Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 671 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан  Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының  2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін  беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субьектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 346-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 174 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 86-құжат)
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 671 қаулысымен 
бекітілген     

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта
аттестаттау жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аттестаттау – Қазақстан Республикасының заңнамасымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге қойылатын талаптарға жеке және заңды тұлғалардың сәйкестігін айқындаудың (растаудың) кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсімі;
      2) аттестат – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттің танығандығы туралы куәландыратын құжат;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның комитеті;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – ведомствоның аумақтық бөлімшелері) – тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктерде (аудан, облыс, облыстық немесе республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан ведомствоның аумақтық бөлімшелері;
      6) өтініш беруші – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің аттестатын алуға үміткер жеке немесе заңды тұлға немесе аттестаттың қолданылуын ұзартуға ниетті асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект.
      3. Аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъекті мәртебесін алуға ниетті жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша өткізіледі.
      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъекті мәртебесін беру ведомствоның шешімімен жүргізіліп, аттестат тапсырылады.
      5. Аттестаттың қолданылу мерзімі - бес жыл.
      6. Аттестаттың қолданылуы ол берілген күннен бастап есептеледі.
      7. Субъектілерді қайта аттестаттау аттестаттың қолданылу мерзімін ұзартуға тілек білдірген асыл тұқымды мал шаруашылығындағы саласындағы субъектінің өтініші негізінде жүргізіледі.
      8. Осы Қағидаларда көзделген талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлғалар үшін тең негізде және шарттарда аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізіледі.
      9. Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізу үшін ведомствоның шешімімен комиссия ( бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
      10. Комиссия құрамына уәкілетті органның, оның ведомствосының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының және жоғары оқу орындарының ғалымдары, мал шаруашылығы саласында қызметпен айналысатын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
      11. Комиссия құрамы тақ санды, саны кемінде үш адамнан тұрады.

2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу тәртібі

      12. Асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық немесе асыл тұқымдық репродуктор мәртебесін алуға үміткер өтініш берушілер ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттар тапсырады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      2) мыналар: жеке тұлға - жеке куәлігі және/немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі түпнұсқалары және көшірмелері, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      заңды тұлға – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығындағы саласындағы субъекті мәртебесін алуға үміткер жеке немесе заңды тұлға мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген жануарлардың сынақтан өткізілген немесе жасалып жатқан тұқымдарымен, типтерімен, кростарымен селекциялық-мал тұқымын асылдандыру жұмысы жоспарының түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      4) осы Қағидалардың 212-қосымшаларындағы бағыттар бойынша асыл тұқымды мал өнімділігінің сан және сапа көрсеткіштері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар;
      5) меншік құқығында материалдық-техникалық базасының бар екендігін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың, ұзақ мерзімді жалға алу шартының (кемінде 5 жыл) немесе лизинг шартының түпнұсқалары және көшірмелері, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      6) жем-шөптің бар екендігін растайтын заңды тұлғалар үшін бухгалтерияның анықтамасы, жеке тұлғалар үшін қожалық басшысының мөрі қойылып, қолымен расталған анықтама;
      7) малдарды өз өнімділігі бойынша және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізілгенін растайтын бағалау журналының немесе ұрпағының сапасы бойынша тексеру журналының түпнұсқалары және көшірмелері (асыл тұқымды зауыттар үшін), салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      8) асыл тұқымды малдарға бағалау жүргізілгенін растайтын жиынтық бағалау ведомосының түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      9) зоотехниялық және (немесе) ветеринариялық білімі бар мамандардың дипломының түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      10) тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында малдың жұқпалы аурулары (туберкулез, бруцелез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқыныңшағылысу аурулары, эпизоотиялық лимфангит), сондай-ақ  Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізімінің аурулары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен эпизоотиялық жағдай туралы тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің мал дәрігері берген ветеринариялық анықтама;
      11) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытынды және тағайындалған есептік нөмірдің берілгені туралы растаманың көшірмесі.
      13. Асыл тұқымдық орталық мәртебесін алуға үміткер заңды тұлғалар осы Қағидалардың 12-тармағының 1)2)6)7)8)9)10) және 11) тармақшаларында көрсетілгендерден басқа мынадай құжаттарды ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне тапсырады:
      1) малдың өсірілетін тұқымдары бойынша ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның, асыл тұқымдық зауыттардың және асыл тұқымдық шаруашылықтардың селекциялық-асылдандыру жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін жұмыс жоспарының түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      2) жоғары өнімді асыл тұқымды тұқымдық малдардың бар екендігін растайтын асыл тұқымдық куәліктерінің түпнұсқалары және көшірмелері, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      3) меншік құқығында типтік өндірістік үй-жай кешенінің (тұқымдық малдардың ұрықтарын төменгі температурада мұздатуға және сақтауға арналған арнайы зертхананы, ветеринариялық объектілерді, зертханалық және криогендік жабдықтарды қоса алғанда) бар екендігін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың, ұзақ мерзімді жалға алу шартының (кемінде 5 жыл) немесе лизинг шартының түпнұсқалары және көшірмелері, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      4) бірдейлендіру жүргізілгенін растайтын ветеринарлық  паспорттардың түпнұсқалары және көшірмелері, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасы бар екендігін растайтын жергілікті атқару органнан алынған үзінді.
      14. Асыл тұқымды малдардың ұрықтарын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталық мәртебесін алуға үміткер заңды тұлғалар осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 9), 10) және 11) және 13-тармағының 1) тармақшаларында көзделгендерден басқа қосымша ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне меншік құқығында материалдық-техникалық базасының (стационарлық биоқоймалары бар өндірістік үй-жайларды, зертханалық және криогендік жабдықтарды қоса алғанда) бар екендігін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың, ұзақ мерзімді жалға алу шартының (кемінде 5 жыл) немесе лизинг шартының түпнұсқаларын және көшірмелерін тапсырады, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      15. Осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес таңдаған қызмет көрсету бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) мәртебесін алуға үміткер жеке тұлғалар ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттар тапсырады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      2) жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
      3) зоотехния, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы немесе биотехнология мамандықтары бойынша білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
      4) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бағалаушылар курсынан өткендігі туралы сертификатының түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман мәртебесін алуға үміткер жеке тұлғалар ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттар тапсырады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      2) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
      3) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман мәртебесін алуға үміткер өтініш беруші үшін зоотехния, мал өнімдері өндірісінің технологиясы, биотехнология немесе ветеринария мамандықтары бойынша білімі туралы дипломының түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
      4) техник-ұрықтандырушы үшін ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру жөніндегі курстан өткендігі туралы сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      5) қайта аттестаттау кезінде біліктілігін арттыру жөніндегі курстан өткендігі туралы сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі,  салыстырылып тексерілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
      6) меншік құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, материалдар мен технологиялық жабдықтардың) бар екендігін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың, ұзақ мерзімді жалға алу шартының (кемінде 5 жыл) немесе лизинг шартының түпнұсқалары және көшірмелері, салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      17. Құжаттарды қабылдап алғаннан кейін ведомствоның аумақтық бөлімшелері өтініш берушіге өтініштің қабылданған күнін көрсетіп өтініштің көшірмесін береді және осы Қағидалардың 1213 және  14-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 3 күн ішінде аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш берушінің тұратын жеріне барып ұсынылған мәліметтерді:
      1) асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық репродуктор мәртебесін алуға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) есебін жүргізуі бойынша, асыл тұқымды малдардарында ветеринарлық паспорттарының бар болуы бойынша және материалдық-техникалық базасының, мал өнімділігінің саны және сапасы көрсеткіштерінің осы Қағидалардың 12-тармағының 4) және  5) тармақшаларындағыкөрсеткіштерге сәйкес келуі бойынша;
      2) асыл тұқымдық орталық немесе дистрибьютерлік орталық мәртебесін алуға өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нысандар бойынша асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) есебін жүргізуі бойынша, материалдық-техникалық базасының осы Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында және 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі бойынша салыстырып тексереді.
      18. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері осы Қағидалардың 17-тармағындағы көрсетілген рәсімдер нәтижесі негізінде үш жұмыс күні ішінде құжаттар тізбесін ведомствоға жібереді не өтініш берушіге қарауға қабылдамау себептерін көрсетіп қайтарады. Талап етілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну оларды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
      19. Өтініш беруші құжаттарды қарауға қабылдаудан бас тарту себептерін жойғаннан кейін, қайтадан берілген өтініш осы Қағидаларда көзделген тәртіпте қаралады.
      20. Ведомство аумақтық бөлімшелерден отыз күнтізбелік күн ішінде өтінімдерді жинауды жүзеге асырады және оларды Комиссияның қарауына жібереді.
      21. Комиссия ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 2-12-қосымшаларындағы ең төменгі көрсеткіштерге сәйкестігін олар түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күн мерзімінде қарап, нәтижелері бойынша шешім шығарады және ведомствоға жібереді.
      22. Комиссия шешімін алғаннан кейін, Қағидалардың 2–12-қосымшаларында көрсетілген көрсеткіштерге сай келетін өтініш берушінің ұсынған құжаттарын ведомство үш жұмыс күні ішінде жеке және заңды тұлғаларға аттестат бере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъекті мәртебесін береді.
      23. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъекті мәртебесін беру туралы аттестат осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ведомствоның шешімі шыққан күннен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.
      24. Аттестат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша өзге тұлғаға аттестат беру журналына қол қою арқылы беріледі.
      25. Аттестаттың бланкісі типографиялық әдіспен нөмірленеді және қорғаныс деңгейімен қамтамасыз етіледі.
      26. Аттестаттарды рәсімдеу тегін жүзеге асырылады.
      27. Аттестат жоғалған (бүлінген) жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жоғалту (бүліну) себебін көрсетіп, аттестаттың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
      28. Ведомство осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, аттестаттың телнұсқасын беру туралы өтінішті тіркеген күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде аттестаттың телнұсқасын береді.
      29. Тапсырылған құжаттарда берілген мәліметтерден айырмашылық, дәлсіздік немесе анық еместік шыққан жағдайда ведомство асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиісті субъект мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
      30. Өтініш беруші оған аттестат беруден бас тартудың себептерін жойғаннан кейін, қайтадан берілген өтініш осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қаралады.
      31. Аттестат беруден бас тарту туралы шешімге өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 1-қосымша   

_____________________________________________________________________
(асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті
_____________________________________________________________________
органның толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
         (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

______________________________________________________ мәртебесін алу
            (мәртебенің толық атауы көрсетіледі)
      үшін аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткізуіңізді және берілген құжаттардың растығын тұрғылықты орынға келіп зерттеулеріңізді өтінемін.
      Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік
_____________________________________________________________________
            (№ кім және қашан берген, аудан, облыс,
_____________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті)
2. Тұрғылықты жері __________________________________________________
                       (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №,
                                        телефон, факс)
3. Есеп-айырысу шоты ________________________________________________
                                    (СТН,
_____________________________________________________________________
               шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)

      Заңды тұлға туралы мәлімет:
1. Меншік түрi ______________________________________________________
2. Құрылған жылы ____________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік _____________________________
_____________________________________________________________________
             (№ кім және қашан берген, аудан, облыс)
4. Мекенжайы ________________________________________________________
          (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
5. Есеп-айырысу шоты ________________________________________________
                    (банктегі шоттың №, банктің атауы және орналасқан
                                          жері)
6. Филиалы, өкілдігi ________________________________________________
                        (орналасқан жері және деректемелері)
__________________    _______________________________________________
     (қолы)                               (аты-жөні)
Мөрдің орыны
«___»___________20_____жыл
Өтініш қарауға алынды «___»___________20__ жыл
_____________________________________________________________________
        (ведомствоның аумақтық бөлімшесі маманының қолы, тегі, аты,
                        әкесінің аты)

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 2-қосымша   

Қой және ешкі шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және
асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі
көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Асыл тұқымдық зауыттар

Асыл тұқымдық шаруашылықтар

Өнімділік бағыты биязы жүнді қойлар

Асыл тұқымды саулықтардың саны, бас

3600

1000

Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің салмағы, килограмм

5

4

100 асыл тұқымды саулықтан бөлінген кезде алынған төл, бас

95

90

Жоғары класты саулықтардың үлес салмағы, %

65

50

Өнімділік бағыты жартылай биязы жүнді қойлар

Асыл тұқымды саулықтардың саны, бас

3000

1000

Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің салмағы, килограмм

4

3

100 асыл тұқымды саулықтан бөлінген кезде алынған төл, бас

95

90

Жоғары класты саулықтардың үлес салмағы, %

55

45

Өнімділік бағыты қылшық жүнді қойлар

Асыл тұқымды саулықтардың саны, бас

4800

1000

Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің салмағы, килограмм

2,1

1,8

100 асыл тұқымды саулықтан бөлінген кезде алынған төл, бас

90

85

Жоғары класты саулықтардың үлес салмағы, %

70

65

Өнімділік бағыты ұяң жүнді қойлар

Асыл тұқымды саулықтардың саны, бас

3600

1000

Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің салмағы, килограмм

2,5

2,1

100 асыл тұқымды саулықтан бөлінген кезде алынған төл, бас

90

85

Жоғары класты саулықтардың үлес салмағы, %

65

50

Қаракөл қой тұқымы

Асыл тұқымды саулықтар саны, бас

4200

1000

Бірінші сортты қаракөл шығымы, %



Қара түсті

85

80

сұр және алтын сұр түсті

80

75

Ақ және қызғылт түсті

70

60

Ірі және орта көлемдегі қаракөл шығымы, %

85

80

100 асыл тұқымды саулықтан бөлінген кезде алынған төл, бас

95

90

Жоғары класты саулықтардың үлес салмағы, %

60

55

Өнімділігі жүн бағытындағы ешкі шаруашылығы

Асыл тұқымды ешкілердің саны, бас

1500

900

Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің салмағы, грамм

1700

1500

100 асыл тұқымды ешкіден бөлінген кезде алынған төл, бас

95

90

Жоғары класты ешкілердің үлес салмағы, %

55

45

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 3-қосымша   

Шошқа шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл
тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Асыл тұқымдық зауыттар

Асыл тұқымдық шаруашылықтар

Асыл тұқымды мегежіндердің саны, бас

100

50

Жалпы бағалау бойынша асыл тұқымды шошқалардың саны (бағалау нәтижесі бойынша):





2 жастан асқан негізгі қабандар, %

элита-рекорд және элита
80

элита-рекорд және элита
70

негізгі мегежіндер, %

элита
70

элита
50

алмастырушы еркек торайлар, %

элита
80

элита
70

алмастырушы ұрғашы торайлар, %

элита
80

элита
70

Зауыттық желінің болуы

2

-

Асыл тұқымды мегежіндердің өнімділігін бағалау:





көптөлділік, бас

11

10

сүттілігі, килограмм

50

45

2 айдағы ұя салмағы, килограмм

180

160

Ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды негізгі қабандардың үлес салмағы, %

80

80

Ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды негізгі мегежіндердің үлес салмағы, %

80

60

Сатылған асыл тұқымды шошқалардың ішінде элита класының үлес салмағы, %

70

50

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 4-қосымша   

Жылқы шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауытттарды және асыл
тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Асыл тұқымдық зауыттар

Асыл тұқымдық шаруашылықтар

Асыл тұқымды жылқылардың саны, бас
оның ішінде:
қоралық жайылымдық ұстағанда:

33

11

асыл тұқымды тұқымдық айғырлар

3

1

асыл тұқымды биелер

30

10

Элита класты асыл тұқымды тұқымдық айғырлардың табындағы үлес салмағы, %

100

100

Элита класты биелер

60

30

Зауыттық желінің болуы

2

-

Сатылған төлдегі элитаның үлес салмағы, %

70

50

Асыл тұқымды жылқылардың саны, бас
оның ішінде:
жайылымдық үйірлік ұстағанда:

128

55

асыл тұқымды тұқымдық айғырлар

8

5

асыл тұқымды биелер

120

50

Элита класты асыл тұқымды тұқымдық айғырлардың табындағы үлес салмағы, %

100

100

Элита класты биелер

60

50

Зауыттық желінің болуы

2

-

Сатылған төлдегі элитаның үлес салмағы, %

60

50

Асыл тұқымды жылқылардың саны, бас
оның ішінде:
үйірлік ұстағанда:

216
 

128
 

асыл тұқымды тұқымдық айғырлар

16

8

асыл тұқымды биелер

200

120

Элита класты асыл тұқымды тұқымдық айғырлардың табындағы үлес салмағы, %

100

100

Элита класты биелер

30

20

Зауыттық желінің болуы

20

-

Сатылған төлдегі элитаның үлес салмағы, %

50

40

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 5-қосымша   

Түйе шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл
тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Түрі

Асыл тұқымды мал зауыттар

Асыл тұқымдық шаруашылықтар

Асыл тұқымды түйелердің саны, бас

Қазақтың айыр өркешті түйесі

316

108

асыл тұқымды тұқымдық үлек

16

8

асыл тұқымды аруана

300

100

элита класты асыл тұқымды тұқымдық үлектердің үлес салмағы, %

100

100

элита класты аруаналардың үлес салмағы, %

50

20

зауыттық желінің болуы

2

-

Сатылған төлдегі элитаның үлес салмағы, %

60

50

Асыл тұқымды түйелердің саны, бас

Бір өркешті түйе

128

53

асыл тұқымды тұқымдық үлек

8

3

асыл тұқымды аруана

120

50

элита класты асыл тұқымды тұқымдық үлектердің үлес салмағы, %

100

100

элита класты аруаналардың үлес салмағы, %

40

10

зауыттық желінің болуы

2

-

Сатылған төлдегі элитаның үлес салмағы, %

50

40

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 6-қосымша   

Асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі
көрсеткіштері

      1) бірінші санаты

Негізгі көрсеткіштер

Тауық

Күрке тауық

Үйрек

Қаз

Мысыр тауығы

жұмыртқалағыш

етті- жұмыртқалағыш

етті

пекин

мускус

Мекиеннен бір жылда алынған жұмыртқа, дана

225

190

165

110

190

85

50

100

Жұмыртқаны асыл тұқымдық мақсатта қолдану, жалпы өндірісінен, %

55

55

55

70

75

70

80

30


Төл шығымы, %

75

70

65

55

65

60

55

55

Төлдің сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), %

92

92

95

90

90

90

90

90

Ересек құстың сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), %

96

96

95

95

95

97

97

95

Бір желіге шаққанда селекциялық ұялардың саны, дана

60-100

60-100

60-100

60

60

60

60

60

Ішкі желілік шағылысу кезінде бір ұялық мекиеннен алынатын төл саны, бас

14

14

12

12

10

8

10

15

      2) екінші санаты      

Негізгі көрсеткіштер

Тауық

Күрке тауық

Үйрек

Қаз

Мысыр тауығы

жұмыртқалағыш

етті- жұмыртқалағыш

етті

пекин

мускус

Ересек құстың орташа жылдық саны, мың бас

15

15

15

2,0

2,5

1,5

1,5

1,0

Мекиеннің жұмыртқалағыштығы жылына, дана

225

190

165

110

180

80

40

100

Жұмыртқаны асыл тұқымдық мақсатта қолдану, жалпы өндірісінен %

55

55

55

70

70

65

80

30

Төл шығымы, %

75

70

65

55

55

55

55

55

Төлдің сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), %

92

92

95

90

90

90

90

90

Ересек құстың сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), %

96

96

95

95

95


97

95

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 7-қосымша   

Түйеқұс шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық репродукторларды
бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Африкалық түйеқұс

Австралиялық түйеқұс

Асыл тұқымды жыныстық жетілген дарақтардың ең аз саны, бас

30

20

Селекциялық ұялардың саны (1 аталық: 2-5 аналық), дана

10

10

Асыл тұқымды мекиеннен бір жылда алынған жұмыртқа, дана

50

30-40

Жұмыртқаның ұрықтануы, %

75

75

Асыл тұқымды төлдің шығымы, %

60-70

60-70

8 апталық жасына дейінгі асыл тұқымды төлдің сақталымы, %

90

90

12 айлық жасындағы асыл тұқымды төлдің тірі салмағы, килограмм

90

25

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 8-қосымша   

Марал және бұғы шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық
шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
 

Негізгі көрсеткіштер

Марал шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтар

Бұғы шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтар

марал саны, бас

300

300

оның ішінде: аталық, бас

120

120

аналық, бас

80

80

табындағы аналықтың үлес салмағы

27

27

элита және І кластың үлес салмағы





Аталық, %

40

40

Аналық, %

55

50

Бірінші туғандар, %

40

40

100 аналыққа төл шығымы, бас

38

35

Панты салмағы (шикі)



1 аталықтан, килограмм

5,5

0,8

1 бірінші туғаннан, килограмм

1,5

-

Панты салмағы (тұздалған)



1 аталықтан, килограмм

2,1

0,3

1 бірінші туғаннан, килограмм

0,6

-

шығымы % (тұздалған)

38

37

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 9-қосымша   

Үй қоян шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды
бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері 

Негізгі көрсеткіштер

Асыл тұқымды шаруашылықтар

Негізгі табындағы аналықтың саны, бас
элита және 1 клас көжектердің саны, %:

600

негізгі табындағы аталық

95

аналық

70

толықтырушы төл

60

бір туғанда негізгі аналықтан алынған төл, бас

5,5

бір аналықтан бір жылда алынған төл, бас
толықтырушы төлдің тірі салмағы, килограмм:

20

3 айлық жасында

2,4

4 айлық жасында

3,1

Сатылған асыл тұқымды төл, алынған төлден %

40

Сатылған асыл тұқымды төлдің элита және 1 класс үлесінің салмағы, %

50

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 10-қосымша  

Аң шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың
ең төменгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Асыл тұқымдық шаруашылық

Асыл тұқымды аңдардың саны ең азы, бас


құндыз

1500

түлкі

600

ақ түлкі

600

бұлғын

1000

су тышқан

1500

Негізгі табындағы элиталық аңдардың саны (I және II клас), бас



аталық

80

аналық

75

толықтырушы аталық

90

толықтырушы аналық

85

Бір аналықтан төл шығымы, бас:


Құндыз қоңыр, сұр, ампало күміс, ақшылт сұр, америкалық паломино, көгілдік күміс түсті

5,0

Басқа үлгідегі құндыздар

4,6

Қара күміс түсті түлкі

5,0

Түрлі түсті түлкі

4,5

Күміс түсті ақ түлкі

9,0

вуалево ақ түлкі

8,5

қара бұлғын

2,3

су тышқан бір аналыққа есептегенде

6,5

6 айлық жасындағы бақылау тобындағы асыл тұқымды төлдің дене ұзындығы, сантиметр:



Құндыз қоңыр, сұр, ампало күміс, ақшылт сұр, америкалық паломино, көгілдік күміс түсті:



аталық

49

аналық

41

басқа үлгідегі құндыздар:


аталық

48

аналық

40

түлкі:


аталық

72

аналық

70

ақ түлкі:


аталық

67

аналық

65

6 айлық жасындағы бақылау тобындағы асыл тұқымды төлдің тірі салмағы (дене ұзындығы бойынша деректер болмағанда), килограмм:



Құндыз қоңыр, сұр, ампало күміс, ақшылт сұр, америкалық паломино, көгілдік күміс түсті:



аталық

2,4

аналық

1,4

басқа үлгідегі құндыздар:


аталық

2,3

аналық

1,2

түлкі:


аталық

6,5

аналық

6,0

ақ түлкі:


аталық

6,5

аналық

6,0

су тышқан:


аталық

4,5

аналық

4,0

бұлғын:


аталық

1,5

аналық

1,2

Өсіру кезінде төлдің сақталуы, %


құндыз

97

су тышқан

92

басқа түрлер

98

Элиталық сатылған асыл тұқымды төлдің үлес салмағы, %

85

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 11-қосымша  

Бал ара шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтардың
негізгі көрсеткіштері

      Бал ара шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарда мынадай көрсеткіштер болуы тиіс:
      1) 50-70% жоғары өнімді асыл тұқымды бал ара ұяларынан тұруы;
      2) зоотехниялық есепті жүргізу және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуі.
      Будан аналықтарды шығаратын асыл тұқымды шаруашылық өзге тұқымның бал ара ұяларын 10% артық ұстамайды (оларды бөлек оқшауланған жерде ұстау және тек аналық ұя ретінде қолдану).
      Тұрақты азық базасымен, ал бал ара ұялары жақсы күтім және азықтандыру жағдайларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Тұқымның тазалығын сақтау үшін асыл тұқымдық шаруашылыққа немесе ауыл шаруашылығы құрылымына 10 километр радиуста орналасқан басқа тұқымның бал ара ұяларын және аналықтарын әкелуге рұқсат етілмейді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 12-қосымша  

Балық шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтардың
негізгі көрсеткіштері

      Асыл тұқымды балық шаруашылықтарында аналық балық тобының сандық құрылымы мынадай болуы тиіс:
      1) әр түрдің балық тұқымы және желісі 100 данадан кем болмауы.
      2) жыл сайын аналық топты есептен 25% дейін жаңарту үшін балық өсіруші шаруашылықтарда асыл тұқымды толықтырушы бастардың барлық жастағы - топтарының болуы тиіс.
      Аталықтары мен аналықтарының қатынасы, асыл тұқымды тұқымдық балықтың және толықтырушы топтың өнімділік сапасы, толықтырушы топтың саны қолданыстағы балық өсіру-биологиялық аймақтық нормативтеріне сәйкес келуі тиіс.
      Тұқымнан алынған асыл тұқымды материалды сату көлемі 10 миллион дана шабақтан кем болмауы тиіс.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 13-қосымша  

Ауыл шаруашылық малдарының түрі бойынша бағалаушының
(жіктеушінің) қызмет бағыты

      1. Ірі қара мал шаруашылығы:
      1) сүтті және сүтті–етті бағыт;
      2) етті бағыт.
      2. Қой шаруашылығы:
      1) биязы және жартылай биязы жүнді бағыт;
      2) етті-майлы бағыт;
      3) қаракөл бағыты.
      3. Ешкі шаруашылығы.
      4. Шошқа шаруашылығы
      5. Жылқы шаруашылығы:
      1) спорттық бағыт;
      2) өнімділік бағыт.
      6. Түйе шаруашылығы
      7. Құс шаруашылығы:
      1) тауықтар;
      2) үйректер;
      3) қаздар;
      4) күрке тауықтар;
      5) мысыр тауықтары;
      6) бөденелер;
      7) түйе құстар.
      8. Қымбат аң терісі шаруашылығы
      9. Панталық бұғы шаруашылығы
      10. Ара шаруашылығы
      11. Балық шаруашылығы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласында аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу 
қағидаларына 14-қосымша  

    нысан

_____________________________________________________________________
(асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті
        органның толық атауы)

АТТЕСТАТ

№ _________

Уәкілеті орган ведомствосының 20___жылғы «___» _______________ №_____
бұйрығының негізінде
_____________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (мәртебенің түрі)
___________________________________________________мәртебесі берілді.

Аттестат берген орган________________________________________________
                     (аттестат берген уәкілетті орган ведомствосының
_____________________________________________________________________
                              толық атауы)
Басшы________________________________________________________________
                              (Т.А.Ә., қолы)
Берілген күні 20__ жылғы «____»____________
М.О.

                                    __________________________ қаласы
                                          (қаланың атауы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады