Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы
2011 жылғы 10 қазанда Бішкекте жасалған 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты статутының 29-бабын басшылыққа ала отырып,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттан туындайтын халықаралық міндеттемелерді ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2010 жылғы 5 шiлдедегi Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына (бұдан әрі – Статут) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1. Статуттың 14-бабы 2-тармағының в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«в) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өтiнiшi бойынша қарайды».
2. Статуттың 14-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Сотқа 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы шартқа сәйкес жүгiнедi».
3. Статуттың 24-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап
1. Осы Статуттың 14-бабы 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген субъектiлердiң өтiнiштерiн қарастыру үшiн Сот Регламентте белгiленген тәртiпте құрамына Кеден одағына мүше мемлекеттер Сотының барлық судьялары кiретiн Сот Алқасын құрады.
Сот Алқасының шешiмi Сот шешiмi болып табылады.
2. Осы Статуттың 14-бабы 2-тармағының в) тармақшасында көзделген субъектiлердiң өтiнiштерi бойынша Кеден одағы шеңберiнде iстердi қарастыру және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi, сондай-ақ өзге де оның iшiнде Сот шешiмдерiн шығаруға және орындауға байланысты мәселелер 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы шартпен реттеледi.
3. Сот осы баптың 1-тармағында көрсетiлген өтiнiштер бойынша iстердi қарау шеңберiнде Регламентке сәйкес ерекше жағдайларда Сот тұрған жерден өзге жерде бiр немесе бiрнеше көшпелi отырыс өткізуі мүмкiн.»;
4. Статуттың 25-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтiнiш бойынша Сот шешiмi Сот өтiнiштi қабылдаған күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзiмде шығарылады.».
5. Статуттың 30-бабының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Статут қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий үшiншi ратификациялық грамотаны алған күннен бастап күшiне енедi. Осы Статутты кейiнiрек ратификациялаған Тараптар үшiн ол ратификациялық грамоталарды депозитарий алған күннен бастап күшiне енедi».
2-бап
1. Осы Хаттама ратификациялауға жатады және депозитарий үшiншi ратификациялық грамотаны алған күннен бастап күшiне енедi. Осы Хаттаманы кейiнiрек ратификациялаған Тараптар үшiн ол депозитарий ратификациялық грамоталарды алған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Хаттама Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуi тиiс.
2011 жылғы «10» қазанда Бішкек қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiнде сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийi бола отырып, әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін