"Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 07 шілдедегі № 08-3/383 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 тамызда № 7107 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/374 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2014 № 7-1/374 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 7 шілде № 8-3/383
бұйрығымен бекітілді   

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды
беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің стандарты (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының (бұдан әрі - аумақтық инспекция) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрі - инспектор) ұсынады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 9) тармақшасының16-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;
      2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысының (бұдан әрі - Стандарт) 1-тармағы 3) тармақшасының;
      3) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6029 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 7 шілде 2010 жыл № 10 жарияланған) негізінде көрсетіледі.
      5. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектінің ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға, сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (қағаздағы тасымалдағышта) береді;
      анықталған жөнсіздікті жоюға ұсыныстармен бірге объектінің сәйкессіздігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру (қағаздағы тасымалдағышта) болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Осы регламентте мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) регламент - «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметі бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акт;
      2) ветеринариялық-санитариялық қорытынды - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережеге, талаптар мен нормаларға, сондай-ақ объектіні құрылыс, қайта жөндеу және техникалық жабдықтау жобаларын технологиялық жобалау нормаларына сәйкестігін (сәйкес еместігін) растайтын құжат.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік органдардың орналасқан орны, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және оларды көрсетудің барысы туралы ақпаратты Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша алуға болады.
      9. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында - www.min.kz және аумақтық инспекциялардың үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу
мерзімдері:
      1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
      11. Объектінің сәйкессіздігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беруге мыналар:
      1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектісінің ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға және нормаларға сәйкессіздігінің анықталуы;
      2) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетінің, ұсынылған құжаттарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектісінің ветеринариялық-санитариялық қағидаларға, талаптарға және нормаларға сәйкестігі туралы толық ақпараттың болмауы;
      3) мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектісінің шыққан (орналасқан) орнында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы) негіз болып табылады.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету сатылары:
      1) тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор объекті иесінің өтініш беру мерзімінен:
      ұсынылған құжаттардың толықтығын (дұрыстығын) тексереді;
      өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқауы бойынша өтініш тіркелген мерзімнен бастап, инспекциялауды жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға жібереді.
      2) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектіге зерттеу жүргізеді;
      ұсынылған құжаттар бойынша объектінің сәйкестігін тексереді;
      ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға, ал өндіріс объектісін қолданысқа бергенде құрылыс, қайта жөндеу және объектінің техникалық жабдықталу жобасының технологиялық жобалау нормаларына сәйкестігін;
      инспекциялау актін рәсімдейді және құжаттар жиынтығын республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына және оның орынбасарына, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына шешім қабылдау үшін қарауға ұсынады.
      3) Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары бір жұмыс күні ішінде төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектінің ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға, ал өндіріс объектісіне бергенде құрылыс, қайта салу және объектіні техникалық жабдықтау жобасының технологиялық жобалау нормаларына сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;
      анықталған жөнсіздікті жоюға ұсыныстармен бірге объектінің сәйкессіздігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды шығарады.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау басқарма жұмысының кестесінің негізінде жұмыс күнінің ішінде бір адаммен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде
іс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) сипаттамасы

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттарды қоса беріп, Стандарттың  1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, аумақтық инспекцияға өтініш жасайды.
      Тұтынушының құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу нөмірі мен күні және мемлекеттік қызметті алатын күн көрсетілген талон болып табылады.
      15. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісін беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші дәрежелі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.
      Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде - ақы төлеу туралы түбіртек;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1155 болып енгізілді) сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде - төлем тапсырмасы.
      16. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды екі данада жасалады, бір данасы өндіріс объектісінің иесіне немесе басшысына (өкіліне) беріледі, ал екінші данасы осы құжатты берген Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда және оның орынбасарында қалады
      17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары қарастырылмаған.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) іске асырылады:
      1) тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор;
      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор;
      3) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары.
      19. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымшада көрсетілген.
      20. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру процессінің функционалдық қатынасының сызбасы мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымшада көрсетілген.

«Мемлекеттік ветеринариялық-     
санитариялық бақылау объектілеріне
ветеринариялық-санитариялық      
қорытынды беру» мемлекеттік      
қызмет регламентіне 1-қосымша    

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі
мен өзара іс әрекеттердің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі процесстің іс-әрекеттері (қимылдың, жұмыстар ағымының)

1

Іс-әрекеттің № (қимылдың, жұмыстар ағымының)

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспектор

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының және оның орынбасарының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторы

тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспектор

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор

3

Іс-әрекеттің атауы (процесстің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру; тіркеу;

Кіріс құжатпен танысу, инспекциялауды жүргізу үшін құжаттар пакетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға беру туралы нұсқау

Инспекциялауды жүргізу үшін құжаттар пакетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға беру

Объектіні зерттеу; объектінің ұсынылған құжаттарға, ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) қағидаларға, талаптар мен нормаларға сәйкестігін тексереді;

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушы-тәртіптеуші шешім)

Журналда тіркеу және құжаттар пакетін республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторына беру.

Қарар салу


инспекциялау актін рәсімдейді және құжаттар жиынтығын республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторына және оның орынбасарына, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторына шешім қабылдау үшін қарауға ұсынады.

5.

Орындау мерзімдері

30 минут

30 минут

1 жұмыс күні

1-2 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекеттің нөмері

2

3

4

5

Негізгі процесстің іс-әрекеттері (қимылдың, жұмыстар
ағымының)

1.

Іс-әрекеттің № (қимылдың, жұмыстар ағымының)

5

6

2.

ҚФБ атауы

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы

тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор

3

Іс-әрекеттің атауы (процесстің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектінің ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға, сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындысын (қағаздағы тасымалдағышта) рәсімдеу;
анықталған жөнсіздікті жоюға ұсыныстармен бірге объектінің сәйкессіздігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды рәсімдеу (қағаздағы тасымалдағышта)

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектінің ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға сәйкестігі туралы рәсімделген ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (қағаздағы тасымалдағышта) алу;

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушы-тәртіптеуші шешім)

Рәсімделген ветеринариялық-санитариялық қорытындыны мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру үшін тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға беру

Рәсімделген ветеринариялық-санитариялық қорытындыны мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

30 минут

6

Келесі іс-әрекеттің нөмері

6

7

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізі процесс

1-ҚФБ тобы тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор

2-ҚФБ тобы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторы

3-ҚФБ тобы мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспектор

№ 1 іс-әрекет Ұсынылған құжаттарды қабылдайды; ұсынылған құжаттардың толықтығын (дұрыстығын) тексеру; өтініштерді тіркеу журналында тіркеу; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына беру;

№ 2 іс-әрекет Инспекциялауды жүргізу үшін құжаттар пакетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға беру туралы нұсқау, резолюция салу

№ 4 іс-әрекет Объектіні зерттеу; объектінің ұсынылған құжаттарға, ветеринариялық (ветеринариялық- санитариялық) қағидаларға, талаптар мен нормаларға сәйкестігін тексереді; инспекциялау актісін рәсімдейді және құжаттар пакетімен бірге шешім қабылдау үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына енгізеді

№ 3 іс-әрекет инспекциялауды жүргізу үшін құжаттар пакетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға беру

№ 5 іс-әрекет мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы объектінің ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға, сәйкестігі туралы ветеринариялық - санитариялық қорытындысын (қағаздағы тасымалдағышта) рәсімдеу;
анықталған жөнсіздікті жоюға ұсыныстармен бірге объектінің сәйкессіздігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды рәсімдеу (қағаздағы тасымалдағышта).
Рәсімделген ветеринариялық- санитариялық қорытындыны мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру үшін тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға беру;


№ 6 іс-әрекет Рәсімделген ветеринариялық-санитариялық қорытындыны мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Альтернативті процесс

1-ҚФБ тобы тіркеуге жауапты мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспектор

2-ҚФБ тобы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторы

3-ҚФБ тобы мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспектор

№ 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдайды; ұсынылған құжаттардың толықтығын (дұрыстығын) тексеру; өтініштерді тіркеу журналында тіркеу; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторына беру;

№ 2 іс-әрекет Инспекциялауды жүргізу үшін құжаттар пакетін мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторға беру туралы нұсқау, резолюция салу

№ 3 іс-әрекет Объектіні зерттеу; объектінің ұсынылған құжаттарға, ветеринариялық (ветеринариялық- санитариялық) қағидаларға, талаптар мен нормаларға сәйкестігін тексереді; инспекциялау актісін рәсімдейді және құжаттар пакетімен бірге шешім қабылдау үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының және оның орынбасарының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына енгізеді

№ 5 іс-әрекет анықталған жөнсіздікті жоюға ұсыныстармен бірге объектінің сәйкессіздігі туралы ветеринариялық - санитариялық қорытындыны мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру

№ 5 іс-әрекет анықталған жөнсіздікті жоюға ұсыныстармен бірге объектінің сәйкессіздігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды рәсімдейді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады