"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1077 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 607 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1077 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады