Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 20 наурызда «Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 344 қаулысын қабылдады.
Қағидалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.
Аталған Заңда 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап консервативтік және қалыпты инвестициялық портфельдерді енгізу қарастырылған. Сонымен қатар, адамдардың жекелеген санаттары зейнетақы жинақтарын консервативтік инвестициялық портфельге аудару қажет жасы бойынша зейнетақы алушыларға жатады. Осыған орай, Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларына мынадай:
5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер;
1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда кемінде 10 жыл тұрған азаматтардың санаттары бойынша мәліметтерді күн сайын беретін болады.
Қағидалардың қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі