Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 408 Қаулысы

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мақтаарал ауданының әкімшілік шекарасына Шардара ауданынан берілетін 8500,0 гектар жерді қосу жолымен Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады