Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат № 24, 196-құжат, 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңы):
117-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын заттар) жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, магистралдық құбырдың желілік бөлігін қоспағанда, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер жатады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша, магистралдық құбырдың желілік бөлігі мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлiк деп танылады. Заңнамалық актілерде көрсетiлгеннен басқа жағдайларда, жылжымалы мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат, 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 5, 43-құжат, № 6, 49, 50-құжаттар, № 11, 102-құжат, № 12, 111-құжат, № 13, 114-құжат, № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 11 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңы; 2012 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы; 2012 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңы):
1) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Құбыр көлігінің жерлері
Құбыр көлігі қажеттіліктеріне арналған жерлерге жерүсті су құбырлары, газ құбырлары, мұнай құбырлары, құрылыстар, ғимараттар, сондай-ақ су құбырлары, газ құбырлары, мұнай құбырлары объектілері құрамына кіретін жермен берік байланысты және жер беті және жерасты ғимараттарын, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын және басқа да құбыр көлігі объектілерін пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшін қажетті олардың желілік бөлігіне жатпайтын өзге объектілерді орналастыруға бөлінген жерлер жатады. Аталған жерлерге, сондай-ақ шекарасы Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр саласындағы заңнамасы негізінде анықталатын жер телімдері ерекше шарттармен пайдаланылатын магистралдық құбырды күзету аймақтары да жатады. Күзет аймақтары жер телімдерінің меншік иелерінен және жер қойнауын пайдаланушылардан жер телімдерін алмай-ақ белгіленуі мүмкін.».
2) 121-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) байланыс, радиоландыру және электр беру желiлерi және магистралдық құбырдың, оның ішінде оның астымен магистралдық құбырдың желілік бөлігі өтетін жер телімдерін қамтитын күзету аймақтары;».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 10, 15-құжаттар; 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы; 2012 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы; 2012 жылғы 16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 11 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңы; 2012 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы мемлекеттік органдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы; 2012 жылғы 16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңы; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңы):
1) 244-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталатын жер халықаралық тасымалдау басталған жер деп танылады.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асырған болса, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) көлік ұйымының көлігімен тасымалдау жүзеге асырылатын тасымал халықаралық тасымалдауға жатады.»;
2) 245-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақты емес конденсатты кеден одағына мүше басқа мемлекеттердiң аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан өткізу айналымына нөлдiк ставка бойынша қосымша құн салығы салынады.
Осы тармақта көрcетiлген қосымша құн салығының төлеушiлер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
1-2. Газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағында бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңделген өңделме шикізатының өңделген өнімдерін сату айналымына нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілуін растаушы құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттер аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізу туралы шарт (келісімшарт);
2) құбыр жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыр жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі.
Құбыр жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2-2. Осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растаушы құжаттар мыналар болып табылады:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарттар (келісімшарттар);
2) қайта өңдеу өнімдерін өткізу оның негізінде жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растаушы құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-беріс шикізатының әкетілуін растаушы тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистралдық құбыр жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауарларға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;
5) аумағында алыс-беріс шикізатын өайта өңдеу жүзеге асырылған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі – оларды сатып алушыға қайта өңдеу өнімдерінің тиелгенін растаушы құжаттар;
6) өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық пайданың салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші денгейдегі банк шоттарына түсуін растаушы құжаттар;
7) осы Кодекстің 276-13-бабының 8-тармағында көзделген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы.
Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық қызметі органының сұрауы бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған салық тексерісінің нәтижелері есепке алынады.»;
3) 276-11-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:»;
4) 276-14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілген баптың 1-тармағында белгіленген мерзім асқан жағдайда өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында өткізу бойынша салық салынатын айналым болып танылады және осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында және осы Кодекстің 276-11-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанды, осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізатын әкету күнінен бастап қосылған құн салығы салынуы тиіс.
Осы тармақтың мақсатында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелінбеген алыс-беріс шикізаты бойынша салық салынатын айналымның мөлшері, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдерінің көлемі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есеп саясатының негізінде осындай өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізатының құны мөлшерінде айқындалады.
Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есеп саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдістемесі күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмеуі тиіс.»;
5) 300-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«300-бап. Төлеушілер
Мыналар:
1) мыналарды:
осы Кодекстiң 308-1-баптың 1-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды;
жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған көлемде және бұрын кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған шикі мұнай экспортына кедендік рәсімдерді қолданған, тізбесін жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлғаларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын;
Бұл ретте, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, заңды тұлға өз өнімдерін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, мұндай заңды тұлға осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлық көлемі бойынша экспортқа рента салығының төлеушісі болып табылады.
2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.»;
6) 332-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеу үшін берілген шикі мұнайға – салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағы аумағынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін берген не үшінші тұлғаға Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдеу шеңберінде Кеден одағының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында кейіннен қайта өңдеу үшін өткізілген шикі мұнай көлеміне.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін Кеден одағы аумағының шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытында қайта өңдеу үшін шикі мұнайды тапсыруды немесе Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеу үшін алдағы уақытта тапсыруға үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағының аумағынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесін және олардың шикі мұнайды қайта өңдеу талаптарын жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін оның өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оны қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелінбеген жағдайда, кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеу үшін берілген шикі мұнайдың мөлшері пайдалы қазбаларды өндiру салығын салу мақсатында шикі мұнай тауары ретінде қаралады.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға - осы баптың 2-тармағының 1), 2), 2-1), 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 2-тармағы 2-1) тармақшасында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс қайта өңдеуді кедендік рәсім шеңберінде қайта өңдеу үшін жер қойнауын пайдаланушының тапсыруы немесе Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеу үшін алдағы уақытта тапсыруды үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушы тауарлардың нақты көлемі мен тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін тиісті кедендік рәсімімен орналастыру фактісін растайтын мынадай құжаттардың:
тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін тиісті кедендік рәсімімен орналастыру фактісін растайтын тауарларға декларациялардың;
Кеден одағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың;
Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеу үшін алдағы уақытта тапсыру үшінші тұлғаға өткізілуі тиіс және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде нақты жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі мұнай көлемі туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бөлінісінде шикі мұнайды өңдеу үшін шығарылуы тиіс көрсетілген көлемнен алынатын қайта өңдеу өнімдерінің көлемі туралы жер қойнауын пайдалану саласында уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысының;
кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің;
коммерциялық және тауардың ілеспе құжаттарының және (немесе) тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерін қабылдап алу-тапсыру актілерінің;
Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеу үшін алдағы уақытта тапсыруға үшінші тұлғаға өткізілген және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде нақты жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі мұнай көлемінен алынған қайта өңдеу өнімдерінің нақты енгізілген көлемі туралы жер қойнауын пайдалану саласында уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысының көшірмелерін немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін иеленуге міндетті.
Осындай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері болмаған жағдайда, шикі мұнайдың тиісті көлемі тауарлық шикі мұнай ретінде пайдалы қазбаларды өндіруге салық есептеу мақсаттары үшін қаралады.»;
7) 334-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Кеден одағы аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс қайта өңдеуді кедендік рәсімдеу шеңберінде қайта өңдеу үшін жер қойнауын пайдаланушы шикі мұнайды беру кезінде не Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс қайта өңдеуді кедендік ресімдеу шеңберінде қайта өңдеу үшін алдағы уақытта тапсыруға үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнай – жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс қайта өңдеуді кедендік ресімдеу шеңберінде қайта өңдеу ретінде жер қойнауын пайдаланушы тапсырған не Кеден одағының аумағы шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауытына Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс қайта өңдеуді кедендік ресімдеу шеңберінде қайта өңдеу үшін алдағы уақытта тапсыруға үшінші тұлғаға өткізілген және қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленетін 20 пайызға арттырылған өнім бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құнымен шикі мұнайдың нақты көлемін шығару ретінде;».
8) 336-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шикі мұнайды осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өткізген және (немесе) берген жағдайда белгіленген ставкаларға 0,5 төмендетуші коэффициент қолданылады. Бұл ретте, егер кеден аумағынан тыс шикі мұнайды қайта өңдеудің кедендік рәсімі біткен соң оның өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде Қазақстан Республикасына нақты әкелінуі жүзеге асырылған жағдайда, осы бапта көзделген төмендетуші коэффициент осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде қайта өңдеу үшін берілген барлық шикі мұнайға қолданылмайды.».
9) 635-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі салық төлеушiнiң банктiк шоттарына валюталық пайданың түсуi жөніндегі осы тармақтың талаптары осы Кодекстiң 245-бабының 2-тармағында көрcетiлген салық төлеушiлерге қолданылмайды.».
4. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж. № 3, 32-құжат):
1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылжымалы мүлік – көлік құралдары, магистралдық құбырдың желілік бөлігі, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, оның ішінде болашақтағы өнімге құқық және заңнамалық актілермен жылжымайтын затқа жатқызылмаған өзге де мүлік;».
5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж, № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж. № 9, 15; 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырлысын:
«2.1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табиғи монополия аясына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай шарттардың жиынтығы сақталған жағдайда осы Заң қолданылмайды:
1) осындай қызметтің кірістері барлық қызметтен күнтізбелік бір жыл ішінде түскен кірістердің бір процентінен аспауға тиіс;
2) табиғи монополия аясына жатқызылған қызметтерге тарифтің 2012 жылғы 1 қаңтарға қолданылатын деңгейін сақтау.»;
2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Магистралдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен магистралдық құбырға қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткiзудi тең жағдайларда ұсынуға;».
6. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырлысын:
«10-1-бап. Салық салынатын объектілер мен нарықтық бағаны
қалыптастыратын жекелеген жағдайлардағы салық
салумен байланысты объектілерді түзету
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімімен жеңілдікті салық салу елдерінде тіркелген тараптармен мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібін (әдістемені) 2012 жылғы 30 маусымға дейін белгілейді.
Мәміле бағасы осы бапқа сәйкес белгіленген тәртіпке (әдістемеге) сай қалыптастырылған жағдайларда мұндай мәміле бағасы нарықтық болып табылады, осы Заңмен белгіленген нарықтық бағаны айқындау әдістері қолданылмайды және салық салумен байланысты объектілерді және (немесе) салық салу объектілерін түзету жүргізілмейді. Осы бапқа сәйкес белгіленген нарықтық бағаны айқындау тәртібі (әдістемесі) өнімді бөлу туралы келісім күшіне енген күннен бастап жасалған мәмілелерге қолданылады.».
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, № 11, 14; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі талаптары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 1-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж. № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 11, 14-құжат; 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 11 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 3 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63) магистралдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктер мен объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;»;
64) және 65) тармақшалар алып тасталсын;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жерді, суды (жерасты суларынан және емдік балшықтардан басқа), орманды, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, атмосфералық ауаны, магистралдық құбырды пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен реттеледі.»;
3) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) графиктермен (жылдық және ай сайынғы) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс өңдеу үшін мұнай мөлшерін қажет болған жағдайда ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін жабуға қажетті көлемде айқындау;»;
4) 10-тарау алып тасталсын.
9. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 31 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 11 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
көрсетілген Заңға қосымшада:
1-тармақта:
35) тармақша алып тасталсын;
96) тармақшадағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 97) тармақшамен толықтырылсын:
«97) Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жүзеге асырылады.»;
2-тармақта:
16) тармақшадағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүзеге асырылады.»;
10. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мұнай беруші – осы Заңда белгіленген шарттарда өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 7-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан мұнай өнімдерін өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудің жер қойнауын пайдаланушыларға арналған кестелерін бекітеді;»;
3) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдерді ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесін бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан мұнай өнімдерін өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін бекітеді және ол бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.».
2-бап. 1-баптың 3-тармағының 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1) тармақшасын, 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін сегізінші, тоғызыншы, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын, 1-баптың 3-тармағының 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3), 4) тармақшаларын, 1-баптың 3-тармағының 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9) тармақшасын, 1-баптың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6 және 7-тармақтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
1-баптың 3-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшалары 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті