Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "КентауСуШар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының конкурстық массасын өткізудің айрықша шарттары мен тәртібі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 424 қаулысы

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Конкурстық массаны өткізудің:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «КентауСуШар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті өндірістің бірыңғай технологиялық циклін қамтамасыз ететін Кәсіпорын мүлкін сатуды бірыңғай лотпен (бұдан әрі - лот) жүзеге асыруды;
      2) лотты сатудың әкімшілік шығыстар мен бірінші және екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес ең төменгі бағасын белгілеуді;
      3) аукционға мемлекет бақылайтын және Кентау мен Түркістан қалаларының сумен жабықтау саласындағы объектілерін пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келіскен заңды тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етуді;
      4) конкурстық басқарушыға лотты сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтке дейін Кентау мен Түркістан қалаларын сумен жабдықтау саласындағы үздіксіз шаруашылық қызметті қамтамасыз ету үшін шарттар жасасу құқығын беруді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      2. Бірыңғай лотты сатып алушыға Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауды көздейтін қосымша талаптар белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады