"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 301 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу ережесі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 301 қаулысына  
қосымша      

«Ветеринария саласындағы нормативтік
құқықтық кесімдерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 сәуірдегі     
№ 407 қаулысымен         
бекітілген            

Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағдидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою кезінде олардың құнын өтеудің бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құны мiндеттi түрде өтеуге жатады.
      3. Жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты шығыстарды жабуды ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджет есебiнен жүргiзедi.

2. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою кезінде өтеуге жататын құнды айқындау

      4. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу:
      1) облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның;
      2) аудан (облыстық маңыздағы қала) аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның ұсынысы бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларының жыныстық-жас топтарын, түрлерін, буаздығын және асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, жіктелген ставкалар (бұдан әрі – ставкалар) негізінде жүргізіледі.
      Бағаларға мониторинг жүргізуге уәкілетті агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының (бұдан әрі – аумақтық статистика органы) арасында деректер айырмашылығы болған жағдайда, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасы орташа айлық нарықтық бағаның төменгі көрсеткіштері бойынша арнайы комиссияның шешімімен қабылданады.
      5. Облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) және аудан (облыстық маңыздағы қала) деңгейінде құрылатын арнайы комиссия алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық бағасының ставкасы туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мамандандырылған ұйымның және аумақтық статистика органдарының деректері негізінде қабылдайды.
      6. Мамандандырылған ұйымның, аумақтық статистика органының ақпаратын жинау мен талдауды жүзеге асыратын және алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасын анықтау үшін оны арнайы комиссияның қарауына ұсынатын ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ведомствосының тиісті облыстық немесе аудандық аумақтық бөлімшесі арнайы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдар, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, мамандандырылған ұйымның, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, кәсіпкерлік субъектілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
      Арнайы комиссияның ережесін тиісінше облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекітеді.
      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері, әкім жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы лауазымды тұлға болып табылады.
      8. Арнайы комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген аурулар диагнозы белгіленген сәттен бастап үш күн ішінде алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын өтеу ставкалары туралы шешім шығарады.
      Арнайы комиссияның шешімі дауыстардың көпшілігімен қабылданады, дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыс беру қорытындысы бойынша алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу ставкаларын белгілеу туралы акт жасалады.

3. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою кезіндегі құнын өтеудің шарттары

      9. Иесіне алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу шарты ауру жануарларда тізбеге енгізілген аса қауіпті аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Заңның 25-бабында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.
      10. Құнын өтеу осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының ставкасы бойынша алып қойылған ауру жануарлардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) есебімен жүзеге асырылады.

4. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі

      11. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
      1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұсақ қара мал бруцеллезін қоспағанда, жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      2) комиссия мүшелері қол қойған, ауру жануарларды, ауру жұқтырған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюға және жоюға арналған актілер;
      3) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі;
      4) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу ставкаларын белгілеу туралы арнайы комиссияның актісі;
      5) жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қаулысы;
      6) ветеринариялық паспорт.
      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды жинауды мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүзеге асырады.
      13. Жеке және заңды тұлғаларға алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуді оларды алып қойғаннан және жойғаннан кейін он күн жұмыс күні ішінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады