«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына пресс-релиз
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы қаулы жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарға енгізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар жауапкершілікті күшейтуді және жобаларды 2 сатылы сараптамадан өткізуді қарастырады: бірінші саты – өңірлерде, екінші – салалық министрліктер мен ведомстваларда. Жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу үшін іріктеу кезінде жобалар бойынша кешенді талдау жүргізіледі.
Аталған қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қарастырмайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды туындатпайды.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігі