Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 332 Қаулысы

      "2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сот актілерін орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 5800970 (бес миллион сегіз жүз мың тоғыз жүз жетпіс) теңге бөлінсін.
      2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 332 қаулысына  
қосымша        

Орындауға жататын
сот актілерінің тізбесі

Р/с №

Сот органының атауы және шешім күні

Талапкер

Негізгі борыш сомасы (теңге)

Өндіріп алушының пайдасына мембажды ескере отырып, сот шығыстары (теңге)

1

2

3

4

5

1

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының 2011 жылғы 18 наурыздағы шешімі, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 5 мамырдағы қаулысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 27 маусымдағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2011 жылғы 13 қазандағы қаулысы

А.Е. Ығысова

2068477


2

Қарағанды қаласының Қазыбекби ауданы № 2 аудандық сотының 2011 жылғы 15 сәуірдегі шешімі, Қарағанды облысының соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 13 шілдедегі қаулысы, Карағанды облысының соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 22 тамыздағы қаулысы, Қарағанды қаласының
Қазыбек би ауданы № 2
аудандық сотының 2011
жылы 3 қарашадағы
түсіндірмесі

Г.К. Нөгербекова

500000


3

Қарағанды облысы Осакаров ауданы сотының 2011 жылғы 31 қаңтардағы шешімі, Қарағанды облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 8 сәуірдегі қаулысы, Қарағанды облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 2 маусымдағы қаулысы, Қарағанды облысы Осакаров ауданы сотының 2011 жылғы 11 шілдедегі анықтамасы

К.А. Ғайнутдинов

1105187


4

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының 2011 жылғы 20 шілдедегі шешімі, Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот инстанциясының 2011 жылғы 24 тамыздағы қаулысы, Ақтөбе облыстық соты кассациялық сот инстанциясының 2011 жылғы 5 қазандағы қаулысы, Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі анықтамасы

Н.М. Хасанов

300000

101756

5

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2011 жылғы 16 маусымдағы шешімі, Астана қаласының Соты апелляциялық сот инстанциясының 2011 жылғы 8 тамыздағы қаулысы, Астана қаласының Соты кассациялық сот инстанциясының 2011 жылғы 4 қазандағы қаулысы

Б.К. Қалменов

300000


6

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы № 2 сотының 2011 жылғы 10 наурыздағы шешімі, Батыс Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 23 мамырдағы қаулысы, Батыс Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 23 маусымдағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының 2011 жылғы 12 қазандағы қаулысы

А.С. Жұмағұлов

1000000


7

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы № 2 сотының 2011 жылғы 1 сәуірдегі шешімі, Солтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 6 маусымдағы қаулысы, Солтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 20 шілдедегі қаулысы

А.Ж. Шамердинов

250000

25000

8

Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2009 жылғы 9 қазандағы шешімі, Қарағанды облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы, Теміртау қалалық сотының 2010 жылғы 28 мамырдағы анықтамасы

Г.К. Зәкіров

39538

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңі үшін


9

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14 тамыздағы шешімі, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 8 наурыздағы анықтамасы, Алматы қалалық соты қадағалаушы алқасының 2004 жылғы 23 ақпандағы қаулысы, Астана Қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2007 жылғы 14 қыркүйектегі анықтамасы

Е.И. Пак

17280

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңі үшін


10

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15 қыркүйектегі шешімі, Астана қаласының соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2003 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы, Астана қаласының соты қадағалаушы алқасының 2005 жылғы 30 маусымдағы қаулысы

Ф.М. Кәрімов

93732

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңі үшін



Жиыны


5674214

126756


Жалпы сомасы:

5800970



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады