"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 284 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ
кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының
жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2
наурыздағы № 284 қаулысына баспасөз-релизі

      Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының орнықтылығы және оны тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құру жоспарлатын Қазақстан Республикасы Президентіне «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын енгізілген.
      Қеңесті:
      1) Қазақстан халқының мүддесіне орай мұнай-газ ресурстарын басқарудың ұтымды тәсілдерін ілгерілету;
      2) мұнай-газ өнеркәсібіндегі басқарушылық сипаттағы мәселелерді қоса алғанда, техникалық, әлеуметтік және экологиялық түйінді проблемаларды шешу мақсатында ішкі және сыртқы мүдделі тараптар арасында диалог орнату;
      3) мұнай-газ секторын дамыту стратегиясын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің, өзге мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының жұмысын үйлестіру;
      4) шетелдік үкіметтермен, шетел инвесторларымен стратегиялық диалогке қатысу және ірі мұнай-газ жобаларына қатысты саясатты әзірлеу болып табылады;
      5) мұнай-газ өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
      6) мұнай-газ өнеркәсібінде қазақстандық қамтуды дамыту бойынша функциялармен үйлестіріп беруді жоспарлайды.

      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз