Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 678 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығын қараңыз.


      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 15-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 678 қаулысымен   
бекітілген     

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан  өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының негізінде әзiрленді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізудің бiрыңғай тәртiбiн айқындайды.
      2. Машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу Мемлекеттік техникалық инспекцияның конструкциялары жол қозғалысының кауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында қолданылатын қауіпсіздік талаптарына, белгіленген стандарттарға, қағидаларға сәйкес болуы тиіс машиналардың техникалық жай-күйінің сәйкестігін бағалау жөніндегі қызметі.
      3. Жылына бір рет техникалық байқаудан өткізуге жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – иеленушілер) иелігіндегі және жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған машиналар жатады.
      Комбайндар да ауыл ауылшаруашылығы құрылымдарында, кәсiпорындарында, ұйымдарында, мекемелерде жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге жатады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды және қоршаған ортаның экологиялық жай-күйiне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi.

2. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу тәртiбi

      5. Жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана; аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша машиналарды техникалық байқаудан өткізу кестесін жасайды, онда машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу орны, мерзімдері және уақыты туралы мәліметтер болуы тиіс. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша жиынтық кестені облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Жергілікті атқарушы органның инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей машина иелерін машиналарды техникалық жай-күйін байқаудан өткізуге ұсыну мерзімдері, шарттары мен тәртібі туралы (жергілікті басылымда жариялай отырып) хабардар етеді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстары басталар алдында машиналардың нақты орналасқан жері бойынша және жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімде жүргізіледі.
      Машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу маусымдық жұмыстар басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын аяқталады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Заңды тұлғалар машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуге мыналарды ұсынады:
      1) маркасын және моделiн, шығарылған жылын, машинаның және қозғалтқыштың зауыттық нөмiрiн, сериясын және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiсінің нөмірін көрсетiп, теңгерімде тұрған машиналар тiзiмi;
      2) машинаға тiркеу құжатты (техникалық паспорт);
      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның мөрiмен расталған механикалық көлік құралдарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу aктici (2 дана);
      4) көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
      9. Жеке тұлғалар механикалық көлік құралдарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуге мыналарды ұсынады:
      1) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұлғаның мүддесiн білдіруге азаматтың өкілеттігін куәландыратын сенімхат (бар болса);
      3) машинаға тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
      4) көлiк құралдарына салық төленгенiн растайтын құжат не көлiк құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
      10. Машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді құрамында жергілікті атқарушы органның инженер-инспекторы – комиссия төрағасы, кәсіпорынның бас инженер-механигі мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері болатын комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына жоғарыда тұрған басқару органдарының, жөндеу-қызмет көрсету кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері, жергілікті атқарушы органның штаттан тыс инспекторлары қосылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Жеке және заңды тұлғалар өздерінің иелігіндегі машиналардың техникалық жай-күйін байқаудан өткізу үшін оларды белгiленген мерзімдерде және орынға әкеледі. Мемлекеттiк техникалық байқауға белгiленген мерзiмде әкелінбеген машиналар мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеді деп танылады, ал оларды пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысының ережелерiне (бұдан әрі – Жол қозғалысының ережелерi) сәйкес уақытша жол берілмейді.
      12. Инженер-инспектор машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізген кезде:
      1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, машина, шасси, қозғалтқыш, рама типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;
      2) машиналардың техникалық жай-күйін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын ұлттық стандарттарда, сертификаттарда, дайындаушы зауыттардың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында белгіленген адам өмірінің, денсаулығының және мүлкінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ Жол қозғалысы қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексереді. Тежегіш жүйенің, рөлмен басқарудың жұмысы, доңғалақтар мен шиналар, жарық және сигнал беру құралдары, тіркеу құрылғысы міндетті тексерілуге жатады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      13. Тiркеу деректерінде айырмашылықтар, машина мен қозғалтқыштың зауыттық нөмiрлерiнің, тіркеу құжатындағы мемлекеттiк нөмiрлік белгiлерiнің жалған екендігі анықталған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында белгiленген шаралар қолданылады.
      14. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін не жол қозғалысының қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қауіп төндіретін ақаулары бар машиналар ақаулы деп есептеледі және Жол қозғалысының ережелерiне сәйкес оларды пайдалануға тыйым салынады.
      15. Шығарылғанына үш жыл толмаған жаңа машиналарды техникалық байқаудан өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы үш жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйін тексермей жүргізіледі.
      16. Техникалық жай-күйі дайындаушы зауыттың нұсқаулығына, сондай-ақ осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық стандарттарға сәйкес келетін толығымен жинақталған машина жарамды деп есептеледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      17. Жеке тұлғалардың мемлекеттік техникалық байқаудан өткен машиналарына байқаудан өткізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу журналында «Ақаусыз» деген жазу жазылады және байқаудан өткізілген жылы көрсетіліп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Техникалық байқаудан өткені туралы талон беріледі, ол жергілікті атқарушы органның инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады. Талон кабинаның алдыңғы терезесінің оң жақ төменгі бұрышына (оның ішкі жағынан) бекітіледі.
      Талон жоғалған немесе зақымданған кезде жергілікті атқарушы органдар өтініш беруші жүгінгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде техникалық байқаудан өткені туралы талонның телнұсқасын береді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай, диагностикалық аспаптарды және басқа бақылау құралдары мен тәсiлдерiн пайдаланып тексерiледi. Тiркемелердiң жай-күйi поездың құрамында тексерiледi.
      19. Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген немесе техникалық байқаудан өткен, бiрақ қауiпсiз пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсіздігіне қауіп төндiретiн немесе экологиялық жағдайдың нашарлауына апаратын ақаулары бар машиналарды басқару фактілері анықталған кезде кiнәлi тұлғаларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес ықпал ету шаралары қолданады, ал мұндай машиналарды пайдалануға тыйым салынып, нөмiрлік белгiлерi алынады.
      20. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа аудандарға 2 айдан астам мерзімге шыққан машиналарды инженер-инспектор өзі белгiлеген мерзiмде олар уақытша есепке қойылған жер бойынша техникалық байқаудан өткізуге ұсынады.

3. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу
нәтижелерiн ресiмдеу

      21. Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу нәтижелерi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу актiсімен екі данада ресiмделедi. Бiрiншi дана заңды тұлғаның өкiлiне берiледi, ал екiншiсi анықталған кемшiлiктердi жою барысын бақылау үшiн тіркеу пункітінде қалады.
      22. Жеке тұлғалардың машиналарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес машиналарды техникалық байқаудан өткізу актілермен ресімделеді.
      23. Машиналардың жай-күйін мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің жиынтық қорытындыларын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жақсарту жөніндегі әзірленген іс-шаралар мен ұсыныстарды қоса беріп, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу құжаттары 3 жыл сақталады.

Тракторларды және олардың   
базасында жасалған өздiгiнен  
жүретiн шассилер мен      
механизмдердi, монтаждалған   
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi 
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылысы 
машиналары мен механизмдерiн,  
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы     
мемлекеттiк техникалық байқаудан 
өткiзу қағидаларына       
1-қосымша            

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау актiсі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20__ жылғы «___» ________

Мен, ________________________________________________________________
                   (жергілікті атқарушы орган атауы)
инженер-инспекторы __________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда)
                                 (бұдан әрі – аты-жөні)
_______________________________________________________________ бiрге
         (тексеруге қатысып отырғандардық, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
                    (заңды тұлғаның атауы)
теңгерімінде тұрған машиналардың техникалық жай-күйiне байқау
өткiздiм.
      Техникалық жай-күйiн байқау кезiнде төмендегiлер анықталды:
      1. Техникалық байқауға жалпы саны
_________ төмендегi машиналар ұсынылды:
(саны)

Р/с
№№

Машинаның атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Шығарушы зауыттың реттік нөмірі

Шығарылған жылы

Машинаның техникалық өткендiгi туралы қорытынды

Машинаның техникалық өткендігі туралы талонның нөмiрi немесе оны алып қою жөнiндегi белгi

машинаның (рамасының)

қозғалтқыштың

1

2

3

4

5

6

7

8

      Техникалық байқаудан _____________________________ машина өттi.
                                   (саны)
      Техникалық байқаудан ______________________ машина өтпедi, оның
                                   (саны)
iшiнде мына себептермен:
техникалық ақауы бар ________________________________________ бірлік;
                                   (саны)
күрделі жөндеуде ____________________________________________ бірлік;
                                   (саны)
конструкциясының нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес
келмеуінен ___________________________________________ бірлік өтпедi.
                                   (саны)
      2. ___________ машина техникалық жай-күйiн байқауға ұсынылмады:
           (саны)

Р/с
№№

Машинаның маркасы

Мемлекеттiк тiркеу белгiсi

Машиналарды мемлекеттік техникалық байқауға ұсынбау себептерi

Машиналардың техникалық байқаудан өткендiгi жөнiндегi талонды тапсырғандығы туралы белгi

1

2

3

4

5

Заңды тұлғаның басшысы ______________________________________________
                                    (қолы, аты-жөні)
Бухгалтер (немесе есеп жүргiзушi тұлға) _____________________________
                                              (қолы, аты-жөні)
Инженер-инспектор ___________________________________________________
                                    (қолы, аты-жөні)
Комиссия мүшелерi:
_____________________________________________________________________
                            (қолы, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
                            (қолы, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
                            (қолы, аты-жөні)

Машиналардың техникалық байқаудан өткендiгi жөнiндегi талондардың
(пайдалану үшiн рұқсатнаманың) _________ данасын заңды тұлғаның өкiлi
_______________________________________________________________ алды.
                        (қолы, аты-жөні)

Тракторларды және олардың базасында 
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнаулы 
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық, мелиорациялық және  
жол-құрылысы машиналары мен     
механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары арнайы машиналарды жыл   
сайынғы мемлекеттiк техникалық  
байқаудан өткiзу қағидаларына  
2-қосымша           

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуге қойылатын
талаптарды регламенттейтін нормативтiк-техникалық құжаттардың
тiзбесi

      1. Шығарушы-зауыттардың нұсқаулықтары.
      2. МЕМСТ 23181-78 «Автокөлiк құралдарының гидравликалық тежегiштерiнiң жетектерi. Жалпы техникалық талаптар».
      3. МЕМСТ 22895-77 «Автокөлiк құралдарының тежеу жүйелерi және тежегiштiк қасиеттерi. Тиiмдiлiк нормативтерi. Жалпы техникалық талаптар» (жалпы пайдаланылатын автожолдармен жүруге арналмаған автокөлiктер үшiн).
      4. МЕМСТ 4364-81 «Автокөлiк құралдарының пневматикалық тежеу жүйелерiнiң жетектерi. Жалпы техникалық талаптар».
      5. MEMCT 12.2.11-85 «Аспалы және тiркемелi ауыл шаруашылығы машиналары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары».
      6. МЕМСТ 12.2.019-86 «Тракторлар және өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық машиналары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары».
      7. МЕМСТ 28708-90 «Ауыл шаруашылығы жұмыстарын шағын механикаландырудың ұтқыр құралдары. Конструкцияға қойылатын жалпы қауiпсiздiк талаптары».
      8. МЕМСТ 12.2.120-88 «Өздiгiнен жүретiн жол-құрылыс машиналарының, бір бiлікті тартқыштарды, карьерлiк өзi аударғыштардың және өзiдiгiнен жүретiн ауылшаруашылық машиналары операторларының кабиналары және жұмыс орындары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары».
      9. МЕМСТ 19677-87 «Ауылшаруашылық тракторлары. Жалпы техникалық талаптар».
      10. МЕМСТ 18699-73 «Электр әйнек тазалағыштар. Техникалық талаптар».
      11. МЕМСТ 10000-75 «Трактордың тiркемелерi және жартылай тiркемелерi. Жалпы техникалық талаптар».
      12. МЕМСТ 3481-79 «Тракторлар және ауылшаруашылық жетек-жалғау құралдары. Тұрпаттары, негiзгi параметрлерi және өлшемдерi».
      13. 1999 жылғы 26 мамырдағы № 643 қаулымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелері».

Тракторларды және олардың базасында 
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнаулы 
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық, мелиорациялық және  
жол-құрылысы машиналары мен     
механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары арнайы машиналарды жыл   
сайынғы мемлекеттiк техникалық  
байқаудан өткiзу қағидаларына  
3-қосымша           

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу
ЖУРНАЛЫ

Р/с №№

Байқау жүргiзiлген күнi

Машинаның атауы және маркасы

Нөмiрлерi

нөмiрлiк тіркеу белгiсi

Иесiнiң (иеленушiнiң) Т.А.Ә.

Техникалық жай-күйi туралы қорытынды (ақаулы, ақаусыз)

Нөмiр белгiсiн және басқару куәлiгiн алу туралы белгi

Машина меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) қолы

шассидiң

қозғалтқыштың

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Тракторларды және олардың   
базасында жасалған өздiгiнен  
жүретiн шассилер мен      
механизмдердi, монтаждалған   
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi 
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылысы 
машиналары мен механизмдерiн,  
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы     
мемлекеттiк техникалық байқаудан 
өткiзу қағидаларына       
4-қосымша            

_________________________________
(машинаның мемлекеттiк нөмiрi) 
_________________________________
(облыстың атауы)        

Мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзу туралы талон
№ ________________________
(талонның)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

________________________________________________________ машиналардың
мемлекеттік тexникалық байқауынан өтті (өткiзу мерзiмi)           

Талонның артқы бетi

Машинаның маркасы және моделi _______________________________________
Жыл сайынғы салығы __________________________________________________
_______________________________________________________________ теңге
20__ жыл «___» № _________________________ түбiртек бойынша төленген.
Кезектi техникалық байқаудан 20__ жылғы ___________ өткiзу ұсынылады.
Инженер-инспектор ____________________________________   ____________
                    (жергілікті атқарушы орган атауы)       (қолы)
      Талон кабинаның алдыңғы әйнегiнiң (оның iшкi жағының) оң жақ
төменгi бұрышына жапсырылады және жаңа талон алғанша алынбайды.

Машиналардың мемлекеттік техникалық байқаудан өтуі туралы
талонның сипаты

      1. Талон бланкiлерi көлемi 7,5 x 10,5 см қатты қағаздан
жасалады.
      2. Талонның бет жағына:
      сол жақта - нөмiрлiк белгi және трактордың бейнесi;
      оң жақта - өңірдің атауы және шетiнде машинаны техникалық
тексеруге берген жылдың соңғы екi санын көрсетуге арналған көлемi 5 х
5,5 см орын.
      Олардың астына талонның реттiк нөмiрi мен техникалық тексеруден
өткен мерзiмi көрсетiледi.
      3. Талонның артқы жағында Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес
мәлiметтер көрсетiледi.

Тракторларды және олардың   
базасында жасалған өздiгiнен  
жүретiн шассилер мен      
механизмдердi, монтаждалған   
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi 
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылысы 
машиналары мен механизмдерiн,  
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы     
мемлекеттiк техникалық байқаудан 
өткiзу қағидаларына       
5-қосымша            

Машинаны пайдалану кезiндегi техникалық байқау актiсі
20__ жылғы «___» ___________

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мен, _____________________________________________ инженер-инспекторы
      (жергілікті атқарушы орган атауы, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
                (иесiнiң аты-жөні, толық мекенжайы)
_____________________________________________________________________
____________________________ машинасын техникалық байқаудан өткiздiм.
Маркасы _____________________________________________________________
Зауыттық № __________________________________________________________
Шығарылған жылы _____________________________________________________
Мемлекеттiк тiркеу белгiсi __________________________________________
Қозғалтқыштың № _____________________________________________________
__________________________________________________________ есепте тұр
           (жергілікті атқарушы орган атауы)

Техникалық ақауы байқалды

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қорытынды ___________________________________________________________
                               (ақаусыз, ақаулы)
_____________________________________________________________________
              (мемлекеттiк техникалық байқаудан өту
__________________________________ алынып, пайдалануға тыйым салынды.
жөнiндегi талоны, тiркеу белгiсi)
Инженер-инспектор ___________________________________________________
                                (қолы, аты-жөні, мөрi)
Актiнiң көшiрмесiн алдым
_____________________________________________________________________
                             (иесiнiң қолы)
Ақауын жойғаннан кейiн машинаны мына мекенжайға:
_____________________________________________________________________
(Техникалық жай-күйне байқау жүргізудің жылы, күнi, айы, мекенжайы)
осы актiнiң көшiрмесiмен бірге қайтадан мемлекеттік техникалық
тексеруге әкелуі қажет:
20__ жылғы «___» ___________________ қайта техникалық тексеруден өттi
Қорытынды ___________________________________________________________
                              (ақаусыз, ақаулы)
Инженер-инспектор ___________________________________________________
                              (қолы, аты-жөні)
Мемлекеттiк техникалық байқаудан өткендігі туралы (мемлекеттiк тiркеу
белгiсi) талонды (пайдалануға рұқсатнаманы) алдым ___________________
_____________________________________________________________________
                              (қолы, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады