"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 466 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      156-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру үшін мемлекеттік мекеме 424 «Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.»;
      190-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аванстық төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізу кезінде мемлекетті мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 52-1-тараумен толықтырылсын:
      «52-1 тарау. Тиісті қызмет саласындағы бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын көлемдері шегінде концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының тәртібі
      499-1. Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы – бұл концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессионердің пайдалану шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
      499-2. Концессионердің пайдалану шығындары – бұл концессия шарты шеңберіндегі концессия объектісін пайдалануға және күтіп ұстауға байланысты концессионердің шығыстары.
      499-3. Пайдалану шығындарының өтемақысын бюджет қаражаты есебінен ұсыну тиісті саладағы ұсынылатын қызметтер көлемдері шегінде әлеуметтік маңызды концессиялық жобалар бойынша мүмкін болады.
      499-4. Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызды санатқа жатқызу өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      499-5. Концессионердің пайдалану шығындарының мүмкін болатын өтемақысы туралы шешімді орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастыру кезінде белгіленген қаржылық шекараларды және концессиялық міндеттемелерді қабылдау басымдықтарын ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы көзделетін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының қорытындысын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
      499-7. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының қорытындылары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган пайдалану шығындарының өтемақылары көзделетін концессиялық жобаларды ол концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесіне енгізілгенге дейінгі мерзімде тиісті бюджет комиссиясының отырысына енгізеді.
      499-8. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтің (орындалатын жұмыстардың) сапасын бұзған жағдайда концессия шартында белгіленген ең жоғарғы төлеммен салыстырғанда төмендетілуі мүмкін.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) сапасы бойынша бұзуы болмаса немесе болса ол тиісті актімен (актілермен) расталуы тиіс.
      Кызметтердің көрсетілген (жұмыстардың орындалғанын) және концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзуы бар екенін растайтын актілерге концедент пен концессионер арасында қол қойылады.
      Концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзуы болмаған жағдайда концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысы төлемдерінің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-9. Концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері бюджеттік инвестициялық объектілерді іске асыру нәтижесінде құрылған ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы төлемдерден (оның ішінде субсидиялар) аспауы тиіс.
      Пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері бюджеттiк инвестициялық объектілерді iске асырудың нәтижесiнде жасалған ұқсас объектілердi пайдалануға арналған мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын төлемдердің (оның iшiнде субсидиялар) өзгерiсіне барабар индекстелуі мүмкін.
      499-10. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қаржы жылдарына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдерінде белгіленген сома шегінде жүргізеді.
      499-11. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-12. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шартының талаптары ескеріле отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концедент қалыптастырады.
      499-13. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде бюджеттен қаржат алу үшін концедент бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер береді.
      499-14. Концедент өтінімдерді концессия шартында белгіленген төлемдер кестесіне сәйкес кезекті пайдалану шығыстары өтемақысын төлеу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді. Өтінімге қол қойылған көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актісі қоса беріледі.
      499-15. Концессионерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған төлемдердің жиынтық сомасы концессия шартында белгіленген пайдалану шығындары өтемақысының жалпы сомасына сай келуі тиіс.
      Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады