"Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 492 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 259-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының ережесi мен құрамын бекiту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.";
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылады.";
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласын қоспағанда, Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру, ақпараттандыру және мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн әзiрлеу;";
      4-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      7) тармақшадағы "үйлестіру болып табылады." деген сөздер "үйлестіру;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) ақпараттық қауiпсiздiктi және мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      9) ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзірлеу;
      10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді жетiлдiру жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
      11) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметi мен өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      12) ақпараттық жүйелердi, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның iшiнде олардың сәйкестiгiн растау мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      13) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды, қорғау жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      14) ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимылға бағытталған халықаралық уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      15) мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын іске асыру кезеңдерін талдау, оның негізінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      16) мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жоспарлары мен бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын қарау болып табылады.";
      екінші бөлікте:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттiк мекемелерде "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдастарын, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердi құру, енгiзу, сүйемелдеу және пайдалану үдерiсiн ұйымдастыру жөнiндегі және ақпараттандыру саласында қолданудан босаған активтерді одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстарды қарайды және енгiзедi;";
      8) тармақшадағы "тыңдайды." деген сөз "тыңдайды;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      9) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      11) мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      12) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізеді;
      13) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын қарайды;
      14) ақпараттық технологияларды енгізу және ақпараттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуы барысы туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      15) елiмiзде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      16) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамытуға және сүйемелдеуге байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөнiндегi ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынымдық сипатта қорытындылар береді;
      17) ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
      18) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жоспарларын және бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын іске асыруға ақша қаражаты бөлінуінің мақсатқа сай болуы туралы ұсынымдар әзірлейді;
      19) ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде мемлекеттік органдардың жұмыс үдерістерін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Комиссия өзiнiң отырыстарын жарты жылда бір рет отырыстардың бекiтiлген жоспарына сәйкес өткiзедi.";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктеледі.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 492 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 553 қаулысына   
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру
жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының
құрамы

Мәсімов                       - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы               Премьер-Министрi, төраға

Қошанов                       - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ерлан Жақанұлы                  Министрi Кеңсесiнiң Басшысы,
                                төрағаның орынбасары

Жұмағалиев                    - Қазақстан Республикасының Көлік
Асқар Қуанышұлы                 және коммуникация министрi,
                                төрағаның орынбасары

Елеусізова                    - Қазақстан Республикасы Көлік және
Құралай Болатқызы               коммуникация министрлігі Ақпараттық
                                технологиялар саласындағы
                                мемлекеттiк саясат департаментiнiң
                                директоры, хатшы

Жақыпов                       - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мірболат Қабиұлы                Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмiнiң
                                меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Биғари                        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Рүстем Айдарбекұлы              Әкiмшiлiгi Ақпараттандыру және
                                ақпараттық ресурстарды қорғау бөлiмi
                                меңгерушiсiнiң орынбасары (келiсiм
                                бойынша)

Әбіқаев                       - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұртай Әбіқайұлы                қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
                                (келiсiм бойынша)

Жанқұлиев                     - Қазақстан Республикасының "Сырбар"
Аманжол Қазбекұлы               сыртқы бақылау қызметінің директоры
                                (келісім бойынша)

Байменов                      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әлихан Мұхамедияұлы             қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы
                                (келiсiм бойынша)

Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы               министрi

Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы              Бiлiм және ғылым министрi

Имашев                          Қазақстан Республикасының Әдiлет
Берік Мәжитұлы                  министрi

Смайылов                      - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы                 агенттiгiнiң төрағасы

Исекешев                      - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                 және жаңа технологиялар министрi

Шәженова                      - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Дина Мэлсқызы                   даму және сауда министрлiгiнiң
                                жауапты хатшысы

Жасұзақов                     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сәкен Әділханұлы                министрiнiң бiрiншi орынбасары –
                                Штабтар бастықтары комитетiнiң
                                төрағасы

Айтпаева                      - Қазақстан Республикасы Бас
Сәуле Мұханбедианқызы           прокуратурасы Құқықтық статистика
                                және арнайы есепке алу комитетiнiң
                                төрайымы (келiсiм бойынша)

Ахметжанов                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Марат Мұратұлы                  қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                                қарсы күрес агенттiгi (қаржы
                                полициясы) төрағасының орынбасары
                                (келiсiм бойынша)

Оразқұлов                     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Қанат Орынтайұлы                Күзет қызметi бастығының орынбасары
                                (келiсiм бойынша)

Баяділов                      - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхамеджанұлы            Кеңесi хатшылығының сектор
                                меңгерушісі (келiсiм бойынша)

Толымбеков                    - Қазақстан Республикасы
Манат Исенұлы                   Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                                Мемлекеттiк құпияларды қорғау
                                бөлiмiнiң меңгерушiсi

Айтаев                        - Қазақстан Республикасы
Ренат Құрметжанұлы              Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                                Индустриялық-инновациялық даму
                                бөлiмiнiң меңгерушiсi

Нұрбеков                      - Қазақстан Республикасы Президентi Iс
Ержанбек Ормаханұлы             басқармасының аппарат басшысы
                                (келiсiм бойынша)

Дүйсебаев                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әбілсейіт Оразаханұлы           қауiпсiздiк комитетiнiң Арнайы
                                ақпараттық қызметінің директоры
                                (келiсiм бойынша)

Измайлов                      - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы               холдингi" акционерлiк қоғамының
                                Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)

Есмамбетов                    - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ерлан Қожабергенұлы             коммуникация министрлігі
                                "Телекоммуникация саласындағы
                                техникалық сүйемелдеу және талдау
                                орталығы" шаруашылық жүргізу
                                құқығындағы республикалық мемлекеттік
                                кәсіпорнының директоры

Әбілдин                       - "Kazsatnet" ұлттық компаниясы"
Қанат Жанатұлы                  акционерлік қоғамының Басқарма
                                төрағасы (келісім бойынша)

Еңсебаев                      - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
Руслан Сәтбекұлы                акционерлік қоғамының Басқарма
                                төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады