"Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 418 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Ахметов - Қазақстан Республикасы

      Серік Нығметұлы Премьер-Министрінің бірінші

       орынбасары, төраға

      Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған

      Мирлан Бегежанұлы ортаны қорғау вице-министрі

      Омаров - Қазақстан Республикасы Спорт және

      Мұрат Ескелдіұлы дене шынықтыру істері агенттігі

       төрағасының орынбасары

      Сыздықов - Қазақстан Республикасы

      Тито Уақапұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өңірлік

       даму бөлімінің меңгерушісі

      Мәтішев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті

      Әлиақпар Болатұлы қорғау агенттігі (Монополияға қарсы

       агенттік) төрағасының орынбасары;

       мына:

      "Сағынтаев - Қазақстан Республикасының

      Бақытжан Әбдірұлы Экономикалық даму және сауда

       министрі, төраға"

      "Құсайынов - Қазақстан Республикасының

      Марат Әпсеметұлы Экономикалық даму және сауда

       вице-министрі, төрағаның орынбасары"

       деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сағынтаев - Қазақстан Республикасының

      Бақытжан Әбдірұлы Экономикалық даму және сауда

       министрі, төрағаның орынбасары"

      "Құсайынов - Қазақстан Республикасының

      Марат Әпсеметұлы Экономикалық даму және сауда

       вице-министрі";

      көрсетілген құрамнан Руслан Ескендірұлы Бөлтіріков, Талғат Амангелдіұлы Ермегияев, Борис Анатольевич Парсегов, Сайлаухан Ғазизұлы Райымбеков, Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады