Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 624 Қаулысы

      «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен «Алатау» балалар клиникалық шипажайы» және «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізуді жалғастыру және аяқтау үшін 893703000 (сегіз жүз тоқсан үш миллион жеті жүз үш мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың  мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады