"Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 465 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларында:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      2) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме (бұдан әрі – Міндеттеме) салық қызметі органына табыс етілген жағдайда жүзеге асырылады.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 16 cәуірдегі
№ 465 қаулысына 
қосымша      

Нысан

Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге
тиіс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы
жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды
мақсатты пайдалану туралы міндеттеме

1-бөлім. Жалпы ақпарат

Алушы/импорттаушы
_____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы не дара кәсіпкердің Т.А.Ә.)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), егер бар болса

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы
«____» _____ 20 ___ ж. берілген
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (салық қызметі органының атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2-бөлім. Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен
төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн
салығы жөніндегі декларацияда көрсету

Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда _________________________
____________________________________________________________________
                            (салық кезеңі)
      үшін есепке жатқызу әдісімен бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының
(____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________ теңге сомасын көрсетуге міндеттенемін.
     (сомасы жазбаша)

3-бөлім. Қосылған құн салығын төлеу есепке алу әдісімен
жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану

Тауар ретінде мыналар әкелінді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      тауарлардың атауы, СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің
              бірыңғай тауар номенклатурасының коды)
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20 ___ жылғы «____» ___ № ___ ________________________қорытындысы.
      Осыған орай, қаржы лизингіне беруді қоспағанда, көрсетілген тауарларды одан әрі сату үшін емес, қатаң түрде мақсатты бағытына сәйкес пайдалануға міндеттенемін.
      Көрсетілген тауарлар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығының сомасы мен өсімпұл төлеуге міндеттенемін.

___________________________________________________________/________/
            (Салық төлеушінің Т.А.Ә.)                        (қолы)

Міндеттеме тапсырылған күн 20 ___ жылғы «____» ____ № ____

_________________________________________________________ /_________/
  (Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)        (қолы)

Міндеттеме қабылданған күн 20 ___ жылғы «____» _____________
Салық қызметі органының М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады