Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ
«Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы
№ 294 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы
№ 294 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж.,
№ 7, 80-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесінде:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Су дайындауды және елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар).
6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.»;
7 және 8-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев