Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жол картасын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 371 қаулысымен
бекітілген
Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі
жол картасы
Р/с |
Іс-шаралар атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Заңнаманы жетілдіру |
|||||
1.1 |
Исламдық қаржы нарығының секторлары бойынша исламдық қаржыландыруды дамытудың негізгі проблемаларына талдау жүргізу |
ҚРҰБ-ге, ЭДСМ-ге, Қаржыминіне ақпарат |
ИҚДҚ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жарты жылда бір рет |
Талап етілмейді |
1.2 |
Отандық және халықаралық консультанттардың жәрдемімен исламдық қаржыландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша қосымша ұсынымдар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ҚРҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ЭДСМ, ИЖТМ, ҚҚҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша), ИДБ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді. ИДБ-ның техникалық көмегі шеңберінде |
1.3 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Заң жобасы |
ҚРҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ЭДСМ, ИҚДҚ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша) |
2012 жыл |
Талап етілмейді |
1.4 |
Мурабах, Иджара, Истисна шарттарын іске асыру кезінде меншік құқығын тіркеудің жеңілдікті шарттарын ұсыну мүмкiндiгін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ЭДСМ, Әділетмині, ККМ, АШМ |
2013 жыл |
Талап етілмейді |
1.5 |
Оңтүстік Шығыс Азия және Таяу Шығыс елдерімен қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенциялар дайындау және қол қою |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қаржымині, ЭДСМ, ИЖТМ, СІМ, ҚРҰБ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін |
Талап етілмейді |
1.6 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауды ескере отырып, салық салуды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭДСМ, Қаржымині, ҚРҰБ (келісім бойынша), ИЖТМ, ҚҚҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2013 жылдар |
Талап етілмейді |
1.7 |
Исламдық банктік емес және микроқаржы мекемелерінің (инвестициялық қорлар, лизингтік және ипотекалық компаниялар және т.б.) және бағалы қағаздар нарығының исламдық кәсіби қатысушылары мәртебесіне ие компаниялардың жұмыс істеуі үшін жеке заңнамалық база құрудың қажеттілігі мен орындылығын қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ҚМҚҰҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша) |
2013 жыл |
Талап етілмейді |
2. Ақпараттық-түсіндірме жұмысы |
|||||
2.1 |
Медиа-жоспар дайындау және іске асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
2020 жылға дейін жыл сайын |
021 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы |
2.2 |
Исламдық қаржыландыруға арналған арнайы интернет-порталын жасау мүмкiндiгін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ККМ, МАМ, ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2013 жыл |
Талап етілмейді |
2.3 |
Қазақстанның қолданыстағы лицензияланатын исламдық қаржы ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде республикалық БАҚ-та орналастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметiне ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша), МАМ |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
2.4 |
Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемелерінің одан әрі таратуы мақсатында СІМ-ге жіберу үшін Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат дайындау |
СІМ-ге ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ИЖТМ |
2013-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
3. Исламдық қаржыландыру инфрақұрылымын дамыту |
|||||
3.1 |
Орталық ИҚБК құру мүмкiндiгін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚҚҚ (келісім бойынша), ҚРҰБ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2013 жылдар |
Талап етілмейді |
3.2 |
Исламдық қаржыландыру ұйымдары үшін өтімділігі қысқа мерзімді нарықты қолдау |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2014-2015 жылдар |
Талап етілмейді |
3.3 |
Dow Jones әдісі бойынша аралық ислам индекстерiн әзірлеу және енгiзу |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚҚБ (келісім бойынша), ҚРҰБ (келісім бойынша), ИЖТМ |
2016 жыл |
Талап етілмейді |
3.4 |
Алматы қаласында Өңірлік ислам қаржы орталығын құру мүмкiндiгін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ЭДСМ, Қаржымині, ИЖТМ, ҚҚҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012 жыл |
Талап етілмейді |
4. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту |
|||||
4.1 |
Халықаралық ислам қаржы ұйымдарымен, оның ішінде IFSB, ILMC, IIFM, AAOFI, IIRA, CIBAFI өзара іс-қимылды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, ҚҚҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
4.2 |
Малайзияның рейтингтік агенттігімен (RAM Holding) ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ЭДСМ, ИЖТМ, ИҚДҚ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша) |
2012-2013 жылдар |
Талап етілмейді |
4.3 |
Исламдық қаржыландыруды ілгерілету бойынша басқа да халықаралық дәстүрлі қаржы институттарымен және алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту (WB, IFC, ADB, АҚШ, Ұлыбритания университеттері) |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ЭДСМ, Қаржымині, БҒМ, ИЖТМ |
2013-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
4.4 |
Исламдық қаржы бойынша жыл сайынғы негізгі ұйымдастыру іс-шараларына қатысу (ИДБ жылдық жиналысы, IFSB Саммиті (Малайзия), WIBC (Бахрейн), WIFC (Лондон), WIEF (Малайзия) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, СІМ, ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
5. Мемлекеттік секторды дамыту |
|||||
5.1 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жанынан Исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі комитет құру мүмкiндiгін қарау |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс |
ҚРҰБ (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, ҚҚҚ (келісім бойынша) |
2014 жыл |
Талап етілмейді |
5.2 |
Отандық қаржы секторын дамыту бағдарламасы шеңберінде бюджеттік кіші бағдарламаны әзірлеу қажеттілігін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, ҚРҰБ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2013 жыл |
Талап етілмейді |
5.3 |
Исламдық қаржы жүйесін табысты дамытушы елдерінің (Малайзия, Бахрейн, БАӘ, Ұлыбритания, АҚШ, Люксембург) тәжірибесін зерделеу және алмасу бойынша арнайы үкіметаралық бағдарлама (twinning) ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, СІМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2013 жылдар |
Талап етілмейді |
5.4 |
Мемлекеттiк исламдық бағалы қағаздарды шығару |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
Қаржымині, ИЖТМ, ЭДСМ, ККМ, ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
6. Исламдық қаржы қызметтерi нарығын дамыту |
|||||
6.1 |
Тиiстi индустриялық жобаларды айқындау және олар үшін исламдық бағалы қағаздар шығаруды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012 жыл |
Талап етілмейді |
6.2 |
Бірнеше ислам банктерінің құрылу үдерісіне жәрдемдесу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2013-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
6.3 |
Исламдық сақтандыруды енгізу үдерісіне жәрдемдесу |
ИЖТМ-ге ақпарат |
ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2013 жылдар |
Талап етілмейді |
7. Ғылыми-бiлiм беру жұмысы |
|||||
7.1 |
Таңдау жөніндегі құрамдауыш шеңберінде экономикалық бағыттың студенттері үшін «Исламдық қаржы негіздері» пәнін енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар |
БҒМ, Қаржымині, ЭДСМ, ИЖТМ, ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012 жыл |
Талап етілмейді |
7.2 |
Қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында исламдық қаржы индустриясының әдіснамасын және тәжірибесін зерделеу (оның ішінде исламдық қаржыландыру саласында қазақстандық мамандар даярлау) |
Қазақстан Республикасының Үкіметiне ұсыныстар |
БҒМ, Қаржымині, ИЖТМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2013 жыл |
Талап етілмейді |
7.3 |
Ғалымдар мен практик адамдарды тарта отырып, исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер және пiкiрсайыстар өткiзу |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
БҒМ, ИЖТМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
7.4 |
Мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін тұрақты негізде оқыту семинарларын өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
МҚІА (келісім бойынша), ИЖТМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
7.5 |
Жоғары оқу орындарының базасында исламдық қаржыландыруды зерделеу жөніндегі оқыту-талдау орталығын құру |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат |
БҒМ, ИЖТМ, ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2013 жыл |
Талап етілмейді |
7.6 |
Исламдық қаржыландыру саласында кадрлар даярлау үшін шетелдік ЖОО-ға қазақстандық мамандарды оқуға жіберу мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
БҒМ, «Болашақ» ХБО» АҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2013 жыл |
Талап етілмейді |
8. Инвесторлармен жұмыс |
|||||
8.1 |
Қазақстанға инвестициялар тарту мақсатында Оңтүстік Шығыс Азия және Таяу Шығыс елдеріндегі банктермен, қорлармен, компаниялармен мақсатты келіссөздер мен кездесулер өткізу (инвестициялық жобаны қаржыландыру, келісімдер жасау) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, СІМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «КазАгро» ҰБХ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
8.2 |
Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыру іс-шараларын (оның ішінде KIFC) өткізу мүмкiндiгін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИЖТМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
8.3 |
ИБД тобымен жұмысты жандандыру: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ИБД арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған Елдік әріптестік стратегиясына қол қою және оны іске асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИЖТМ, Қаржымині, ҚРҰБ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар (бекітілген Стратегияға сәйкес), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша) |
2012-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
8.4 |
Қазақстан Республикасының Инвестицияларды сақтандыру мен экспорттық кредит беру бойынша ислам корпорациясының капиталына қатысу үлесін ұлғайту мүмкіндігін қарау (ИСЭНИК ресми хатының негізінде) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, СІМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім) бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша |
2012-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
8.5 |
Қазақстан Республикасының Жеке меншік секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясының капиталына қатысу үлесін ұлғайту мүмкіндігін қарау (ЖСДИК-тің ресми хатының негізінде) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, СІМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
8.6 |
Қазақстан Республикасының Исламдық Ынтымақтастық Даму Қорына қатысу үлесін ұлғайту мүмкіндігін қарау (ISFD-нің ресми хаты негізінде) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, СІМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2012-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
8.7 |
Қазақстаннан контрәріптестердің міндеттемелерді орындамауы салдарынан шығынға ұшыраған ислам банктері мен қаржы институттарының толық тізімін жасау және олар туралы анықтамалық материалдар дайындау.Құрамына ҚРҰБ, Қаржымині, ЭДСМ, ИЖТМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, ИҚДҚ, ҚҚҚ және т.б. өкілдері кіретін зардап шеккен ислам қаржы институттарымен жұмыс бойынша арнайы жұмыс тобын құру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИЖТМ, Қаржымині, ҚРҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ИҚДҚ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын |
Талап етілмейді |
8.8 |
ҚРСӨП-ны оның Исламдық сауда-өнеркәсіп палатасына мүшелігі (бұдан әрі – ИСӨП) шеңберінде қызметін жандандыру: ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі шағын және орта кәсіпорындарды (бұдан әрі - ШОК) дамытуды қолдау үшін ИСӨП әзірлейтін бағдарламалар мен жоспарларды талқылауға белсенді қатысу, қазақстандық бизнесті ИСӨП ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатыстыру, ИСӨП-ның мүшелерін инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды басқа мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИЖТМ, ЭДСМ, ҚРҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша), «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша), СӨП (келісім бойынша) |
2012-2014 жылдар |
Талап етілмейді |
8.9 |
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің одан әрі пысықтауы үшін ағылшын тіліндегі қысқа аннотацияны міндетті түрде беру арқылы инвестициялық жобалардың тізбесін тұрақты түрде жаңарту (негізінен ИЫҰ елдерінде) |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, ЭДСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ (келісім бойынша), «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша), СӨП (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлiгi
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
акционерлік қоғамы
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
ҚМҚҰҚ – «Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар қауымдастығы»
заңда тұлғалар бірлестігі
ИҚДҚ – Исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығы
ҚҚҚ – «Қазақстан Республикасы қаржыгерлері қауымдастығы»
заңда тұлғалар бірлестігі
«Болашақ» ХБО» АҚ – «Болашақ» халықаралық бағдарламалар
орталығы» акционерлік қоғамы
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП – «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық
экономикалық палатасы
ЖОО – жоғары оқу орны
ИДБ – Ислам Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы
өңірлік кеңесі
ИСЭНИК – Инвестицияларды сақтандыру мен экспорттық кредит
беру бойынша ислам корпорациясы
ЖСДИК – Жеке меншік секторды дамыту жөніндегі ислам
корпорациясы
ҚҚБ – Қазақстан қор биржасы
ВАК – Ведомствоаралық комиссия
ИЫҰ – Ислам Ынтымақтастық Ұйымы
ИҚБК – Ислам қаржы бойынша кеңесі
ҚРСӨП – Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы
AAOFI – Accounting and Auditing Organization for Islamic
Financial Institutions
ADB – Asian Development Bank
CIBAFI – General Council of Islamic Banks and Financial
Institutions
IFC – International Financial Corporation
IIFM – International Islamic Financial Market
IIRA – International Islamic Rating Agency
IFSB – Islamic Financial Services Board
ISFD – Islamic Solidarity Fund for Development
ILMC – Islamic Liquidity Management Centre
KIFC – Kazakhstan Islamic Financial Conference
WIBC – World Islamic Banking Conference
WIEF – World Islamic Economic Forum
WIFC – World Islamic Finance Conference
WB – World Bank