"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 452 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 — 2015
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазакстан
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498
қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысы» туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 452 қаулысына бюджеттік шығыстар көлеміне қатысты өзгерістер енгізілді.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 7-тармағына сәйкес Агенттіктің стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.
      Енгізілген түзетулердің негізгі себебі - бюджеттік бағдарламалар, сандық көрсеткіштер кескінінде бюджеттік шығыстар сомасын сәйкестікке келтіру және редакциялық түзетулер.
      Қаулы «2012 - 2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 16 наурыздағы № 6-V Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруға қабылданды.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз