«Ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге
асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2012 жылғы 20 сәуiрдегi қаулысына
Баспасөз парағы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары бекітілді.
Қағидалар "Ғарыш қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзiрленген және ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
Ғарыш қызметi саласындағы жобаларға, оның iшiнде қосарлы мақсаттағы жобаларға салалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі орындылығын, техникалық мүмкiндiгiн, экономикалық тиiмдiлiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, ғарыш қызметi саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырады.
Бұл ретте қосарлы мақсаттағы жобаларға салалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiседi.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі