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мәнi, мақсаты және түрлері

      14. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеу және танымал ету бойынша бірыңғай әрі белсенді ақпараттық кеңістік құру және одан әрі жетілдіру болып табылады.
      15. Көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мекемесі ретінде мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
      1) Қазақстандағы мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;
      2) Қазақстан Республикасының одан әрі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық-мәдени дамуына, қазақстандық қоғамда азаматтық біртектілік пен патриотизм қағидаттарын нығайтуға жәрдемдесу;
      3) қазақстандық мемлекеттіліктің тарихын, теориясы мен практикасын зерттеу әрі танымал ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік, гуманитарлық және басқа да салалардағы халықаралық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу, Қазақстан, оның әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлі туралы ілімді тарату болып табылады.
      16. Мемлекеттiк мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
      ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау салаларында:
      1) Қазақстандағы мемлекеттіліктің тарихын, оның эволюциясының түрлі кезеңдеріндегі ұлы тарихи тұлғалардың рөлін зерттеу, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттілік дәстүрінің қалыптасуының, дамуының және сабақтастығының біртұтас ғылыми тұжырымдамасын құру жөніндегі кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) мәдениетаралық және өркениетаралық интеграция қағидаттарындағы қазақстандық мемлекеттілік феноменін зерттеу бойынша диалог алаңын қалыптастыру;
      3) Қазақстан Республикасында және шет елдерде ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдер, конгрестер, семинарлар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
      4) ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер құру және қызметін ұйымдастыру;
      5) ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдау және публицистикалық әдебиеттерді дайындау және шығару;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ғылыми бағдарламаларды, жобаларды іске асыруға, сондай-ақ гранттар алу жөніндегі қызметке қатысу;
      7) мемлекеттік мекеме қызметінің бейіні бойынша шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
      8) мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларын, халықаралық ұйымдарды және шетел азаматтарын, оның ішінде грант бөлу арқылы қолдау;
      гуманитарлық-ағарту саласында:
      1) білім беру және гуманитарлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
      2) тұрақты негізде немесе маңызды оқиғаларға, форумдарға, тақырыптық онкүндіктерге арнап жоғары оқу орындарының, жалпы білім беру мекемелерінің, оқу орындарының және әр түрлі жастағы қосымша білім беру құрылымдарының бейінді бағдарламаларына сәйкес келетін дәрістердің оқыту курстарын, ғылыми-танымал және арнайы курстарын, шеберлік сыныптарын, сондай-ақ жекелеген дәрістер мен семинарлар, жария пікірталас алаңдары топтамасын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
      3) әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, гуманитарлық-білім беру тақырыптарының өзекті проблемалары бойынша жедел интерактивті бейнесауалдар, дауыс берулер, талқылаулар ұйымдастыру;
      4) Қазақстандағы мемлекеттілік тарихының, өскелең ұрпақты патриотизм және азаматтық рухында тәрбиелеу идеологиясының өзекті мәселелері бойынша зерттеу жүргізу үшін гранттар мен стипендиялар бөлу;
      5) мемлекеттік мекеме қызметінің бейіні бойынша әртүрлі салалар мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      кітапхана-мұрағат және ақпарат салаларында:
      1) қазақстандық мемлекеттіліктің тарихын, теориясын және практикасын көрсететін отандық және шетелдік құжаттардың әмбебап қорын жинау, есепке алу, жүйелендіру, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      2) кітапхана қорларын ғылыми, мәдени және шығармашылық құндылығы жоғары отандық және шетелдік басылымдармен жүйелі жиынтықтау, олардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз ету;
      3) әртүрлі тасығыштардағы каталогтар жүйесінің көмегімен мемлекеттік мекеменің кітапхана қорын ғылыми өңдеу және ашу, деректер базасын қалыптастыру, отандық және шетелдік ақпараттық ресурстардың жойылған деректер базасына қол жеткізуді ұйымдастыру;
      4) арнайы әзірленген бағдарламалық кешен бойынша басылымдардың бірегей электрондық көшірмелерін, қолжазбаларды цифрлаудың, өңдеудің және одан әрі пайдаланудың толық циклін ұйымдастыру, кітапхана мен мұрағаттың электрондық құжаттарының ғылыми-анықтамалық сипаттамасын қалыптастыру;
      5) пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету, филиалдар мен Интернет-порталдар құру, көпшілік оқырмандар мен зерттеушілердің тарихи маңызды және сирек кездесетін мұрағаттық және кітапхана материалдарына қол жеткізуі үшін алаң қалыптастыру;
      6) Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерделеу бойынша мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
      7) кітапхана және мұрағат ақпаратын есепке алудың, сақталуын қамтамасыз етудің және пайдаланудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу;
      8) шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық, ақпарат, құжаттама, реставрация, консервация саласында және ақпараттық-кітапхана ісінің басқа да салаларында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
      9) электрондық кітапхана мен мұрағат жұмысының толық циклін қамтамасыз ету бойынша арнайы мультимедиялық жүйе құру және оны одан әрі жетілдіру;
      10) бейінді, мұрағаттық және кітапханалық ұйымдарымен ынтымақтастық;
      11) Қазақстандағы мемлекеттілік тарихына арналған кітап көрмелері мен оқырмандар конференцияларын ұйымдастыру және өткізу;
      мұражай қызметі саласында:
      1) Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын көрсететін мәдени құндылықтарды табу, есепке алу, жинақтау, сақтау, зерделеу және пайдалану үдерісін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
      2) мұражай қорын жүйелі жиынтықтауды, мұражай құндылықтарын сатып алуды және қайтарымсыз негізде қабылдауды жүзеге асыру;
      3) тарихи-мәдени, ғылыми, көркемдік және мұражайлық маңызын анықтау мақсатында мәдени құндылықтарды сараптау;
      4) мұражай экспозицияларын құру, көрмелерді, оның ішінде шет елдерде ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ шет елдердің бейінді мекемелері мен ұйымдары ұйымдастыратын көрмелерді қабылдау және экспонаттау, өзі тақылеттес мекемелермен, мұражайлармен, кітапханалармен, ғылыми-зертеу және білім беру орталықтарымен бірлескен көрмелер ұйымдастыру;
      5) мұражай материаладарының фото, бейне және аудио тұсаукесерлерін ұйымдастыру, Қазақстандағы мемлекеттілік тарихы бойынша инсталляцияларды, интерактивті шығармаларды құру және танымал ету;
      6) Қазақстанның және шет елдердің мұражайларымен, ғылыми және ғылыми-мәдени мекемелерімен ғылыми-зерттеу және мәдени байланыстарды жүзеге асыру.
      Қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігі мен уәкілетті органның тапсырмасы бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
      3) өзінің жарғылық қызметі шеңберінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады;
      4) өзінің жарғылық қызметі шеңберінде валюта операцияларын жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін және мемлекеттік мекеменің Жарғысына қайшы келмейтін өзге қызмет түрлерін жүзеге асырады және мәмілелер жасасады.
      17. Мемлекеттiк мекеменің Жарғыда бекiтiлген өз қызметiнiң мәнi мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      18. Мемлекеттiк мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір деңгейде шектелген не басшының жарғылық құзыретiн бұза отырып өз қызмет мақсаттарына қайшы жасаған мәмiлесі уәкілетті органның немесе мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      19. Басшының және ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы тұлғаның мемлекеттiк мекеменің жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылады және тәртiптiк, материалдық және өзге жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

4. Мемлекеттік мекемені басқару

      20. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      21. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк мекемеге мүлiктi бекiтiп бередi;
      2) мемлекеттiк мекеменi жеке қаржыландыру жоспарын бекiтедi;
      3) мемлекеттiк мекеме мүлкiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) мемлекеттiк мекеменiң басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртiбi мен өкiлеттiк мерзiмiн, мемлекеттiк мекеменiң шешiмдер қабылдау тәртiбiн айқындайды;
      5) мемлекеттік мекеме директорының (бұдан әрі – директор) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін айқындайды;
      6) мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
      7) директордың ұсынымы бойынша бірінші орынбасарын және орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) жылдық қаржылық есептiлiкті бекiтедi;
      9) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк мекемеге берiлген немесе меншікті шаруашылық қызмет нәтижесiнде өздері сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiм бередi;
      10) мемлекеттiк мекеменің филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм бередi;
      11) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша республикалық мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      22. Директорды Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      23. Директор мемлекеттiк мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тiкелей бағынады және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттерді орындауға жеке жауапты болады.
      24. Директор дара басшылық қағидатында әрекет етедi және мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi.
      25. Мемлекеттiк мекеменiң қызметін жүзеге асыру кезінде директор заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
      2) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн бiлдiредi;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенiмхаттар бередi;
      5) iссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарына оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың өзге де түрлерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      6) банк шоттарын ашады;
      7) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      8) уәкілетті органға өзінің бірінші орынбасарын және орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
      9) штат кестесіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және атқарып отырған қызметінен босатуды жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      11) өз орынбасарларының және мемлекеттiк мекеменiң өзге де басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;
      12) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттiк мекеме мүлкiнiң құрылу және оның
қызметін қаржыландыру тәртiбi

      26. Мемлекеттiк мекеме мүлкiн құны оның теңгерiмiнде көрсетілетін активтер құрайды. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi:
      1) өзіне меншiк иесi берген мүлiк;
      2) өз қызметi нәтижесінде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда);
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi есебiнен қалыптастырылады.
      27. Мемлекеттiк мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жобасы бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
      28. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру және кітапхана мен мұражай қызметінің мынадай салаларында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндірілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаға иелік ету құқығы берілген:
      1) барлық тасығыштар түрлерінен, форматтардан, стандарттардан көшірмелер жасау және оларды өңдеу;
      2) мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;
      3) құжаттарды талдамалық-синтетикалық өңдеуді және қосымша библиографияларды орындау;
      4) қолжазбаларды, бағалы кітаптар мен құжаттарды реставрациялау;
      5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;
      6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;
      7) қолжазбалар мен бағалы кітаптарды сараптау;
      8) Интернет желісі мен мемлекеттік мекеме веб-порталының қызметін көрсету;
      9) құжаттарды электрондық жеткізу, тақырыптық ақпаратты іздестіру және жасау;
      10) экскурсиялық, фото және бейнетаспаға түсіру қызметін көрсету;
      11) оқу-әдістемелік әдебиет пен өзге құралдарды, баспа, бейне және электрондық өнімдерді қоса алғанда, кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізу.
      29. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзi белгiленбесе, мемлекеттiк мекеменiң қызметiн уәкілетті орган республикалық бюджеттен қаржыландырады.
      30. Мемлекеттiк мекеме бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады.
      31. Мемлекеттiк мекеменiң қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеруді және ревизияны заңнамада белгiленген тәртiппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
      32. Мемлекеттік мекеменің заңнамалық актілерге сәйкес заңды және жеке тұлғалардан грант түрінде демеушілік және қайырымдылық көмек алуға құқығы бар.

6. Мемлекеттiк мекемедегi жұмыс режимі

      33. Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс режимі iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

      34. Мемлекеттiк мекеменiң Жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен жүргізіледі.
      35. Мемлекеттiк мекеменiң Жарғысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.

8. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      36. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк мекеменiң филиалдары мен өкiлдiктерi туралы мәлiметтер

      37. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдік мемлекеттерде филиалдары мен өкілдіктері болуына құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады