"Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 635 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялардың құрамдарына мыналар енгізілсін:
      Арал теңiзi, Сырдария өзенi және Шардара су қоймасы бойынша:

Жаханов                  - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
Бақыт Дүйсенұлы

      Балқаш көлi, Алакөл көлдер жүйесi, Iле өзенi және Қапшағай су қоймасы бойынша:

Әбілда                  - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
Талғат Амангелдіұлы

Кошелев                 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Владимир Леонидович

Мұқатаев                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Серікқали                 министрлігінің Су ресурстары комитеті Су
Мұхаметкәрімұлы           ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау
                          жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
                          инспекциясының бастығы;

Нұрманбетов             - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Ермек                     министрлігі Балық шаруашылығы комитетi
Нүсіпжанұлы               Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндiк балық
                          шаруашылығы инспекциясы бастығының
                          орынбасары;
      Зайсан көлi, Бұқтырма және Шүлбi су қоймалары, Ертiс өзенi және Қ.Сәтпаев атындағы канал бойынша:

Кошелев                 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары,
Владимир Леонидович

Әшімбетов               - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары;
Нұржан Кемерұлы

Тілеубаев               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Дәурен                    министрлігінің Су ресурстары комитеті Су
Әділханұлы                ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау
                          жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының
                          бастығы;

Савинков                - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы
Роман                     «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
Владимирович              институты» жауапкершілігі шектеулі
                          серіктестігі Алтай филиалының директоры
                         (келісім бойынша);
      көрсетілген құрамдардан: Рзақұл Сәденұлы Нұртаев, Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков, Григорий Васильевич Пинчук, Асанбай Мейірбекұлы Әлсейіт, Қайрат Райымқанұлы Садықов, Манап Шарапиденұлы Көбегенов, Имажанов Мирзан Тлеуқанұлы, Евгений Вячеславович Куликов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады