"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 437 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар
саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына
өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Кеңестің жұмыс органы жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
      Жұмыс органы:
      1) Кеңестің қызметін ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді;
      2) ақпаратты жинап-өңдеуді, жастар саясатының іске асырылуын талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;
      3) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысады;
      4) жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;
      5) Кеңес қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады