Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 527 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын:
      1) «Қарағанды облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы», Қарағанды қаласы;
      2) «Қостанай облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы», Қостанай қаласы;
      3) «Павлодар облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы», Павлодар қаласы;
      4) «Жамбыл облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы», Тараз қаласы;
      5) «Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығы», Өскемен қаласы.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады