"Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 344 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 52-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну қағидаларын бекiту туралы»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Орталық күн сайын, осы қордың салымшылары жөнінде төлемдердің мынадай санаттары бойынша:
      1) 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге;
      2) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға зейнетақы тағайындау туралы өткен жұмыс күні бойынша мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларына береді.».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады