"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 528 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлімде:
      «3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
      «Заңнаманы жетiлдiру, сапалы норма шығару қызметi» деген  1-стратегиялық бағытта:
      нысаналы индикаторда:
      реттік нөмірі 5-жолдың «2012», «2013», «2014», «2015» деген бағандарында «34», «33», «32», «31» деген сандар тиісінше «26», «25», «24», «23» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Сот-сараптамалық қызметтi жетiлдiру» деген 4-стратегиялық бағытта:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      реттік нөмірі 1-жолдың «2012» деген бағанындағы «88,5» деген сандар «88,7» деген сандармен ауыстырылсын;
      «5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген бөлімде:
      мына:
      «

1. Жоспарлы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтіндер ішінен жекелеген заңдардың немесе олардың нормаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес келмеу бөлігінде Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары бар заң жобаларының үлесі.
2. Жоспарлы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтіндер ішінен олардың заңгерлік пысықталмауы бөлігінде Қазақстан Республикасы Парламенті кері қайтарған заң жобаларының үлесі.
3. Үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктерді есепке ала отырып, жария талқылау қамтамасыз етілген заң жобаларының үлесі (жыл сайын әзірленетіндердің ішінен).

Барлық мемлекеттік органдар

1. НҚА жобаларын әзірлеуге мемлекеттік органдардың заң қызметтерін, салалық Ғылыми-зерттеу институттарын, Парламент депутаттарын тарту, сондай-ақ Парламент Палаталарының аппараттарымен ынтымақтастық.
2. Әділет министрлігінде мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерін тағылымдамадан өткізу.
3. Норма шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша семинарлар, «дөңгелек столдар» өткізу.

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1. Жоспарлы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкiметi әзiрлейтiндер iшiнен үздік халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген заң жобаларының үлесi.
2. Азаматтық қоғамның үкiметтiк емес ұйымдармен және бiрлестiктерімен талқылау жүргізілген заң жобаларының үлесi (жыл сайын әзiрленетiндердiң iшiнен).
3. Парламентке енгізілуге жататын Үкімет әзірлеген заң жобаларына жүргізілген лингвистикалық сараптамалар үлесі.

Барлық мемлекеттік органдар

1. НҚА жобаларын әзірлеуге мемлекеттік органдардың заң қызметтерін, салалық ғылыми-зерттеу институттарын, Парламент депутаттарын тарту, сондай-ақ Парламент Палаталарының аппараттарымен ынтымақтастық.
2. Әділет министрлігінде мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерін тағылымдамадан өткізу.
3. Норма шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу.

                                                                  »;
      «7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
      «7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
      «001 Мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттiк бағдарламада:
      «Бюджеттiк шығыстар көлемi» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «8 206 894» деген сандар «8 348 754» деген сандармен ауыстырылсын;
      «002 Сот сараптамаларын жүргiзу» деген бюджеттiк бағдарламада:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      «2012 жыл», «2013 жыл», «2014 жыл» деген бағандарда:
      «сапасыз өткізілген сот-сараптамалық мәселелері бойынша түскен арыздардың жалпы санынан жеке және заңды тұлғалардың, құқық қорғау және сот органдарының дәлелденбеген шағымдары мен арыздарының үлесі» деген жолдағы «9,2», «8,7», «8,2» деген сандар тиісінше «88,7», «90,5», «92,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсеткіштерге қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      «2) сот-сараптамаларының зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтау» деген жолдағы «309 518» деген сандар «725 518» деген сандармен ауыстырылсын;
      түпкі нәтиже көрсеткіштерінде:
      «2012 жыл», «2013 жыл», «2014 жыл» деген бағандарда:
      «өткізілген қайталама сот-сараптамалық зерттеулердің жалпы санынан қарама-қайшы қорытындылары бар қайталама сараптамалардың үлесі» деген жолдағы «12,5», «11», «9,5» деген сандар тиісінше «11,5», «9,5», «7,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттiк шығыстар көлемi» деген жолдағы «2 105 808» деген сандар «2 521 808» деген сандармен ауыстырылсын;
      «013 Сот актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету» деген бюджеттiк бағдарламада:
      «Сипаттама» деген жолда «сүйемелдеу (АӨЕБАЖ),» деген сөздерден кейін «ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргізу,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Бюджеттiк шығыстар көлемi» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «2 821 406» деген сандар «3 067 979» деген сандармен ауыстырылсын;
      «022 Әдiлет органдарының күрделi шығыстары» деген бюджеттiк бағдарламада:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
      мына:
      «

әділет органдарының күрделі шығыстары (мекемеден кем емес)

саны


17

34

34

34

34


                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Ғимараттар мен үй-жайларға күрделі жөндеу жүргізу (мемлекеттік мекемелерден кем емес)

саны




2




Қызметтік автокөлік сатып алу

бірл.




20

20

20


                                                                   »;
      «Бюджеттiк шығыстар көлемi» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «996 006» деген сандар «1 193 412» деген сандармен ауыстырылсын;
      «047 Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау» деген бюджеттiк бағдарламада:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарлама - 047 «Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалау және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және инвестициялық шарттар жобаларының құқықтық сараптамасы»;
      «Сипаттама» деген жолда «Мемлекеттің мүдделерін ұсынуына және қорғауына» деген сөздерден кейін «, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалаумен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен инвестициялық шарттардың жобаларына заңдық сараптамамен» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Бюджеттiк шығыстар көлемi» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1 862 957» деген сандар «5 575 478» деген сандармен ауыстырылсын;
      «055 Қазақстан Республикасының заң шығару институтының қызметін қамтамасыз ету» деген бюджеттiк бағдарламада:
      «Бюджеттiк шығыстар көлемi» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «325 615» деген сандар «312 949» деген сандармен ауыстырылсын;
      «7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кiшi бөлiмде:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттiк шығыстардың барлығы:» деген жолдағы «19 153 024» деген сандар «23 854 718» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «19 153 024» деген сандар «23 854 718» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады