"Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 399 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 10, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесінде:

      "ҚР СЭҚ ТН коды" деген бағанда:

      "ҚР СЭҚ ТН" деген сөздер "КО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "0206 49 200 1" және "0206 49 800 1" деген сандар "0206 49 000 1" деген сандармен ауыстырылсын;

      "3307 90 000 0" деген сандар "3307 90 000 1" деген сандармен ауыстырылсын;

      "3701 10 100 0" деген сандар "3701 10 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "3707 90 110 0" деген сандар "3707 90 200 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мына:

      "

3920-дан(**)

фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған материалдар


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3920-дан(**)

фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын пластмассадан, кеуексіз және бекемделмеген, қабатты емес, ұлтансыз және басқа материалдармен ұқсас тәсілмен қосылмаған плиталар, қаңылтырлар, үлдір және жолақтар немесе таспалар, басқалар


      ";

      "3926 90 980 1" деген сандар "3926 90 970 1-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "3926 90 980 9" деген сандар "3926 90 970 7-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "4014 90 100 0" деген сандар "4014 90 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "4014 90 900 0" деген сандар "4014 90 000 0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "7326 90 980 0" деген сандар "7326 90 980 9-дан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "7607 19 910 0" және "7607 19 990 0" деген сандар "7607 19 900 0" деген сандармен ауыстырылсын;

      "8539 49" деген сандар "8539 49 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "9003 19 100 0" деген сандар "9003 19 000 1" деген сандармен ауыстырылсын;

      "9030 10 900 0" деген сандар "9030 10 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "9106 90 100 0" деген сандар "9106 90 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "9405 10 280 1" және "9405 10 300 1" деген сандар тиісінше "9405 10 400 1" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Тауарлар номенклатурасы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) коды және тауар атауы бойынша анықталады" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарлар номенклатурасы Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН) коды және тауар атауы бойынша анықталады".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады