Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1161 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 4-бабының 15) тармақшасына, 13-бабының  24-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 22 мамыр  
№ 652 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында
көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесі

Р/с
Атауы

Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарлар

1.

Сайлау учаскелері мен дауыс беру пункттерінде орналастыруға арналған мемлекеттік рәміздер

2.

Дауыс беруге арналған кабиналарды дайындауға арналған мата

3.

Дауыс беруге арналған кабиналар

4.

Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындауға арналған қағаз

5.

Президенттің, мәслихат депутатының омырау белгісі және оның құжаты

6.

Дауыс беруге арналған тұрақты және тасымалданатын жәшіктер

7.

Жәшіктерге арналған жиынтықтаушылар:
мөрлеуге немесе пломбалауға арналған бекіткіштер, желімделетін стикер (Қазақстан Республикасының елтаңбасы), металл бұрыштар

8.

Сайлау жәшіктерін мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құрылғылар (пломбалар)

9.

Сайлау құжаттарын сақтауға арналған металл сейф

10.

Сайлау комиссияларының мөрлері мен мөртабандары

11.

Кеңсе тауарлары

12.

Полиграфиялық және баспа өнімдері:
сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары, кандидаттардың үгіт материалдары, кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктері, президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері, дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері, президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, халықаралық байқаушылардың, президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының куәліктері, брошюралар, жаднамалар, кітаптар, күнтізбелер, күнделіктер, планингтер, сайлаушыларды сайлауға шақыру қағаздары, өзге де сайлау құжаттары

13.

Үгіттеу бейне, аудиороликтері, фильмдер

14.

Сайлау учаскелері мен дауыс беру пункттерін жарақтандыруға арналған ұйымдастыру техникасы:
компьютерлер, принтерлер, ксерокстер, факстар, телефон аппараттары, аудио және бейнеаппаратура

15.

Принтерге, көшіргіш және факсимиле аппаратына арналған шығыс материалдары

16.

А4, А3 форматты қағаз

17.

Шет мемлекеттердің үстел үстіне қойылатын жалаушалары

18.

Секьюрити пакеттері

19.

Кәдесыйлар

20.

Портфельдер, папкалар

21.

Халықаралық байқаушылар үшін Қазақстан жолдарының карта-схемалары

22.

Жанар-жағармай материалдары



Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті қызметтер

23.

Үй-жайды (соның ішінде қойманы) жалдау қызметтері:
сайлау комиссияларын орналастыру, компьютерлік техниканы, сайлау құжаттарын сақтау үшін

24.

Автокөлік қызметтері

25.

Сайлау комиссиялары үшін жабдықтарды жалдау қызметтері

26.

Байланыс қызметтері:
интернет, кәбілді телевизия, телефон, пошта

27.

Өзіне-өзі қызмет көрсету және төлемдер терминалдары арқылы ақпараттық қолдау жөніндегі қызметтер

28.

Ұялы байланыс операторларының ақпараттық смс-хабарлар жіберу жөніндегі қызметтері

29.

Жабдықтар мен техникалық жүйелерге профилактикалық және сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер

30.

Саяси пікірсайыстар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер

31.

Ақпараттық-үгіттеу бейне, аудио және баспа материалдарын БАҚ-та орналастыру жөніндегі қызметтер

32.

Сыртқы көрнекі жарнама қызметтері:
ақпараттық баннерлер, билбордтар, стенділер

33.

Ақпараттық бейнематериалды электрондық көрнекі жарнама объектілерінде көрсету жөніндегі қызметтер

34.

Кофе-брейк өткізу жөніндегі қызметтер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады