Дериваттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 633 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 17 мамырдағы
№ 633 қаулысымен   
бекітілген     

Дериваттар тізбесі

р/с

Дериваттар атауы


Өсімдіктер туындысы

1.

Ағаш безі

2.

Баданалар

3.

Бүршік

4.

Жеміс

5.

Қосалқы сүрек ресурстары (материалдар)

6.

Өркендер

7.

Саңырауқұлақтар

8.

Тамыр, тамырсабақ

9.

Тұқым

10.

Түйіндер

11.

Шайыр және ағаш шырындары

Өсімдіктерден және олардың туындыларынан өндірілген өнім

1.

Ағаш көмірі

2.

Ағаш өнімдері

3.

Гербарийлер

4.

Жабайы өсімдіктерден алынатын май

5.

Жиһаз бөлшектері

6.

Өркеннен алынған шыбықтар

7.

Кәдесыйлық бұйымдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады