Орта мерзімді кезеңге (2012 - 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 289 Қаулысы

      «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2012 – 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 289 қаулысымен  
бекітілген      

Орта мерзімді кезеңге (2012 – 2014 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.21 № 1228 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

р/с №

Атауы

Конкурсты ұйымдастырушы

1

2

3

1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері

1.

«Алматы – Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану

ККМ

2.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 1142-1216 км

ККМ

3.

Учаскені түзету және Осакаровка кентін айналып өту жолын салу арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 1096-1142 км

ККМ

4.

Учаскені түзету арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 1038-1096 км

ККМ

5.

Қарағанды қаласын айналып өту жолын салу арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану, 997-1038 км

ККМ

6.

Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін енгізу (ЗКТЖ) және «Астана - Көкшетау қаласы арқылы Петропавл» автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану

ККМ

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

7.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

ККМ

8.

Теміртау қаласында бала бақшалар кешенін салу және пайдалану

Қарағанды облысының әкімдігі

9.

«Маңғыстау (Тамақ) станциясы» темір жол вокзалын салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

10.

Ақтау қаласында автовокзал салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
ККМ       – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
            министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады