"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 329 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
      «9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген бөлімде:
      «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы 305-1 және 305-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;
      2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.
      305-2. Бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия, егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде осы Ереженің 305-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.»;
      306-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.»;
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады