"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 672 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 821 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Қаржыландыру көздері және көлемі» деген кіші бөлімде:
      «361613,4», «145713,4», «51152,4», «40000», «107342,7», «26500», «254270,7», «120270,7», «40000», «30000», «8500» «3000» және «1500» деген сандар тиісінше «488272,1», «146217,8», «112306,7», «105000,0», «93042,7», «12200», «395229,4», «191270,7», «51000» «60000», «8440,4», «4064,8» және «375,6» деген сандармен ауыстырылсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк жалға берiлетiн үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға – 130500 млн. теңге, оның iшiнде 2011 жылы – 10900 млн. теңге, 2012 жылы – 34600 млн. теңге, 2013 жылы – 40000 млн. теңге, 2014 жылы – 45000 млн. теңге, оның ішінде:
      әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін – 80500 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы – 10900 млн. теңге, 2012 жылы – 19600 млн. теңге, 2013 – 2014 жылдары жыл сайын 25000 млн. теңге;
      жас отбасыларына тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалдау үшін – 50000 млн. теңге, оның ішінде 2012 – 2013 жылдары жыл сайын 15000 млн. теңге, 2014 жылы – 20000 млн. теңге;»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 жылы ҚТҚЖБ жарғылық капиталын ұлғайтуға – 57000 млн. теңге, оның ішінде:
      6000 млн. теңге екінші деңгейдегі банктерде шарттастырылған депозиттер орналастыруға;
      26000 млн. теңге Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың тұрғын үй сатып алуы үшін жылына 4 % сыйақы ставкасы бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруге;
      25000 млн. теңге алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы ставкасын төмендетуге;»;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 8018,3 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы – 3800 млн. теңге, 2012 жылы – 1939,6 млн. теңге, 2013 жылы – 2278,7 млн. теңге;»;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

4.3 Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері


Өлшем бiрлiгi

Жауапты мемлекеттiк орган

2011

2012

2013

2014

Қаржыландырудың барлық көздерi есебiнен тұрғын үй салу

мың шаршы метр

ҚТКШIА, ЖАО

6 000

6050

6100

6150

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы кредиттiк тұрғын үй салу

мың шаршы метр

ҚТКШIА, ЖАО

45,7

313,0

312,5

105,1

Жалға берiлетiн тұрғын үй салу, оның ішінде:

мың шаршы метр

ҚТКШIА, ЖАО

138,6

136,4

300,0

430,0

әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін

мың шаршы метр

ҚТКШIА, ЖАО

138,6

136,4

150,0

280,0

сатып алу құқығымен жалға беруге жас отбасылар үшін

мың шаршы метр

ҚТКШIА, ЖАО



150,0

150,0

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ қатысумен тұрғын үй салу, оның ішінде:

мың шаршы метр

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

-


316,0

330,0

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен қолжетімді тұрғын салу

мың шаршы метр

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ



200,0

300,0

Ұлттық қордың қаражаты есебінен пилоттық жобаларды іске асыру

мың шаршы метр

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ



116,0

30,0

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым салу

км

ҚТКШIА, ЖАО

1017,2

2385

3000,0

3000,0

                                                                »;

      «Бағдарламаны іске асыру» деген 5-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Тұрғын үйге мұқтаж жас отбасылар үшін республикалық бюджет қаражатының есебінен әрбір облыста, Астана және Алматы қалаларында сатып алу құқығымен жалға берілетін мемлекеттік жалға берілетін пәтерлерді (үйлерді) жобалау және жыл сайын салу және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу көзделеді.
      Көрсетілген тұрғын үйлер жас отбасыларға кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалдау тетіктері бойынша беріледі.»;
      бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджет қаражаты есебінен:
      жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған азаматтар үшін жайлылығы 4-сыныпты;
      тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жас отбасылар үшін жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйлерді жобалау және салу жүргізілетін болады.
      Әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жас отбасылар үшін жайлылығы 4 сыныпты мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңгеден, қалған өңірлерде 80 мың теңгеден артық болмайды.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жас отбасылар үшін жайлылығы 3-сыныпты мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгеден, қалған өңірлерде 90 мың теңгеден артық болмайды.»;
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалға берілетін үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға арналған шығындар, салу құнынан асып кеткен жағдайда, ол жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.»;
      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы шеңберінде Алматы облысында Алматы қаласының серіктес қалаларын (G-4 City және «Алтын сай») салу және Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту көзделген. Оларда алдын ала, оның ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктер үшін жерді алып қою жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік қаржыландыру көзделіп отыр.»;
      «Жергілікті атқарушы органдардың және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қатысуымен тұрғын үй салу және сату» деген 5.1-кіші бөлімде:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй жайлылық деңгейі бойынша 3 немесе 4-сыныпты болуға тиіс»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «ЖАО құрылысты белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидатында жүзеге асырады не жеке құрылыс салушыдан тұрғын үйлерді сатып алады. Бұл орайда ЖАО мен ҚТҚЖБ арасындағы тұрғын үйді салу және сату жөніндегі шарттың талаптары сақталуға тиіс.»;
      «ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес кепілді қамтамасыз етуді ұсыну.» деген абзацтан кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Халыққа тұрғын үйді сатудың шекті бағасы таза әрленген жайлылығы 3-сыныпты тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгеден, Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 112,5 мың теңгеден, қалған өңірлерде 90 мың теңгеден аспайтын болады.
      Халыққа тұрғын үйді сатудың шекті бағасы таза әрленген жайлылығы 4-сыныпты тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңгеден, қалған өңірлерде 80 мың теңгеден аспайтын болады.»;
      «Тұрғын үй құрылысының құны жобалау-сметалық құжаттамамен және Мемлекеттік сараптамамен анықталатын болады.» деген бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Кредиттік тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға арналған шығындар салу құнынан асып кеткен жағдайда, ол жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы 5.1-1-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «5.1.1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алуды аяқтау үшін
      Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алуды аяқтау үшін ҚТҚЖБ-ның осы бағдарламаға қатысушыларға жылына 4 % сыйақы ставкасы бойынша 26000 млн. теңге сомасында алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруін жалғастыру қажет. Осы мақсатқа ҚТҚЖБ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға жұмсалатын қаражаттың бір бөлігі пайдаланылатын болады.»;
      «Тұрғын үйге қолжетімділікті жоғарылатудың және тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыруды жасаудың басқа бағыттары» деген 5.2.4-кіші бөлімде:
      алтыншы бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымайтын мүлік қорының пилоттық жобалардың құрылысын іске асыратын серіктестіктеріне қойылатын міндетті талаптар мынадай:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрылыс салушыда (инвесторда) ғимарат салу тәжірибесінің болуы (Астана қаласында кемінде 50 мың шаршы метр немесе басқа өңірлерде кемінде 15 шаршы метр);»;
      3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрылыс салушылардың (инвесторлардың) жобаға ақша қаражатымен қатысу үлесі құрылыс салушының (инвестордың) жер учаскесін кадастрлық құны бойынша сатып алуға және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсаған шығындарын қоса алғанда, жоба құнының кемінде 20 пайызынан кем болуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салушының (инвестордың) қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.»;
      тоғызыншы бөлік алынып тасталсын;
      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы алаңы 120 шаршы метрден артық болмауға тиіс.»;
      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны 2011 жылғы бағамен жайлылығы 3-ші сыныптағы тұрғын үй объектілерінде Астана қаласында 150 000 теңгеден және Шымкент қаласында 120 000 теңгеден аспайды.»;
      он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымайтын мүлік қорының пилоттық жобаларды іске асыруы 2013 – 2014 жылдары 146 мың шаршы метр, оның ішінде 2013 жылы – 116 мың шаршы метр, 2014 жылы – 30 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.»;
      мынадай мазмұндағы 5.3-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «5.3. Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен тұрғын үй салу және сату.
      «Жылжымайтын мүлік қоры арқылы тұрғын үй салу және сату тетіктері мынадай:
      1. Осы бағыт бойынша тұрғын үй салуды жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның меншікті қаражаты пайдаланылатын болады.
      2. Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері:
      2.1. Жеке құрылыс салушылардың (инвесторлардың) инвестициялық өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру.
      «Самұрық-Қазына» АҚ өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес жеке құрылыс салушылар (инвесторлар) ұсынған тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктейді.
      Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген ауыртпалықтан бос жер учаскесінің болуы;
      мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі – ЖСҚ) болуы;
      тұрғын үй жайлылығының сыныбы – ҚР ҚНжЕ бойынша III сыныптан жоғары емес. Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы алаңы 120 шаршы метрден артық болмауға, ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық үй-жайлар және машина орындары болуға тиіс. Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны 2012 жылғы бағамен Астана және Алматы қалалары мен қала маңы аймақтарында 150 000 теңгеден, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде 120 000 теңгеден аспайды. Кейінгі жылдары тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құны құрылысқа баға индексінің өзгеруін ескере отырып түзетілетін болады;
      құрылыс салушылардың жобаға ақша қаражатымен қатысу үлесі жер учаскесін (кадастрлық құны бойынша) сатып алуға және ЖСҚ әзірлеуге жұмсаған шығындарын қоса алғанда, жоба құнының кемінде 20 пайызынан кем болуға және объектінің құрылысын аяқтағанға дейінгі мерзімге тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілуге не қаржыландырудың расталған көздері болуға тиіс;
      бас мердігерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензиясының және басқа да рұқсат құжаттарының, өндірістік базасының, құрылыста кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;
      құрылыс салушыда немесе инвесторда кемінде 8 мың шаршы метр ғимарат салу тәжірибесінің болуы.
      Іріктеген кезде құрылыс салушының (инвестордың) қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.
      2.2. ЖАО-ның жер учаскесінде Жылжымайтын мүлік қорының жобаларды іске асыруы ЖАО Жылжымайтын мүлік қорына тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерін берген жағдайда Жылжымайтын мүлік қоры осы кіші бөлімнің 2-тармағының 2.1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй құрылысына арналған ЖСҚ әзірлейді және кейін жобаларды сатуға қатыстыру үшін жеке құрылыс салушыларды (инвесторларды) тартады.
      Құрылыс салушылардан (инвесторлардан) тиісті ұсыныстар түспеген кезде Жылжымайтын мүлік қоры әзірленген ЖСҚ-ға сәйкес жобаны өз бетімен сатады, осы жағдайда құрылыс компаниялары жобалардың мердігерлері ретінде тартылады.
      2.3. Нысаналы депозит арқылы жобаларды сату
      Құрылысты қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасау арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) нысаналы депозиттер орналастыруға құқылы, осыған сәйкес ЕДБ нысаналы салымның қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс салушыларға кредит береді. Бұл ретте нысаналы депозиттің шарты нысаналы депозиттің сомасын өтеу есебінен Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне объектілерді (үй-жайларды) өткізуді көздейтін болады.
      Нысаналы депозиттің сомасын өтеу есебінен Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне берілетін тұрғын үй осы кіші бөлімнің 2-тармағының 2.1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      Жылжымайтын мүлік қорының ЕДБ-ге нысаналы депозиттер орналастыру шарттары мен тәртібі Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес регламенттелетін болады.
      3. ЖАО жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін қажетті сыртқы инженерлік желілермен және сыртқы көше-жол инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етеді.
      4. Құрылыс аяқталғаннан және объектілер пайдалануға берілгеннен кейін үй-жай жобаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді.
      Сонымен бірге, құрылыс салушыға (инвесторға) жылжымайтын мүлік қоры қаржыландырған үй-жайды еркін бағамен сату құқығы берілуі мүмкін, бірақ жалпы алаңының 50 % артық болмайды, Жылжымайтын мүлік қорына үй-жайдың құны және тиісті шартты жасаған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың қолданыстағы ставкасынан кем емес мөлшерде сыйақы төленеді.
      Жылжымайтын мүлік қоры салынған инвестицияның сақталуы мен қайтарымдылығы қағидаттарын басшылыққа ала отырып, объекті құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.
      5. Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және коммерциялық үй-жайларын (машина орындарды) сатуды Жылжымайтын мүлік қоры (Жылжымайтын мүлік қорының аффинирленген компаниялары) сатып алу құқығымен жалға беру және тікелей сату арқылы, Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес оларға меншік құқығын ресімдегеннен кейін жүзеге асырады.
      Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін адамдарға басым құқық беру қағидатын сақтай отырып жүргізіледі.
      Жылжымайтын мүлік қоры (Жылжымайтын мүлік қорының аффилирленген компаниялары) мен жалдаушының арасында сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалады. Бұл ретте, сатып алу құқығымен жалдау шартында жалдаушының жеке меншігіне үй-жайды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы көзделеді.
      Жеке тұлғалар өздерінің тұрғын үйді сатып алу құқығын, оның ішінде бір реттен аспайтын сатып алу құқығымен жалдау шартында іске асыра алады.
      Жылжымайтын мүлік қорының сатып алу құқығымен тұрғын үй-жайларды сатуы 15 жылға жүзеге асырылады. Жалдау ақысының мөлшері құрылысты қаржыландыруға бөлінген қаражаттың қайтарылу және Жылжымайтын мүлік қорының қаржылық тұрақтылық қағидаттарын негізге ала отырып анықталады. Пәтердің (үй-жайдың) жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатудың базалық құны Жылжымайтын мүлік қоры алғашқы жылы сатқан кезде Қазақстан Республикасының өңірлерінде 144 000 теңгеден артық болмайды және Астана мен Алматы қалаларында және қала маңы аймақтарында 180 000 теңгеден артық болмайды. Кейінгі жылдары тікелей сатудың құны тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құнының өзгеруін ескере отырып нақтыланатын болады.
      Жалдаушы сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарты бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй-жайды жалдаушының жеке меншігіне беретін болады.»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімнің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлерді салуға, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамытуға, ҚТҚЖБ-ты қорландыруға, Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен тұрғын үй салуға, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға 488272,1 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы – 124747,6 млн. теңгені, 2012 жылы – 146217,8 млн. теңгені, 2013 жылы – 112306,7 млн. теңгені, 2014 жылы – 105000,0 млн. теңгені құрайды.»;
      «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 7-бөлімнің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 – 2014 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 1005 мың шаршы метр, оның ішінде 2011 жылы – 138,6 мың шаршы метр, 2012 жылы – 136,4 мың шаршы метр, 2013 жылы – 300 мың шаршы метр, 2014 жылы – 430 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынатын болады;»;
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 672 қаулысымен  
бекітілген   

Қазақстан Республикасындағы
тұрғын үй құрылысының 
2011 – 2014 жылдарға 
арналған бағдарламасына
1-қосымша       

8. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары

2010-2014 ЖЫЛДАРЫ КЕЗЕҢІНЕ АРНАЛҒАН ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Болжанатын шығыстар, млн. теңге

Қаржыландыру көздері

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру

2012-2014 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

80 842,7, оның ішінде:
2011 ж. – 8 776,9
2012 ж. – 2 413,4
2013 ж. – 652,4*

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2012-2015 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

130 500, оның ішінде:
2011 ж. – 10 900
2012 ж. – 34 600
2013 ж. – 35 000
2014 ж. – 50 000

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ҚТҚЖБ кредит беру

2013 жыл 1-тоқсан

ҚТКШІА, ҚТҚЖБ

2012 ж. – 12 200

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

ҚТҚЖБ жарғылық капиталын ұлғайту

2012 жыл 1-тоқсан

ҚТКШІА, ҚТҚЖБ

2011 ж. – 57 000

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері, оның ішінде

2012-2015 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

216 729,4, оның ішінде:
2011 ж. – 28 070,7
2012 ж. – 57 004,4
2013 ж. – 62 654,3*
2014 ж. – 60 000*

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу

2012-2015 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

191 270,0, оның ішінде:
2011 ж. – 20 270,7
2012 ж. – 51 000
2013 ж. – 60 000*
2014 ж. – 60 000*

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Алматы және Астана қалаларының серіктес қалаларын дамыту

2012-2014 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

16 458,7, оның ішінде
2011 ж. – 7 800
2012 ж. – 6 004,4
2013 ж. – 2 654,3*

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады