"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 662 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі
№ 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тиісті құқық қорғау органы қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша белгіленген нормативтерді тапсыруды, сондай-ақ психологиялық орнықтылығына тестілеуден өтуді;»;
      7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Құқық қорғау органдарының орталық аттестаттау комиссияларының құрамын Комиссия төрағасымен келісім бойынша олардың бірінші басшысы бекітеді.
      Өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамын құқық қорғау органының басшысы немесе Комиссия төрағасымен келісім бойынша құқық қорғау органының уәкілетті басшысы бекітеді.»;
      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Психологиялық орнықтылығын айқындау бойынша тестілеуден өту, дене шынықтыру, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша белгіленген нормативтерді тапсыру, сондай-ақ тестілеуден өткізу тәртібін, тест тапсырмаларын және лауазымдар санаттары үшін шекті мәндерді құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
      2) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Д.Қ. Мыңбай, А.Қ. Дауылбаев, Р.Т. Түсіпбеков, Қ.Н. Қасымов, Б.Б. Жәмішев, В.К. Божко, М.М. Тәжин, А.Ж. Шпекбаев»;
      реттік нөмірі 4-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «айдар ашу, ЖАК төрағасына баяндау»;
      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«7.

Аттестатталуға тиіс адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін тестілеуді өткізу барысына бақылау жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру:

Жоғары аттестаттау комиссиясы
 

Орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары


 
 
 
 
 
 
 

2012 жылғы 21 мамырға дейін
 

Мемлекеттік органның кестесіне сәйкес,ұдайы


 
 
 
 
 
 
 

Іс-шаралар жоспары, ЖАК төрағасына ақпарат

Іс-шаралар жоспары,
ЖАК төрағасына ақпарат


 
 
 
 
 
 
 

Ә.М. Байменов,
М.Е. Дәуешов
 

А.Ж. Шпекбаев
А.Қ. Дауылбаев,
Р.Т. Түсіпбеков,
Қ.Н. Қасымов,
Б.Б. Жәмішев,
В.К. Божко


      реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іс-шаралар жоспары, ЖАК төрағасына ақпарат»;
      реттік нөмірі 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«10.

ЖАК мүшелерінің ұсыныстары негізінде ЖАК жұмысының жоспарын әзірлеу және бекіту

2012 жылғы 25 мамырға дейін

ЖАК төрағасы бекіткен жұмыс жоспары

А.Ж. Шпекбаев


«11.

Премьер-Министрдің - ЖАК төрағасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру, оның құрамын және ережесін бекіту

2012 жылғы 25 мамырға дейін

Премьер-Министр өкімі

Премьер-Министр Кеңсесі

»;

      реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 15-жолдың 3 және 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2012 жылғы 15 мамырға дейін»,
      «ЖАК төрағасы бекіткен кесте»;
      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«16.

ЖАК аттестаттауға тиіс адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын өткізу және мемлекеттік органдардың ЖАК-тың жұмыс органына ақпарат беруі:

2012 жылғы 15 мамырға дейін, ЖАК өткізу кезеңінде ұдайы

Мемлекеттік органдарға сауалдар, мемлекеттік органдардың ЖАК-тың жұмыс органына ақпараты

А.Қ. Дауылбаев,
Н.Ә. Әбіқаев,
А.Қ. Жанқұлиев,
Р.Т. Түсіпбеков,
Қ.Н. Қасымов,
Е.Х. Қазыханов,
Б.Б. Жәмішев,
Б.М. Имашев,
А.Ж. Шпекбаев

 
 
 
 
 
 
 
 

»;

      реттік нөмірлері 18 және 19-жолдардың 3 және 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2012 жылғы 18 мамырға дейін»,
      «кесте, ЖАК төрағасына есеп»;
      реттік нөмірі 20 және 21-жолдардың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2012 жылғы 12 маусымға дейін»;
      «2012 жылғы 12 маусымға дейін»;
      реттік нөмірі 22-жолдың 2 және 3-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аттестатталатын адамдардың психологиялық орнықтылығын айқындау бойынша тестілеуді өткізуді ұйымдастыру»,
      «2012 жылғы 14 маусымға дейін»;
      реттік нөмірі 23-жолдың 2 және 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖАК отырысына материалдарды дайындау (тізімдерді, қойылатын сұрақтарды қалыптастыру, тестілеудің, нормативтерді тапсырудың, тексеру іс-шараларының, психологиялық орнықтылығын айқындау бойынша тестілеудің нәтижелері туралы ақпаратты қорыту)»,
      «А.Қ. Дауылбаев, Р.Т. Түсіпбеков, Қ.Н. Қасымов, Б.Б. Жәмішев, В.К. Божко, М.М. Тәжин, А.Ж. Шпекбаев»;
      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«24.

ЖАК-тың:
орталық аттестаттау комиссиясына кандидаттармен, құқық қорғау органдары аумақтық бөліністерінің басшыларымен және олардың орынбасарларымен; құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарларымен, ведомстволардың басшыларымен және олардың орынбасарларымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық жоғары оқу орындарының басшыларымен; құқық қорғау органдары орталық аппаратының құрылымдық бөліністерінің басшыларымен әңгімелесу өткізуі


 
 
 
 

2012 жылғы 25 маусымға дейін
 
 
 
 
 

2012 жылғы 25 маусымға дейін
 
 
 
 
 

2012 жылғы 25 маусымға дейін

Хаттамалар

А.Ж. Шпекбаев,
А.Қ. Дауылбаев,
Р.Т. Түсіпбеков,
Қ.Н. Қасымов,
Б.Б. Жәмішев,
В.К. Божко

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

»;

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«27.

Орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары өткізетін кезектен тыс аттестаттауды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және ЖАК отырысында қарау

2012 жылғы 25 мамырға дейін

Бұйрықтар, ЖАК хаттамасы

А.Қ. Дауылбаев,
Р.Т. Түсіпбеков,
Қ.Н. Қасымов,
Б.Б. Жәмішев,
В.К. Божко,
А.Ж. Шпекбаев

 
 
 
 
 
 
 

»;

      реттік нөмірлері 29 және 30-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«29.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне тестілеуді өткізу кестесін жасау және ЖАК-тың жұмыс органына ұсыну

2012 жылғы 20 мамырға дейін

кесте

А.Қ. Дауылбаев,
Р.Т. Түсіпбеков,
Қ.Н. Қасымов,
Б.Б. Жәмішев,
В.К. Божко,
А.Ж. Шпекбаев


30.

Дене шынықтыру, жауынгерлік және қызметтік даярлығы бойынша нормативтерді қабылдау кестесін жасау және ЖАК-тың жұмыс органына ұсыну

2012 жылғы 20 мамырға дейін

кесте

Р.Т. Түсіпбеков,
Қ.Н. Қасымов,
Б.Б. Жәмішев,
В.К. Божко,
А.Ж. Шпекбаев


 
 
 
 
 

»;

      реттік нөмірі 34-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аттестатталатын адамдардың психологиялық орнықтылығын айқындау бойынша тестілеуді өткізу»;
      реттік нөмірі 35-жолдың 2 және 3-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орталық аттестаттау комиссияларының құрамын қалыптастыру және ЖАК төрағасымен келісу»;
      «2012 жылғы 20 маусымға дейін»;
      реттік нөмірі 36-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖАК отырысына материалдар дайындау (тізімдерді, қойылатын мәселелерді қалыптастыру, тестілеудің, нормативтерді тапсырудың, тексеру іс-шараларының, психологиялық орнықтылығын айқындау бойынша тестілеудің нәтижелері туралы ақпаратты қорыту)»,
      реттік нөмірі 38-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік органдардың Орталық аттестаттау комиссиясы өткізген аттестаттау қорытындысы туралы ақпаратты ЖАК төрағасына ұсынуы»;
      реттік нөмірі 39 және 43-жолдардың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2012 жылғы 25 мамырға дейін»,
      «2012 жылғы шілде - 30 қазанға дейін»;
      реттік нөмірі 45-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аттестатталатын адамдардың психологиялық орнықтылығын айқындау бойынша тестілеуді өткізуді ұйымдастыру»,
      реттік нөмірі 46-жолдың 2 және 3-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамын қалыптастыру және ЖАК төрағасымен келісу»;
      «2012 жылғы 20 шілдеге дейін»;
      реттік нөмірі 47-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖАК отырысына материалдар дайындау (тізімдерді, қойылатын мәселелерді қалыптастыру, тестілеудің, нормативтерді тапсырудың, тексеру іс-шараларының, психологиялық орнықтылығын айқындау бойынша тестілеудің нәтижелері туралы ақпаратты қорыту)»,
      реттік нөмірі 50-жолдың 2 және 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖАК төрағасына кезектен тыс аттестаттауды өткізу қорытындысы туралы құқық қорғау органдарының есептері»,
      «ЖАК төрағасына ақпарат»;
      реттік нөмірі 51-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«51.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызмет-керлерін кезектен тыс аттестаттау қорытындысы туралы ЖАК жұмыс органының есептерін қарау
 

Жұмыс органының және ЖАК мүшелерінің Мемлекет басшысына ЖАК төрағасы баяндамасының жобасын дайындауы

2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін
 
 
 
 
 
 
 

2012 жылғы 25 желтоқсанға дейін

ЖАК алдындағы жұмыс органының есебі, ЖАК хаттамасы
 
 
 
 

баяндама жобасы


А.Ж. Шпекбаев
 
 
 
 

М.М. Тәжин,
Т.С. Донақов,
М.Б. Қасымбеков,
А.Қ. Дауылбаев,
Р.Т. Түсіпбеков,
Қ.Н. Қасымов,
Б.Б. Жәмішев,
В.К. Божко,
А.Ж. Шпекбаев


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

».

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады